«Оқуқұмар Петропавл» қалалық оқу фестивалі
11 сентября 2012 - Администратор
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
![]() |
Добавить комментарий |
Персоналийлер
«Оқуқұмар Петропавл» - 2007 жылдың 1 маусым күні С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханасында өткен Қалалық оқу фестивалі осындай атаумен ашылды, фестиваль 1-6 маусым күндері Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесінің барлық қалалық кітапханаларында өтті. Петропавлдықтар Кітап пен Оқуға арналған түрлі шараларға қатыса алды. Өткізілген фестивальдің мақсаты – кітапты оқырманға жақындату, оның адам өміріндегі рөлін арттыру.
Фестивальдің ашылуына зиялы қауым, қала кітапханаларының қызметкерлері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ және колледждердің студенттері, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана жанындағы клубтардың мүшелері қатысты. Олар "Кітап – адам мәдениетін ең ұлы сақтаушы және үйретуші" көрмесімен танысты, көрмеге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінен, Мәскеу Үкіметінен сыйға берілген кітаптар, жаңа түскен кітаптар қойылды.
Фестивальді облыстық мәдениет басқармасының бөлім меңгерушісі Н.П.Пульникова ашты. Ол 2007 жылдың 18-19 сәуір күндері Астанада өткен Халықаралық оқу конгресі туралы, Кітап мерекелерін өткізе отырып, кітапханалардың қандай мақсаттарды көздейтіні жөнінде айтып берді.
Т.Ю.Чепухина – "Нұр Отан" ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Е.А.Шаталова - №1 гимназия мұғалімі, облыстық кітапхананың белсенді оқырманы Н.П.Гмызина қатысушыларға өз өмірлеріндегі кітаптың рөлі туралы айтып берді.
Одан кейін Фестиваль шараларының бірі – "Актер оқуды ілгерілететін интерпретатор ретінде" – қала театрлары: Н.Погодин атындағы орыс драма театры және С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерлерімен шығармашылық кездесу өтті.
Н.Погодин атындағы облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі В.Г.Шалаев театр мен кітап туралы сөз сөйледі. Виктор Григорьевич тек жақсы кітап қана адамды ойлауға үйрететінін атап өтті.
Театр актерлері И.Пашкина мен В.Клабуков Т.Уильямстың "Трамвай "Желание" спектаклінен үзінді көрсетті. Т.Афанасьева мен В.Клабуков В.Сологубтың "Беда от нежного сердца" спектаклінен үзінді орындады. Одан кейін Виктор Григорьевич Шалаев Б.Пастернактың өлеңдерінің бірі мен М.Горькийдің "Счастье" әңгімесін
мәнерлеп оқып берді.
Қазақ сазды-драма театрының шығармашылық жоспарларымен театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі, жас талантты ақын Болат Мамытбеков бөлісті. Ол М.Мақатаевтың "Балаларым, рақмет сендерге" өлеңін оқып берді. С.Ыбыраев пен Е.Шүкаров театр туралы өлең оқыды. Одан кейін театр актерлері К.Гальдонидің "Екі қожа, бір қызметші" спектаклінен үзінді көрсетті.
Қатысушыларды Оқу мерекесімен құттықтауға театр актрисасы Кенже Ақжолова да келді. Ол өз музыкалық шығармасын Кітап пен Оқуға арнады.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
![]() |
Добавить комментарий |