12 шілде, Қала күні, Конституция көшесінде "Әдеби шатыр" тігіліп, "Мұқанов кітапханасының кітаби қазынасы" көрсетілді.
Бұл 2007 жылдың аяғына дейін өткізілген шаралардың бір бөлігі ғана, оларды біріктіруші буын – кітап.
Сонымен бірге Ұлттық академиялық кітапхана "Бір ел – бір кітап" акциясы туралы жариялады, оның мақсаты – оқуды ілгерілету бағдарламасын дамыту, оқу сауаттылығы мен мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау болып табылады. 7 сәуір бүкіл ел болып оқитын шығарманы таңдаудың нәтижесі жарияланады. "Бір ел – бір кітап" акциясы 2007 жылдың 24-30 қыркүйек аралығында өтеді. Сол аралықта көрмелер ұйымдастырылып, фильмдер көрсетіледі, оқу орындарында арнайы оқу курстары, еліміздің белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізіледі. Осы шаралардың барлығы Жыл кітабына арналады.