МҮСІРЕПОВ Ғабит Махмұтұлы

3 августа 2012 - Администратор

 МҮСІРЕПОВ Ғабит Махмұтұлы

(22.3.1902. - 31.12.1985)

    Белгілі қазақ жазушысы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда Қостанай облысының Пресногорьков ауданы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы) Жаңажол ауылында дүниеге келген.
     Ғ.Мүсірепов "Автобиографиялық әңгімесінде" былай деп жазады: «Ол күні жер де сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген».
 
Оқыған жылдары

 
     1908 – 1910 жж. ауыл мектебінде молладан білім алып, арабша сауатын ашқаннан кейін шығыс авторларының дастандары мен қиссаларын оқи алатын болды.
    1916-1918 жж. орыс мектебінде белгілі мұғалім Бекет Өтетілеуовтен білім алды.
    Бекеттің ықпалымен 1918 жылы Пресногорьков жоғары бастауыш училищесіне түсіп, оны 1921 жылы бітіріп шығады. «Мен бірақ, Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін әлі күнге дейін алғыспен еске алам. Орыс тілі, орыс әдебиетін ұғындыруда аса бір ұқыптылығы бар еді. Суффикс, флексияларға екі жыл бойы тілім келмей қойғанда, сол дөкір тілді еріксіз икемге келтірген түріне тілім келмесе де мағынасын терең ұғындыруға жанын салған оқытушыларымды алғыспен еске аламын».
1923-1926 жж. Орынбордағы рабфакта оқыды.
     Сәбит Мұқановтың "Өмір мектебі" кітабының көп беттері Ғабит Мүсіреповке арналған. «Бұл келген топтан рабфакқа Ғабит-ақ түсті, орысша жақсы білген ол рабфактың ІІ курсына алынды».                  
     1927 ж. Омбы қаласында Сібір ауыл шаруашылық академиясының бір курсын бітірді.
     Мектеп, жұмыс, кітаптар, елдің саяси өміріне араласу – Мүсіреповтің алғашқы мақаласына, алғашқы кітабына келген жолы осындай болды. Жас жазушы жұртшылыққа өзінің Қазақстандағы Азаматтық соғыс туралы шығармасы  мен пролетарлық әдебиет пен сынның міндеттері туралы әдебиет тақырыбына арналған алғашқы мақаласы арқылы танылды.
     Мүсірепов Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, Әуезов, Мұқанов сынды қазақ кеңес әдебиетінің іргетасын қалаушы "алыптардың қатарына" батыл кірді. Жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бәріне де – Сейфуллиннен Мүсіреповке дейін – барлық жанрда жұмыс істеуге тура келді. Олар бұл істі жан-тәнімен беріле атқарды.
     1928 жылдан – бас редактор, 1931 жылдан –Казгослитиздаттың меңгерушісі, 1934 жылдан – "Қазақ әдебиеті", "Социалистік Қазақстан" газеттерінің бас редакторы, кейін Қазақстан Компартиясының ОК-нің саяси ағартушылық жұмыстар секторының меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы өнер істері жөніндегі басқарма бастығы, "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
     Сонымен қатар 20-ғасырдың 30-шы жылдары сауатсыздарға арнап әліппе, 40-шы жылдары орта мектептер үшін оқулықтар мен құралдар жазды, 2 томдық "Қазақ театрының тарихы", 5 томдық " Ис­тория КазССР с древнейших вре­мен до наших дней", 6 томдық "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты ғылыми басылымдарды редакциялауға қатысты.
     Алғашқы «Тулаған толқында» (1926 ж.) повесі – азаматтық соғыс, революция азабын көрген адамдар туралы. Повесть Мүсіреповті жазушы ретінде танытты. Келесі жылдары ол "Қос шалқар" повесін жазды.
     Колхоз тақырыбына арналған «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдар» және т.б. әңгімелері мен повестерінде көркем тілмен колхоз құрылысы туралы нанымды баяндайды.
     Ғабит Мүсірепов алғашқылардың бірі болып Қазақстанда 30-шы жылдардың басында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды өткізудегі асыра сілтеушіліктер туралы айтты. "Бесеудің хаты" (1932ж.) мен партия жиналысында (1937) Бейімбет Майлинге араша түсіп "Бейімбет жау болса, мен де жаумын" деген сөзі үшін партиядан шығарылды (1938).
     Сәкен Сейфуллиннің "Қызыл ат" поэмасы мен Ғ.Мүсіреповтің "Шұғыла" атты өткір саяси әңгімесі қатар шықты. "Талпақ танау" әңгімесі жас Мүсірепов шығармашылығының ғана емес, отызыншы жылдардағы бүкіл қазақ прозасының тамаша жетістігіне айналды.
Ғабит Мүсірепов Чехов, Тургенев, Короленко және, әсіресе, М.Горький сияқты орыс классиктерінен үлгі алды. Горькийдің "Сказки об Италии" шығармасын аударғаннан кейін, Мүсірепов М.Горький сарынында Ана жайында жазылған алғашқы лирикалық-философиялық әңгімелерін жазды.
 
