Шаймерденов Сафуан

19 июня 2012 - Администратор

 Шаймерденов Сафуан
(15.04.1922-2007)

   Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
   Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қарасты Амангелді ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
   1945 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, үздік бітірген.
   1943-49 жж. Солтүстік Қазақстан облыстық "Ленин туы" газетінде әдеби қызметкер, 1950-52 жж. "Лениншіл жас" газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі, 1952-55 жж. "Жұлдыз" журналының бөлім меңгерушісі, редакторының орынбасары, 1955-56 жж. "Қазақ әдебиеті" газеті редакторының орынбасары, 1956-60 жж. "Мәдениет және тұрмыс" журналының проза секциясының меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, 1961-63 жж. Қазақстан     Жазушылар одағының хатшысы, 1971-76 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің репертуарлық коллегиясының бас редакторы болып істеді. 1976 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысты.
   1953 жылы С.Шаймерденовтың "Болашаққа жол" атты алғашқы романы жарыққа шықты, орыс тілінде "Инеш" деген атпен жарық көрді. (1958ж.)
   1964 жылы "Мезгіл" повесі, балаларға арналған "Жанар мен Данар" кітабы (1965ж.) жарық көрді.
  1966 жылы «Знакомый сосед», 1967 жылы "Қарғаш" атты повестер мен әңгімелер жинағы шықты. Оның "Ағалардың алақаны", "Әдеби толқындар" атты шығармалары Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Шаймерденов драматург ретінде де танымал. Оның «Дөкей келе жатыр», «Марғау үні» және т.б. пьесалары бар. Пьесалары бірқатар облыстық және республикалық театр сахналарында қойылды.
   Үнді әдебиетінің классигі Р.Тагордың "Күйреу" романы (1958) мен Л.Н.Толстойдың "Альберт" повесін (1965) қазақ тіліне аударды.
"Отан", "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған. Петропавл қаласының құрметті азаматы.
Әдеби сыйлықтары
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, Б.Майлин атындағы сыйлықтың, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.

Естелік орындар
Алматы қаласында мемориалдық тақта орнатылған.

Библиография

Автордың шығармалары


Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

  • Нұрекешова Гүлсім Рахметбековна. С.Шаймерденов повестерінің көркемдік сипаты: Автореферат: 10.01.02.- А., 2009.- 24 бет.
  • Шимырбаева Г. Писатель и гражданин: [В Алматы открыта мемориальная доска народному писателю Казахстана Сафуану Шаймерденову]//
  • Негимов.С.Сөз зергері. // Солтүстік Қазақстан. - 2017. - 13сәуір. - 11 б.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий