Фестивальдар — Литературная карта "жемчужина севера"

Фестивальдар

RSS-лента

     «Оқуқұмар Петропавл» - 2007 жылдың 1 маусым күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханасында өткен Қалалық оқу фестивалі осындай атаумен ашылды, фестиваль 1-6 маусым күндері Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесінің барлық қалалық кітапханаларында өтті. Петропавлдықтар Кітап пен Оқуға арналған түрлі шараларға қатыса алды. Өткізілген фестивальдің мақсаты – кітапты оқырманға жақындату, оның адам өміріндегі рөлін арттыру.

11 сентября 2012 - Администратор | Подробнее | 0 комментариев | 2723 просмотра

   2011 жылдың сәуір айында И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада Классикалық әдебиет фестивалі өтті. Фестиваль аясында ересектерге және балаларға арналған түрлі шаралар, жүздеген жылдар бойы оқырмандардың сарқылмас қызығушылығын тудырып жүрген кітаптар қойылған кітап көрмелері өткізілді.

11 сентября 2012 - Администратор | Подробнее | 0 комментариев | 1078 просмотров

2011 жылдың қараша айында Петропавлда Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған "Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған" атты бірінші республикалық өнер фестивалі бастау алды. 8 қараша күні байқау бағдарламасының басы ретінде С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада конференция өтті. Оған құрметті қонақтар – белгілі сазгерлер Ш.Әбілов пен Ж.Тұрсынбаев, жазушылар К.Салықов пен Р.Сейсенбаев қатысты.

11 сентября 2012 - Администратор | Подробнее | 0 комментариев | 2131 просмотр

   «Ашық жүрекпен кітапқа қол тигіз» оқу мерекесі. Мереке бағдарламасында:
   «Қолтаңбалар сөйлейді: оқырмандарымыздың жеке коллекциясынан» әдеби вернисажы; «Оқитын адам – еліктеуге үлгі» кітап көрмесінің тұсаукесері, көрмеде "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша алынған және т.б. кітаптар таныстырылады; «Баспасөз фестивалі»; «Қалың журналдар салоны»; «Кітап жаймасы».

11 сентября 2012 - Администратор | Подробнее | 0 комментариев | 989 просмотров

   12 шілде, Қала күні, Конституция көшесінде "Әдеби шатыр" тігіліп, "Мұқанов кітапханасының кітаби қазынасы" көрсетілді.
Бұл 2007 жылдың аяғына дейін өткізілген шаралардың бір бөлігі ғана, оларды біріктіруші буын – кітап.

11 сентября 2012 - Администратор | Подробнее | 0 комментариев | 1194 просмотра