    1934 жылы ана тақырыбына жазылғанновеллалар циклі жарық көрді. Оларда реализм мен жарқын романтика үйлесім тапқан. Мүсіреповтің қаламынан туған Қапия, Ақлима, Нағима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
 
        
Мүсірепов - драматург

 
 Ғ.Мүсірепов ұлттық драматургияның іргетасын қалаушылардың бірі. 1934 жылы қазақ лиро-эпостық шығармасының негізінде "Қыз Жібек" музыкалық драмасын жазды, осы сюжетке құрылған опера (композиторы Б.Г.Брусиловский) қазақтың музыкалық мәдениетінің алтын қорына енді. "Қыз Жібек" драмасы 1936 жылы, қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі алғашқы онкүндігі кезінде астана сахнасында қойылды. Одан кейін республика театрларының сахналарында "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Амангелді", "Ақан сері мен Ақтоқты", «Қынаптан қылыш» (М.Әуезовпен бірлесе), «Майра», «Ұлпан», «Болашаққа аманат» және тағы басқа пьесалар қойыла бастады. Мүсірепов пьесаларының тілі, прозасының тілі сияқты, бейнелілігімен және оралымдылығымен ерекшеленеді. Оның сөздік қоры мол, алайда ол сөзді ретімен ғана қолданады: әрбір сөз нақты мағына беруі және көркем образ тудыру мақсатын арқалауы керек.
     Ол кинодраматургия саласында да аянбай еңбек етті. Ол 1936 жылы Всеволод Иванов пен Бейімбет Майлинмен бірлесе алғашқы қазақ көркем фильмі -  "Амангелді" фильмі үшін сценарий жазды. 1954 жылы Ғ.Мүсіреповтің сценарийі бойынша Алматы киностудиясы "Махаббат туралы дастан" көркем фильмін қойды, ал 1971 жылы "Қазақфильм" киностудиясында оның сценарийі бойынша екі бөлімді "Қыз Жібек" фильмі, 1977 жылы "Однажды и на всю жизнь" фильмі түсірілді.
 
Ғ.Мүсірепов шығармашылығындағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы

 
     Ұлы Отан соғысы жылдары Ғ.Мүсірепов қазақ халқының жауынгерлік және еңбектегі ерліктері туралы бірқатар әңгімелер мен очерктер жазды, бірнеше публицистикалық мақалалар мен М.А.Шолоховтың "Они сражались за Родину" романынан үзінді, К.Симоновтың "Русские люди" және т.б. аударды.
     Ғ.Мүсіреповтің Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармаларының ішінен Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловқа арналған "Қазақ  батыры" повесі кеңінен танымал. Кейін повесть толықтырылып, "Қазақ солдаты" деген романға айналды. 1948 жылы Қазақстанда басылып шыққаннан кейін бір жылдан соң орыс тіліне аударылды да, 1958 жылы Франция мен Бельгияда жарық көрді.
     Романның бас кейіпкерінің прототипі Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов.
«Қазақ солдаты» Мүсірепов үшін оның шоқтығы биік туындысы «Оянған өлке» романын жазуға жол салды. 1953 жылы романның бірінші кітабы жарық көрді. "Оянған өлке"  тарихи романында қазақ халқының 19-ғасырдағы өмірі үлкен өткірлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Көркем философиялық толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды.1984 жылы романның екінші кітабы жарық көрді.
    Роман-дилогияның орыс тіліне аудармасында негізінен Ғ.Мүсіреповке тән жазу стилі сақталды. Сондықтан бірінші кітап оқырман қауымның көңілінен шықты. "Оянған өлкенің" белгілі қазақстандық прозашы Морис Симашко аударған екінші кітабы да сәтті шықты. 1968 жылы  оның «Кездеспей кеткен бір бейне" атты әңгімелер мен повестер жинағы жарыққа шығып, 1970 жылы Абай атындағы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
 
     1976 жылы Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романын жазды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы — Ұлпан бейнесі,  ол — қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайыңдалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: "Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым — ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, т.т." деп жазады. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. 
     Ғ.Мүсірепов 1977 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болған " Суреткер парызы " (1970); "Заман және әдебиет" (1982 ж.),  «Дәуір дидары» (1986 ж.) жинақтарына енген әдеби-сын және публицистикалық еңбектердің авторы. Ол екі томдық "Қазақ театрының тарихы", бес томдық "Қазақ ССР-інің тарихы", алты томдық "Қазақ әдебиетінің тарихы"  еңбектерін құруға атсалысты, орта мектепке арналған оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.
 
Ғ.Мүсіреповтің қоғамдық қызметі

 
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов республиканың және бұрынғы КСРО-ның қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысты. Бірнеше рет КСРО-ның және Қазақ КСР-інің Жоғары Кеңесіне сайланды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы және КСРО Жазушылар одағының хатшысы болды. 1958 жылдан бастап – Ғылым Академиясының академигі. Үш мәрте Ленин орденімен, Октябрь революциясы орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, КСРО медальдарымен марапатталған.
     1974 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумы Мүсіреповке Социалистік Еңбек Ері атағын, ал 1984 жылы Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен "Қазақ КСР-інің халық жазушысы" атағы берілді.
     Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1985 жылы 31 желтоқсанда дүниеден өтті.
Ғ.М.Мүсірепов қоғамдық жұмыстарға көп уақытын жұмсады, Петропавл қаласы мен туған ауылы Жаңажолға жиі келіп тұрды. 1959 жылы оның тікелей басшылығымен облысымызда Қазақстан Жазушылар одағының Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Қостанай облыстарына қызмет көрсететін облысаралық бөлімшесі ашылды.
    Ғ.Мүсірепов Петропавл қаласының Құрметті азаматы, Петропавл қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы көше, №43 мектеп бар. 2002 жылы жазушының 100 жылдық мерейтойы күндері балалар мен жасөспірімдер кітапханасына Ғ.Мүсірепов есімі берілді, мемориалдық мұражай-бөлмесі ашылды. Ғ.Мүсірепов атындағы көшеде 2002 жылдың 14 шілдесінде Мүсіреповке арналған ескерткіш ашылды.
Қазақстан Республикасының 11.06.2002ж. №890 Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан болып өзгертілді.  
 
Жазушының негізгі шығармалары

 
Мүсірепов Ғ.     Суреткер парызы.- А: Жазушы, 1970.- 544 бет
Мүсірепов Ғабит.     Драмалық шығармалар.- А.: Өнер,1982.- 632 бет.: портр
Мүсірепов Ғабит.     Кездеспей кеткен бір бейне: [Поэма және әңгімелер].- А.: Жазушы, 1967.- 203 бет.
Мүсірепов Ғабит.     Көп томдық шығармалар жинағы /құраст. Ә. Нарымбетов.- А.: Жазушы, 2002- - 2- том: Повестер.-2002.-264 б.-ИСБН-5-605-01839-6, 3 000 дана.
Мүсірепов Ғабит.     Оянған өлке: роман.- А.: Қазмемкөркемәдеббас, 1953.- 503 бет.
Мүсірепов Ғабит.     Өмір жорығы: Әңгімелер.- А.: Жазушы, 2004.- 256 бет.
Мүсірепов Ғабит.     Таңдамалы: Үш томдық.- А.: Жазушы,1980 - - 3-ші том: Романдар және поэма.- 1980.- 583 бет., портр. - 60 000 дана
Мүсірепов Ғабит.     Таңдамалы әңгімелер.- Алматы:Мектеп, 1979.- 208 бет.: портр
Мүсірепов Ғабит.     Таңдамалы шығармалар: Үш томдық.-А.: Қазмемкөркемәдеббас, 1955- - 3 - ші том: Әңгімелер пьесалар. - 1956. - 510 бет.
Мүсірепов Ғабит.     Ұлпан: Роман.- А.: Раритет, 2006.-256 бет.-(Қазақ прозасы қазынасынан)
Мүсірепов Ғабит.     Ұлпан: повесть және әңгімелер.- А.: Жазушы, 1975.- 280 бет.
Мүсірепов Ғабит.     Шығармалар жинағы: 5-томдық.- А.: Жазушы, 1972- - 1-ші том: Повестер мен әңгімелер.- 1972.-528 бет. - 12 000 дана
Мүсірепов Ғабит.     Шығармалар жинағы: Бес томдық.- А.: Жазушы, 1973 - - 2-ші том: Пьесалар. - 1973. - 587 бет. -12 000 дана
Мүсірепов Ғабит.     Шығармалар жинағы: Бес томдық.- А.: Жазушы, 1973 - - 3-ші том: Оянған өлке:Роман. - 1974. -483 бет. - 12 000 дана
Мусрепов Габит Махмудович.     Избранные произведения:   В 2 т.: Пер. с каз. / Вступ. ст. Г. Ломидзе; Худож. В.   Горячев.- М.: Худож. лит, 1982- - Т. 1: Пробужденный   край: Роман; Однажды и на всю жизнь: Повесть- 543 с.,                     
Мусрепов Габит Махмудович.     Избранные произведения:          В 2-х т.- М.: Художественная литература, 1982 - Т. 2.Рассказы.- 560 с.- Содерж.: Романы: Солдат из Казахстана; Улпан ее имя; Рассказы.
Мусрепов Габит Махмудович.     Мужество матери:Рассказы.- А.: Казгосиздат, 1958.- 110 с. 
Мусрепов Габит Махмудович.     Поэма о любви (Козы Корпеш и Баян Слу): Трагедия в 4 действиях, 6 картинах                     / Авториз. пер. с каз. А. Дроздова.- А.: Казгослитиздат, 1957.- 479 с.
Мусрепов Габит Махмудович.     Пробужденный край: Роман: Авториз. пер. с каз. / Вступ. ст. Г. Ломидзе.-                     А.: Жазушы, 1985- - Кн. 1 / Пер. Н. Гордеевой, В.   Дубинцева.- 1985.- 446 с., портр
Мусрепов Габит Махмудович.     Пробужденный край. Роман.- А.: Казгосиздат, 1962.- 528 с.      
Мусрепов Габит Махмудович.     Пробужденный край: Роман                     / Авториз. пер. с каз. Н. Годеевой, В. Дудинцева;       Предисл. Ш. Елеукенова; Худож. Д. Мухин.- М.: Худож.        лит, 1977.- 464 с.: ил.
Мусрепов Габит Махмудович.     Рассказы разных лет Пер. с каз.- А.: Жазушы, 1979.- 335 с.
Мусрепов Габит Махмудович.     Солдат из Казахстана:   Повесть / Авториз. пер. с каз. С. Злобина; Вступ. ст.   З. Крахмальниковой; Худож. Н. Иваноа.- А.: Жазушы, 1979.- 207 с.: ил.
Мусрепов Габит Махмудович.     Улпан ее имя: роман;          Однажды и на всю жизнь: повесть / авториз. пер. с каз. А. Белянинова.- А.: Жазушы, 1982.- 368 с.
Мусрепов Габит Махмудович.     Черты эпохи: Статьи и    речи / Сост.А.Нарымбетов.- Алма-Ата: Жазушы, 1986.- 416    стр.: портр.
Мусрепов Габит.     Улпан ее имя: роман, повести и рассказы.- Астана: Аударма, 2011.- 568 с.-(Библиотека   Казахской Литературы)  
Библиография

  
Ғабит Мүсірепов. Данадан қалған рухани дүние. Хаттар ойлар нақыл сөздер. Петропавл 2012 ж.=Габит Мусрепов. Духовный мир, завещанный гением: Письма, мысли, афоризмы.-Петропавловск: Северный Казахстан, 2012 .-242 с.
  200-летие со дня рождения М.Утемисова и 100-летие со дня рождения писателя и драматурга Г.Мусрепова внесены в календарь памятных и юбилейных дат ЮНЕСКО на 2002-2003 годы// Казахстанская правда.-2001.-1 декабря
  О перечне юбилеев и памятных дат, проводимых на республиканском уровне в 2001-2002 годах: Постановление Правительства РК//САПРК и ПРК.-2001.0№4.-С.141
  О подготовке и проведении 100-летнего юбилея со дня рождения Габита Мусрепова//Официальная газета.-2002.- 2февраля
  Указом Президента Республики Казахстан от 11 июня 2002 г. №890 Целинный район переименован в район им.Габита Мусрепова «О переименовании Целинного района Северо-Казахстанской области в район имени Габита Мусрепова. Указ Президента Республики Казахстан//САПП РК.-2002.-№17. Ст.179
 
  Абенова Г. Романтику советской эпохи /Габит Мусрепов/ //Экспресс.-27 марта.-С.5
  Широкий экран: /Кинопоказ к 100-летию Г.Мусрепова/ //Северный Казахстан.-2002.-29 января
  Споемте, друзья! /Фестиваль самодеятельного творчества посвящается 100-летию Г.Мусрепова/ //Северный Казахстан.-2002.- 5 февраля
  Конкурс в честь великого земляка: /Конкурс учитель года к 100-летию Г.Мусрепова/ //Трибуна.-2002.-22 февраля
  Звени, домбра: /Концерт, посвященный 100-летию Г.Мусрепова/ //Трибуна.-2002.-22 февраля
 
Даутова С. Натянутая струна драматизма: /Драматургия Г.Мусрепова/ //Мысль.-2002.-№2.-С.68
Долгополова С.Р. Новое прочтение Габита Мусрепова: Казахская литература в казахской школе.-2002.-№6.-С.34-38
Лыжина Л. Все о Габите: /К 100-летию Г. Мусрепова, школа № 43/ //Северный Казахстан.-2002.-8 февраля
Пресняков С. Влюбленный в свой край сыновней любовью: /К 100-летию Г.Мусрепова/ //Северный Казахстан.-2002.-8 февраля
Кангожин М. Незабываемые мгновения: /100-летию Г.Мусрепова/ //Северный Казахстан.-2002.-12 февраля
Нурганлиева А. Однажды и на всю жизнь /100-летию Г.Мусрепова/ //Северный Казахстан.-28 февраля
Рисс И. Незабываемые встречи/100-летию Г.Мусрепова/ //Северный Казахстан.-2002.- 22 февраля
Будет бюст Габита:/в Петропавловске/ //Северный Казахстан.-2002.-19 февраля
Милехина Л. Юбилей года:100 лет Г.Мусрепову //Северный Казахстан.-2002.-4 января.-С.8
Омаров К. Великан казахской литературы: /100 летию Г.Мусрепова/ //Северный Казахстан.-2001.-7декабря
Мелехин М. Земляк, писатель, человек: /100лет Г.Мусрепову/ //Трибуна.-2002.-4 января
Исиналиев М. Набит и Габиден: /Щтрихи к портрету великих аксакалов Мусрепова и Мустафина/ //Новое поколение,-1996.-(№25).-июнь.-С.7
Шимырбаева Г.Мусрепова и кино//Казахстанская правда.-22 марта.-С.4
Абенова Г. Романтику советской эпохи – 100 лет/Габит Мусрепов/ //Экспресс.- 2002.-27 марта
Байжанова А. Встречи на родине Габита Мусрепова /Петропавловск/ //Казахстанская правда.-2002.-6 апреля
Муканова Г. Устами художника вещает эпоха /1 100-летию Г.Мусрепова/ //Мысль.-2002.-№4.-С.58
Муканова Г. Писатель большого мужества: Г.Мусрепов//Нива.-2002.-№5.-С.38-41
Жантемиров А. И помог писатель родному аулу : (Г.Мусрепов) // Северный Казахстан.-2002.-24 мая
Айкенов Ж. Мои встречи с Г.Мусреповым //Северный Казахстан.-2002.-17 мая
Конкурс в честь великого земляка: Конкур «Учитель года» к 100-летию Г.Мусрепова//Трибуна.-2002.-22 февраля
Махмутов Е. Память сердца – Елтинжал: Г.Мусрепов//Северный Казахстан.-2002.-12 декабря
Мусрепов Г. Автобиографический рассказ // Трибуна.-2002.-7 июня
Ермуканов М. Вся жизнь – это чудесный миг: (Г.Мусрепов) //Трибуна.-2002.-22марта.
Мусрепов Г.       Тысячи приветов от дружеского сердца // Северный Казахстан.-2002.-19 марта
Незабываемая встреча : (Г.Мусрепов ) //Северный Казахстан.-2002.-22 марта
Ермуканов М. Слова , живущие в веках //Трибуна.-29 марта
Шестериков В. Слово, щемящее сердце : (Г.Мусрепов) //2002.-22 мартаМусрепов Г. Буранная ночь //Северный Казахстан.-2002.-22 марта
«Я был сыном своей степи: (Г.Мусрепов) //Северный Казахстан.-2002.-14 июня
 Будет бюст Габита // Северный Казахстан.-2002.-19 февраля
В гости к Габиту : (Поход на родину Г.Мусрепова в с. Жанажол) //Северный Казахстан.-2002.-7 июня
 Пресняков С. Влюбленный в свой край сыновней любовью //Северный Казахстан.-2002.-8 февраля
Лыжина Л. Все о Габите //Северный Казахстан.-2002.-2 августа
Байжанова А. Встречи на родине Габита Мусрепова //Казахстанская правда.-2002.-6 апреля
Г.Мусрепову посвящается //Северный Казахстан.-2002.-12 марта
Звени , домбра : (Г.Мусрепов) //Трибуна.-2002.-22 февр.
Мелехин М. Земляк, писатель, человек //Трибуна.-2002.-4 января
Имя писателя – району : (Г.Мусрепов) //Северный Казахстан.-2002.-1 февраля
Ровенский Н. К 100-летию со дня рождения Г.Мусрепова // Русский язык и литература в казахской школе.- 2002.-№2.-с.1
Кордон Есенея : (Г.Мусрепов) // Северный Казахстан.-2002.-11июня
Шимырбаева Г. Мусрепов и кино // Казахстанская правда.-2002.-22 марта
Натянутая струна драматизма //Мысль .-2002.-№2.-с.68-70  
Жирнова В. Нашему земляку посвящается //Северный Казахстан.-2002.-22 марта     
Незабываемые встречи // Северный Казахстан.-2002.-22февраля   
Памяти Г.Мусрепова //Северный Казахстан.-2002.-11 января 
Муканова Г. Писатель большого мужества : (Г.Мусрепов) //Северный Казахстан.-2002.-14 июня
Кузнецова Е. Праздник творчества : (Петропавловск. 10 республиканский фестиваль, посвященный 100-летию Г.Мусрепова) //Казахстанская правда.-2002.-15 октября
Шашкова Л. Самое дорогое в дружбе: (Г.Мусрепов) //Казахстанская правда.-2002.-1 июня
Батырбекова Р. Спасибо , мастер слова : (Г.Мусрепов) //Мысль.-2002.-№5.-с.53 
Гвоздева В.И. Суд совести :(Г.Мусрепов) // Русский язык и литература в казахской школе.-2002.-№3
Муканова Г. Устами художника вещает эпоха : (Г.Мусрепов) //Мысль.-№4.-с.58 
Грибанова Е., Письмо, определившее судьбу: Письмо Г.Мусрепова, М.Гатаулина, М.Давлетгалиева, Е.Алтынбекова, К.Куанышева / Е. Грибанова//Казахстанская правда.- 2005.-31 мая.
Даутова, С., В водовороте времени / С. Даутова//Мысль.- 2006.- №11-12.-С.87-92.
Жулий Л.И., "Созвучие слов моих пускай пленяет времена...": Литературная гостиная / Л.И. Жулий//Внеклассная работа в школе.- 2007.- №8.-С.32-35.
Канапьянов Б., Вровень с веком: [Интервью с Габитом Мусреповым] / Б. Канапьянов//Казахстанская правда.- 2008.- 11 апреля.-С.12-13.
Классик казахской литературы: [Литературная композиция, посвященная Г.Мусрепову]//Внеклассная работа в школе.- 2007.- №6.-С.23-29.
Малдыбаев Ш., Чистый родник: Воспоминания о Г.Мусрепове / Ш. Малдыбаев//Сев.Казахстан.- 2004.-8нояб.(N133).-С.6.
Муканов К., Птенцы одного гнезда: Г. Мусрепов, С. Муканов и И. Шухов / К. Муканов//Сев. Казахстан.- 2006.- 19 мая.-С.5.
Муканова Г., Рожденный в год барса: Габит Мусрепов / Г. Муканова//Северный Казахстан.- 2007.- 22 марта.-С.8.
Мухамедьярова Р., Поздняя любовь, трудная любовь: Г.Мусрепов / Р. Мухамедьярова//Астана.- 2008.- №4.-С.72.
"Наверное, был буран, и все сидели в юрте..."//Северный Казахстан: 2010.- 1 января.-С.
Оразалы С., Последний сардар из когорты гигантов: [ Г.Мусрепов ] / С. Оразалы//Казахстанская правда.- 2007.- 22 июня.-С.10-11.
Письмо шести: Кто и о чем писал Иосифу Сталину: Письмо Г.Мусрепова, М.Гатаулина, М.Давлетгалиева, О.Жандосова//Аргументы и факты.- 2009.- №4.-С.3.
Сугирбаева М., Единственная: ( роман в письмах и комментариях Г.Мусрепова к актрисе Р.Мухамедьяровой / М. Сугирбаева//Страна и мир.- 2009.- 9 марта.-С.11.
Шестериков В., Слово, щемящее сердце: [Г.Мусрепов] / В. Шестериков//Северный Казахстан.- 2002.- 22 марта.
Шимырбаева Г., Единственная: Поздняя любовь классика Г.Мусрепова / Г. Шимырбаева//Байтерек.- 2008.- №4.-С.46.
Шимырбаева Г., Роман недописанный память хранит: [документальный фильм С.Азимова "Поздняя любовь классика", построенный на письмах Г.Мусрепова к Раисе Мухамедьяровой] / Г. Шимырбаева//Казахстанская правда.- 2008.- 2 июля.-С.7.
Елеукенов Ш. Слово о Габите// Казахстанская правда.-2012.-30 марта.-С.15
Исиналиев М. Габит и Габиден: Мусрепов и Мустафин//Казахстанская правда.-2012.-30 марта.-С.14
Мустафин Б. Постижение высоты: о Г.Мусрепове//Казахстанская правда.-2012.-30 марта.-С.15
Нуртасина Н. Вся его жизнь – чудесный миг: литературно-музыкальный вечер, посвященный Г.Мусрепову в ДЮБ им.Г.Мусрепова//Северный Казахстан.-19 апреля.-С.
«Родился в ночь Наурыза»: 110 лет со дня рождения Г.Мусрепова//Северный Казахстан.-2012.-21 марта.-С.3
Сугирбаева М. Круг жизни Габита Мусрепова: 22 марта Г.Мусрепову 110 лет//Страна и мир.-2012.-№12-13.-С.21
Кайырбеков А. Жемчужная звезда Габита/беседа с директором Государственного литературно-мемориального музейного комплекса Габита Мусрепова и Сабита Муканова//Байтерек.-2012.-№3-4.-С.92-99.
Нуртасина Н.     Вся его жизнь - чудесный миг:         литературно-музыкальный вечер, посвященный Г.Мусрепову          в ДЮБ им.Г.Мусрепова// Северный Казахстан.- 2012.- 19    апреля.-С.6

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий