Халық ақыны Қожаберген жырау ескерткіші

3 сентября 2012 - Администратор

  2010 жылы Жамбыл ауданының Пресновка селосында халық ақыны, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтардың азаттық күресіне қолбасшылық еткен Қожаберген жырауға арналған ескерткіш ашылды.
. Қожаберген жырау өз дәуірінің жарқын өкілдерінің қатарында ел азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрестің бастауында тұрды. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында батырдың есімі ел тарихынан лайықты орын алды.
   Ескерткіштің ашылу салтанатының құрметті қонақтарының бірі белгілі қоғам қайраткері, ақын жерлесіміз Кәкімбек Салықов Қожаберген жыраудың ескерткішін Пресновкада орнату шешімі тектен-текке қабылданбағанын айтты. «Бұл ескерткіш Алматыда, Астанада немесе Петропавлда тұруы мүмкін еді, себебі жоңғарлармен күрес кезеңінде ұлттық гимнге айналған "Елім-ай" өлеңінің авторы Қожаберген жырау - халқымыздың мақтанышы. Бірақ ол осы жерде, Жамбыл ауданының аумағында дүниеге келген. Ескерткішке баратын жолды шөп басып кетпес деп сенемін. Пресновтықтар ескерткішті қонақтарға мақтанышпен көрсете алады».
   Көптеген қатысушыларға Жамбыл ауданында Қожаберген жыраудың ұрпақтары тұратыны қызықты жаңалық болды. Солардың бірі – Бектас Тырқаев облыс әкіміне: «Бізді ел Президентінің халықтың мәдени мұрасына қамқорлығының арқасында қазіргі ұрпақ біздің атақты бабамыздың өмірі мен қызметі туралы білетіні қуантады», - деп, алғысын білдірді

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий