«Абай мен Пушкин» мүсін композициясы
5 сентября 2012 - Администратор
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |
Персоналийлер
Абай мен Пушкин ескерткіші Петропавл қаласының орталығында орнатылған. Ескерткіш 2006 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнін тойлау кезінде ашылды.
– Олар түрлі кезеңдерде өмір сүрді, сондықтан, әрине, ешқашан кездескен емес, бірақ олардың рухани жағынан туыс екені анық. Абай Құнанбаев Пушкиннің көптеген шығармаларын ана тіліне аударды. Соның арқасында бүкіл қазақ даласы әйгілі Татьянаның Онегинге хатын халық әніндей жырлады. 2006 жыл Ресейдегі Абай жылы және Қазақстандағы Пушкин жылы болып жарияланды, осыған байланысты классиктердің өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылық тіпті артты. Мәскеуде де қазақ халқының ұлы ақынына арналған ескерткіш ашылды. Ресеймен іргелес орналасқан Петропавл қаласында екі халық арасындағы мәңгілік достықтың белгісі "Абай-Пушкин" мүсіндік композициясын орнату туралы шешім қабылданғаны қисынды. Осындай ескерткіш орнату идеясын Президент Нұрсұлтан Назарбаев та қолдады. Арнайы байқау ұйымдастырылып, байқауда мүсінші Қазбек Сатыбалдин, сәулетшілер Сұлтан Баймағамбетов пен Валерий Затай жеңіп шықты. Ескерткішті орнатататын жер де мұқият таңдалды, нәтижесінде ескерткіш Петропавл қаласының басты көшесінде, орталық мәдениет және демалыс саябағының жанында орнатылды.
Мүсінші Қазбек Сатыбалдин ақындарды аумақты өмір ағашының жанында тұрған кейіпте бейнеледі. Қола мүсіндер гранит тұғырға орнатылып, тасқа ақындардың есімдері жазылған. Артында жартылай шеңбер түрінде әсем ұстынтізбек, оның екі жағында классикалық стильде шамдар орнатылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі жеті жарым метрдей.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |