Нұртазин Темірғали

19 июня 2012 - Администратор

 Нұртазин Темірғали
(29.12.1907 - 04.04.1977)

   Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Кенже ауылында дүниеге келген. Жазушы, сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1963), профессор, Петропавл қаласындағы медресені бітірген. 1927-29 ж. Төңкерей ауданының «Жаңатұрмыс» колхозында ұстаз, кейіннен колхоз төрағасы. Петропавл педагогикалық училищесін бітірген соң (1933) облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болған. Ленинград журналистика институтын бітірген соң (1935) Қарағанды облысының «Қарағанды пролетариаты» газетіне жұмысқа жіберіліп, 1937 жылы қудаланған, 1943 жылы КазПИ-де оқытушылық қызмет еткен.
   Алғашқы өлеңдер жинағы «Машинист» 1932 жылы жарық көрген. С. Мұқановтың (1953 ж. орыс тілінде, 1958 ж. қазақ тілінде шыққан), Б. Майлиннің шығармашылықтары туралы монографияның авторы. «Казахская советская литература» (1971) оқулығының авторы. «Сборник рассказов» (1953), «Мұрат» (1958), «Адам бекерге жасамайды» (1965), «Ауыл тынысы» (1973) кітаптары жарық көрген. А. Никольскаямен бірге М. Әуезовтің Абай романының 1-томын орыс тіліне, Н. Гогольдің «Тарас Бульба» повесін қазақ тіліне аударған (1951).


Библиография:


Нұртазин Т. Мұрат: Повесть-Алматы: Көркем әдебиет баспасы, 1958. 255 бет.
Нұртазин Т. Сөз құдіреті – Астана: Ер Дәулет, 2007. - 128 бет.
Нұртазин Т. Үлкен жолда. Алматы, 1978.
Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы, 1960.
Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. Алматы, 1966.
Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. Алматы, 1968.
Темірғали Нұртазин/ Солтүстік Қазақстан: Энциклопедия. – Алматы: «Арыс», 2006. – 450 бет.
Темірғали Нұртазин/ Мұхтар Әуезов. Энциклопедия: - Алматы: «Атамұра», 2011-468 бет.
Темірғали Нұртазин/ Қазақ әдебиеті: Энциклопедия- Алматы: «Аруна», 2005-402 бет.
Темірғали Нұртазин/ Қазақстан: Ұлттық энциклопедия: - 7 - том. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2005-93 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий