Ескерткіштер |
Ақынның дүниеден өткеніне 30 жыл толуына орай 1975 жылы Ленинград көркемдік қорының мүсіншілері сұр граниттен жасаған. |
|
Абай мен Пушкин ескерткіші Петропавл қаласының орталығында орнатылған. Ескерткіш 2006 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін тойлау кезінде ашылды. |
|
1999 жылдың ақпан айында мұражайлар бірлестігінің бастамасымен Петропавлда А.С.Пушкин ескерткішін орнатуға қаражат жинау туралы жарияланды. Оған себеп – барлық уақыттар мен халықтардың ұлы ақындарының бірінің 200 жылдығы. Жергілікті билік жобаға материалдық жағынан қолдау көрсетті. Біздің бүгінгі күні көріп жүрген ескерткіштің нұсқасы бірден пайда болған жоқ. |
|
2010 жылы Жамбыл ауданының Пресновка селосында халық ақыны, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтардың азаттық күресіне қолбасшылық еткен Қожаберген жырауға арналған ескерткіш ашылды. |
|
Қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев жасаған Ебіней Бөкетовке арналған ескерткіш (бюст) ғалымның атымен аталған көше мен Брусиловский көшесін қосатын шағын бақта орнатылған. |