Мұқанов Сәбит Мұқанұлы

3 августа 2012 - Администратор

       Көптеген жазушылар әдебиеттің бір жанрына ғана қалам сілтейді. Ал Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті.

     Дана Жамбыл жазушының түр-тұлғасына қарап қана емес, оның әдебиет майданындағы зор еңбегін де ескере отырып, Сәбитті "Балуан Шолақ" деп атаған. С.Мұқанов – қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ол С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов сияқты майталмандардың қатарынан орын алады.
     Қазақстанда жазушы Сәбит Мұқановтың есімін білмейтін адам жоқ. Сәбит Мұқанов 1990 жылдың 26 сәуірінде (ескі стиль бойынша 13 сәуір) Петропавл уезінің Таузар болысы Ақмола губерниясында Жаманшұбар деген жерде (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Сәбит ауылы) шағын Дос көлінің жағасында орналасқан кедей ауылда, малшы батырақтың отбасында туған.
  
Сәбиттің балалық шағы

             "Өмір мектебі" трилогиясында Мұқанов өзінің отбасы, туған жері туралы толық баяндайды:  «Шіркін, Дос, балалардың шын досы едің-ау сен!... Балалық шақта сенің жағаңда өткізген сол бір қызық күндер күні бүгінге дейін көз алдымда нақ сол бейнелерімен жарқырайды да тұрады!... Сол бір күндер есіме түскенде, мен сені аса аңсап сағынам, Досым!..."». Ата-баба жеріне, ана тіліне деген сүйіспеншілік – С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығында басты орын алады.
     Жеті жасында әкесінен айрылып, бір жылдан кейін анасы дүние салады. Сәбит жетім қалады. 1918 жылға дейін байлардың малайы болады. 8 жасынан ауыл молдасынан оқып, хат таниды.
     Бала кезінде көрген жетімдігі оның өмірлік тәжірибесін байытады. Он бес жасынан бастап ол өлең жаза бастайды. Сәбитке халық ақындары қатты әсер еткен, бірде бала Сәбиттің қолына Абайдың 1909 жылы жарық көрген өлеңдер жинағы түседі. Сол кезден бастап ол ақын болуды армандайды. Сәбиттің алғашқы өлеңін қашан жазғанын айту қиын. Ол суырып салма қабілеті бар бала ақын болатын. Жас кезінен айтыстарға қатысып, ауыл кештерінде көңілді, әзіл өлеңдер құрастыратын.
 
Оқыған жылдары. Шығармашылық жолының басы

 
     Жазушының саналы шығармашылығының басы тарихи оқиға - Октябрь революциясына қатысты. Қазақ зиялы қауымының ілгерішіл көзқарасты өкілдері Ш.Төлегенов пен Х.Махметовпен қарым-қатынасы оның әдеби және саяси танымын кеңейтті.
     1918-19 жылдары ол Омбыда мұғалімдер курсында оқыды, оны бітіріп шыққаннан кейін ауылда мұғалім болып жұмыс істеді.  
     Өз замандастары қатарлы Сәбит те үнемі қоғамдық оқиғалардың қайнаған ортасында болып, жаңа өмірді қолдады. Оның бұл кезеңі Петропавл қаласына байланысты.
     1919-22 – Қазақстандағы Азаматтық соғысқа қатысты, Ақмола губерниясының Мемлекеттік басқарма комитетінің төтенше әскери бөлімі жауынгері болды, РКП (б) Петропавл губерния комитетінде нұсқаушы болып істеді.
      1922-26 жж.  С.Мұқанов Орынбордағы жұмысшылар факультетінде оқыды. Сол жерде Сәкен Сейфуллинмен кездеседі.  Сәкен досына нақты шешім қабылдап, кәсіби жазушылыққа бет бұруға көмектеседі. 25 жасында С.Мұқанов бірқатар қазақстандық облыстық газет-журналдардың редакторы, ал 1926-27 жж. Петропавлда шығатын "Бостандық туы" және "Кеңес ауылы" газеттерінің жауапты хатшысы болды.
     Мұқанов шығармашылық қызметін ақын ретінде бастады. Ақынның революциядан кейін бірден жазылған алғашқы туындыларында (“Жалшының зары”, “Шығар күнді”, “Батырақ” поэмасы) надандық пен ауыл қараңғылығынан босаған халық арманы жырланады. Кедейліктің салдарынан білім ала алмағанына өкініш білдірген ақын, жастарды оқуға шақырады.           
     Жазушының сол жылдары жазған көптеген өлеңдерінің кейіпкері – кедей Шоқпыттың жинақталған бейнесі.
     Мұқановтың алғашқы жинағы 1926 жылы жарыққа шықты. Одан кейінгі жылдары "Батырақ", "Жетім қыз", "Октябрь өткелдері" жинақтары шықты.
     "Батырақтан "кейінгі екі жылдық жұмысының нәтижесі өлең түрінде жазылған “Сұлушаш”романы болды. Бұл роман 1928 жылы жеке кітап болып басылып шығып, автордың да, бүкіл қазақ поэзиясының да маңызды жетістігіне айналды. Ақын Н.Сидоренконың аудармасы – ең үздік аудармалардың бірі. 1949 жылғы басылымында "Өлеңмен жазылған повесть " деп аталған. Романның сюжеті әлеуметтік келеңсіздіктер мен феодалдық салт-дәстүрдің құрбаны болған Алтай мен Сұлушаштың қайғылы махаббаты туралы халық аңызы негізінде құрылған. Алтай - батырақ, атақты байдың қызы Сұлушашты сүйеді, алайда олардың арасында әлеуметтік теңсіздік шыңырауы бар.
     1930 жылы С.Мұқанов Мәскеуге тіл институтына оқуға жіберіліп, 1931 жылы Мәскеудегі Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне ауысады. Институтты бітіргеннен кейін 1936 жылы Алматыға оралып, 1951 жылға дейін аздаған үзіліспен Қазақстанның кеңес жазушылары одағы басқармасының төрағасы болады да, 1951 жылдан еркін шығармашылық жұмысқа бет алады.
     30-жылдары С.Мұқанов шығармаларының тақырыбын кеңейтіп, поэмаларына халық еңбегі тақырыбын арқау етеді.
     1936 жылы челюскин жорығына арнап жазған "Ақ аю" поэмасы жарық көреді. Поэманың негізгі шиеленісі – адам мен табиғат. Арктиканың мұз құрсауына оранған челюскиндықтар сұрапыл апатпен күресіп, табандылық танытады. Кезінде поэма табиғатты бағындыру мен оған деген сүйіспеншілік идеясын насихаттай отырып, кеңінен танымал болды.
 
Жазушы Ұлы Отан соғысы жылдарында

 
   Ұлы Отан соғысы жылдарында оның поэзиясы фашизмнің айуандығын әшкерелеп, жаумен күрескен халық ерлігін асқақтатты. Соғыс лирикасы туралы айта отырып, “ “Майданға хат”, “Халық батыры Амантай”, “Фашизмнің ажалы” сияқты өлеңдеріне тоқталуға болады.
     30-шы жылдары С.Мұқанов прозаға ден қойды. 1935 жылдан 1956 жылға дейін Мұқанов “Теміртас”, “Есіл”, “Ботагөз”, “Өмір мектебі” (екі кітап), ”Сырдария” (1948 ж.), “Тыңдағы толқындар” романдарын, “Достар”, “Балуан Шолақ” (1942 жылы шықты да, кейін өңделіп, "Таңдамалы шығармалардың" 6 томына енгізілді), “Бақташының баласы” повестерін, “Бәйге”,  “Дайыр Тасыбеков”, “Екі күн”, “Алтын бала” және т.б. әңгімелер жазды.
     Мұқанов шығармашылығына бір ерекшелік тән – ол өмірдің ортасында болуға, материалды өмірден алуға тырысты. Сондықтан әлсіз шығармаларының өзінде де ақиқат өмірдің үзігі бар.
     "Теміртас" романы 1935 жылы "Бірінші кітаптың соңы" деген белгімен жарық көрді. Роман оқиғалардың бастапқы даму кезеңін ғана суреттейді, көп кейіпкерлері толық сипатталмайды, сондықтан романның көлеміне қарамастан аяқталған шығарма деп қарастыруға болмайды.
    1938 жылы жарық көрген "Есіл" романын тақырыбы жағынан "Теміртас" романына пролог деп санауға болады, бірақ ол да аяқталмаған, романда азаматтық соғыс кезеңі суреттеледі.
    Мұқановтың алғашқы ірі эпостық шығармасы – "Адасқандар" романы бірінші рет 1931-1935 жж. шықты. 1935 жылы романның орыс тіліне аудармасы "Сын бая" деген атпен жарық көрді.
     20 жылдан кейін Мұқанов кітабына қайта оралды.
      Келесі шығармасы – "Ботагөз" романы – автордың ірі шығармашылық жетістігі болды. Материал жинау кезеңін қоса алғанда, романды жазуға он бес жыл жұмсады. Материалдарды жинауға 1923 жылы кірісті.
       Тікелей роман бойынша автор 1935 жылдың басынан 1938 жылдың қыркүйек айына дейін – төрт жылдай жұмыс істеді. Кітап алғаш рет 1938 жылдың аяғында "Жұмбақ жалау" деген атпен жарық көрді, кейін 1957 жылы "Ботагөз" деген атпен шықты. 1946 жылы роман Алматыда орыс тілінде басылып, 1949 жылы Мәскеуде қайта басылып шықты.
     "Ботагөз" романының сюжеті жағдайға байланысты қосыла алмай, бірақ бір-біріне шексіз адал қыз бен жігіт туралы халық поэмаларының сюжетіне ұқсас.
      "Ботагөз" романы Мұқанов шығармашылығына ғана емес, 30-шы жылдардағы тұтас қазақ әдебиетінде де елеулі орын алады.
     Қазақ прозасындағы маңызды шығармалардың бірі – Мұқановтың "Сырдария" романы. Романның бірінші басылымы 1948 жылы жарық көрді, орыс тілінде Л.Соболевтің аударуымен 1951 жылы "Знамя" журналында басылып шықты.
     С.Мұқановтың шоқтығы биік шығармасы – "Өмір мектебі" трилогиясы, бұл шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл оның 30 жылын сарп еткен қорытынды шығармасы болды. Роман жеке новеллалар түрінде 1930 жылы басылып шықты, ал 1941 жылы Алматыда "Өмір мектебі" повесінің бірінші кітабы қазақ тілінде жарыққа шықты. Кітап орыс тілінде (В.Шкловскийдің қысқаша аудармасы) 1947 жылы Мәскеуде шықты. 1952 жылы сол томын И.Шухов орыс тіліне аударды, бірақ "Школа жизни" деп аталып, кейінірек бұл аударма "Школа жизни" трилогиясының бірінші томына – балалық шағы туралы кітапқа айналды. Трилогияның екінші томы  жазушының жастық шағына, үшінші томы – "Есею жылдары" (1966 ж.) 30-шы жылдардың ортасына дейінгі өмірін қамтиды.
     1968 жылы С.Мұқановтың "Өмір мектебі" трилогиясы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
 
Мұқанов – драматург

 
      С.Мұқановтың поэзиялық және прозалық шығармаларына талдау жасай отырып, оның драматургия мен сын саласындағы туындыларына тоқтамай кету мүмкін емес. 1955 жылы С.Мұқанов "Шоқан Уәлиханов" (1955 ж.) тарихи драмасын жазды. Бүгінгі күнге дейін республика театрларының сахналарынан түспей жүрген пьеса дамып келе жатқан қазақ драматургиясының жетістігі болды. Мұқановтың келесі сахналық туындысы "Сәкен Сейфуллин" пьесасының да айы оңынан туды. Автор театр репертуарына тарихи шындыққа негізделген шығармалар ұсынып қана қоймай, қазақ әдебиетінің көркем галереясын Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллиннің шебер жасалған образдарымен толықтырды.
     "Шоқан Уәлиханов" пьесасы Шкловскийдің аударуымен "Нить Ариадны" деген атаумен 1945 жылы Мәскеуде басылып шықты.
     Келесі жылдары автор пьесаны қайта жазып, 1955 жылы қазақ тілінде басып шығарды. Жазушы қазақтан шыққан бірінші ғалым, ағартушы, демократ – Шоқан Уәлихановтың өмірбаянын, әдеби және қоғамдық қызметін жиырма жыл егжей-тегжейлі зерттеді. Ол Қазақстан көлемінде ғана емес, бүкіл Ресей көлемінде де танымал қайраткер болды.
С.Мұқановтың пьесасында Шоқан Уәлиханов қазақ халқын ілгерілетуге, орыс және әлем әдебиетіне жанастыруға, экономикалық, саяси, рухани өрлетуге талпынған ірі қоғам қайраткері ретінде бейнеленген.
     1955 жылы пьеса Қазақстанның бірқатар облыстық театрларының сахналарында қойылды. 1957 жылы Қазақ КСР-інің Мәдениет министрлігі бірінші рет драма театрларының республикалық байқауын өткізді. "Шоқан Уәлиханов" тарихи драмасының қойылымы үшін Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театры 1 дәрежелі дипломға ие болды. Еңбегі сіңген әртіс А.П.Рогальский Қазақ КСР-інің халық әртісі атағына, А.П.Александрова – республикамыздың еңбегі сіңген әртісі атағына ие болды.
      Спектакль көптеген жылдар бойы театр афишасының сәніне айналды. Отыз жылдай уақыт өткеннен кейін, 1986 жылы Семей сазды-драма театрының бас режиссері Е.Обаев Погодин атындағы облыстық драма театрының сахнасында "Шоқан Уәлиханов" спектаклін қойды.
     Пьеса Петропавлда ғана емес, жазушының туған жері Сәбит ауылында да, Мәскеуде, Иванов қаласында, Карабихада өткен Некрасов оқуларында да сәтті өтті.
     Біздің театрымыздың сахнасында С.Мұқановтың "Светлая память", "Ботагөз", "Қашғар қызы" сияқты туындылары қойылды. Жазушы театр ұжымымен жиі кездесіп тұратын.
     Сәбит Мұқанов үнемі өз халқының тарихи даму кезеңдері, дүние жүзі тарихынан алатын орны мен маңызы сияқты мәселелерге қызығушылық танытқан. Көптеген жылдар бойы Мұқанов қазақ ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін зерттеумен айналысты. Шоқан Уәлихановтың шығармашылығын ғылыми тұрғыдан зерттегені үшін Қазақ КСР-і Ғылым академиясының академигі С.Мұқанов Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықпен марапатталды. 1967 жылы және өмірінің соңына дейін жазушы Шоқан Уәлихановқа арналған "Аққан жұлдыз" роман-дилогиясын жазумен айналысты. 1-ші кітабында (1967 ж.) Шоқанның дүниеге келуі, оның балалық шағы, Омбыдағы Кадет корпусында оқығаны жөнінде, 2-ші кітабында (1970 ж.) – Шоқанның генерал-губернатор Гасфорттың адъютанты болып қызмет кеткен кезі мен ағартушылық-демократиялық қызметі туралы баяндайды. Роман аяқталмай қалды.
 
Тың жерлерді игеру жылдары

 
   С.Мұқанов үнемі халықтың ортасында болып, оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісетін. Ол жиі республиканың шалғай түкпірлеріне барып тұратын. Оның очерктері Қарағанды шахтерлеріне, мал өсірушілерге, тың игерушілерге, ғылым мен өнер қызметкерлеріне арналған.
   Мұқановтың еңбек адамдары туралы очерктері көлемді "Саяхаттар" атты кітабын құрады. Мұқановтың әдеби қызметінің өте маңызды бір ерекшелігі бар: ол үнемі алдыңғы шепте болды, жаңа тақырыптарға қалам сілтеді. Осылайша, Қазақстанда тың жерлерді игеру тақырыбын алғаш болып тілге тиек еткен де Сәбит Мұқанов болатын. Мұқановтың тың игерушілер туралы көптеген очерктері республикалық газет-журналдарда жарияланып, жеке кітап болып та басылып шықты. (“Туған жердің тыңында”, 1955 ж. , т.б.)
     С.Мұқановтың публицистикалық шығармалары (“Тыңда тұнған байлық” (1957). “Алыптың адымдары” (1959) атты жинақтарға енді.
     1969 жылдың 14 қаңтарында жерлесіміз Владимир Александрович Шаталов басқарған "Союз-4" ғарыш кемесі орбитаға шығарылды. Ғарышкер 1927 жылы 8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген. Жазушы осы оқиғаға байланысты «Шаталов – менің жерлесім» өлеңін жазды.  
 
Мұқанов – қоғам қайраткері

        
     Сәбит Мұқанов республикамыздың жазушылар ұйымын құруға және нығайтуға көп үлес қосты, бірнеше жыл қатарынан Қазақстанның Жазушылар одағын басқарды, ал 1934 жылдан ҚСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болды. Ол республикамыздағы әдебиеттану ғылымын бастаушылардың бірі болды, қазақ совет әдебиетінің көптомдық тарихын құрастыруға белсенді атсалысты. Ол қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қалыптасуына айтарлықтай ықпал еткен бес жүзден астам мақалалардың, монографиялардың авторы.
    С.Мұқанов қоғамдық жұмыспен көп айналысты, Кеңестік әлемді қорғау комитетінің мүшесі болды, бірнеше рет Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Жазушының қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаға ие болды. С.Мұқанов екі Ленин орденімен, екі Еңбек Қызыл ту орденімен және "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды. Оның "Өмір мектебі" трилогиясы 1968 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
     Жазушы 1973 жылы 18 сәуірде Алматыда дүние салды.
 
С.Мұқанов туған жерінде, Солтүстік Қазақстанда

 
    Солтүстік Қазақстан облысы – Сәбит Мұқановтың туған жері.
     Ол өзінің туған өлкесін сүйді, жерлестерімен байланысын үзбеді, туған өлкесіне жиі келіп тұрды. Сәбит Мұқанов Қазақ КСР-інің Жоғары Кеңесіне Солтүстік Қазақстанның атынан депутат болып сайланды. 1966 жылы Қалалық Кеңес атқару комитетінің 04.11.1966ж. №776 шешімімен ерен еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін жазушы Сәбит Мұқановқа "Петропавл қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.
     Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1973 жылдың 29 мамырындағы "С.Мұқановты мәңгі есте сақтау туралы" қаулысы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасын, Петропавл қаласындағы №32 мектепті, Жамбыл ауданының "Майбалық" астық кеңшарын С.Мұқанов атымен атау туралы шешім қабылданды.
   1973 жылы Петропавл қалалық еңбекшілер депутаттарының Кеңесі атқарушы комитетінің“Облыстық кітапхана жанында Сәбит Мұқанов бюстін орнату туралы" шешімі қабылданды.1990 жылы жазушының 90 жылдығына орай Мир және С.Мұқанов көшелерінің қиылысында шағын бақ ашылып, Сәбит Мұқановтың қола мүсіні орнатылды. 1996 жылы қараша айында мүсін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың жанына көшірілді. 1973 жылы Петропавл қалалық еңбекшілер депутаттарының Кеңесі атқарушы комитетінің 23.05.1973ж. "Карағанды көшесінің атауын Сәбит Мұқанов көшесі деп өзгерту туралы" Шешімі қабылданды. 1975 жылы ҚКП Солтүстік Қазақстан обкомы, облыстық атқару комитеті бюросының  30.12.75ж. "С.Мұқановқа Жамбыл ауданында, туған жерінде ескерткіш орнату туралы" қаулысы қабылданды.
    2000 жылдың 13 маусым күні қазақ әдебиетінің көрнекті шебері С.Мұқановтың 100 жылдығына арналған шаралар өтті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  шараның ең құрметті қонағы болды. Осы күндері Президенттің қатысуымен қазақ сазды-драма театрының ашылу салтанаты өтті. Солтүстік Қазақстан облыстық сазды-драма театрына Сәбит Мұқанов есімі берілді.
 
Қазақ КСР ғылым академиясының академигі, жазушы Сәбит Мұқанов өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

 
26.04.1900 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында (қазіргі Сәбит Мұқанов ЖШС) белгілі қазақ жазушысы Сәбит Мұқанұлы Мұқанов дүниеге келді.  
1918-19 жж.      
Омбыда мұғалімдер курсында оқыды
1919-1922   
Қазақстанда Азаматтық соғысқа қатысты, төтенше әскери бөлім жауынгері болды, РКП (б) Петропавл губерния комитетінде нұсқаушы болып істеді
1922-1926 жж.
Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыды
1926 ж.
С.Мұқановтың алғашқы өлеңдер жинағы шықты
1926-1927 жж.
Петропавл қаласында "Бостандық туы", "Кеңес ауылы" газеттерінің жауапты хатшысы
1928 ж.      
Филология факультетінде оқыды
1928 ж.      
 Өлең түрінде жазылған алғашқы "Сұлушаш" романы жарық көрді
1930 ж.      
Мәскеуде тіл және ой институтында оқыды
1931-1936 жж
Мәскеуде Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне ауысып, оқыды
1935 ж.  
Қызыл провессура институтын бітірді
1935 ж.     
"Теміртас" романы жарыққа шықты
1936 1951
аздаған үзіліспен Қазақстанның кеңес жазушылары одағы басқармасының төрағасы болады
1936-1937, 1943-1951 жж. 
Қазақстанның жазушылар одағы басқармасының төрағасы
1937-1941     
ҚазПИ-да профессорлық қызмет атқарды
1937 ж.     
"Есіл" романын шығарды
1947 ж.      
“Сырдария”:роман
1951 ж.           
Еркін шығармашылықпен айналысты
1953 ж. 
"Шоқан Уәлиханов" драмалық шығармасы, “Шоқан Уәлиханов”: драма-либреттосы
1954 ж.
Қазақ КСР-інің ҒА академигі болып сайланды
1954 ж.      
“Саяхаттар” жинағы
1958 ж.          
“Қашғар қызы” драмасы
1959 ж.
“Алыптың адымдары” очерктер кітабы
1960 ж.         
Жазушы С.Мұқановты Ленин орденімен марапаттау туралы: КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығы // Простор.-1960.-№ 6.-3 б.
1930-1960 жж
”Өмір мектебі”,1-2 кітап, 1955,  3-кітап. 1964
1964 ж.      
“Сәкен Сейфуллин” пьесасы
1966 ж.        
Қалалық кеңес атқарушы комитетінің 04.11.66ж. №776 шешімімен "Петропавл қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді
1967 ж.     
"Аққан жұлдыз" дилогиясының 1-ші кітабы
1970 ж.      
"Аққан жұлдыз" дилогиясының 2-ші кітабы
1967 ж.          
Ш.Уәлиханов пен Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы "Жарқын жұлдыздар" еңбегі үшін Қазақ КСР ҒА-ның  Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты.
1967 ж.         
"Өмір мектебі" трилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді
1968 ж.       
С.Мұқановқа Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері атағы берілді
1970 ж.       
Жазушы С.Мұқановты Ленин орденімен марапаттау туралы: КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығы //Казахстанская правда.-1970.-5 маусым
1971 ж.       
 
“Жазушы С.Мұқанов пен Ж.Молдағалиевті Солтүстік Қазақстан облыстық атқарушы комитетінің грамотасымен марапаттау туралы”: Солтүстік Қазақстан облыстық депутаттар кеңесі атқарушы комитетінің 9.06.71ж. шешімі Абайдың 125 жылдық мерейтойын өткізгені үшін
1973 жылы  18 сәуірде 
Сәбит Мұқанов Алматыда қайтыс болды
1973 ж. 29 мамыр   
 
 
Ужазушы, академик С.М.Мұқановты мәңгі есте қалдыру (“С.Мұқановты мәңгі есте қалдыру туралы”: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 29.05.73ж. Қаулысы) Солтүстік Қазақстан областық кітапханасына, Петропавл қаласындағы №32 мектепке, Жамбыл ауданының "Майбалық" астық кеңшарына С.Мұқанов есімі берілді
1972-1980 жж
16 томдық таңдамалы шығармалары басылып шықты Алма-Ата:Жазушы,1972-1980 (қазақ тілінде)
1973 ж. 
 
Петропавл қалалық еңбекшілер депутаттарының Кеңесі атқарушы комитетінің 23.05.1973ж. "Карағанды көшесінің атауын Сәбит Мұқанов көшесі деп өзгерту туралы" Шешімі
 
-"Халық мұрасы" этнографиялық еңбегі
-1975 жылы ҚКП Солтүстік Қазақстан обкомы, облыстық атқару комитеті бюросының  30.12.75ж. "С.Мұқановқа Жамбыл ауданында, туған жерінде ескерткіш орнату туралы" қаулысы
 
-1999-2000 жылдар аралығындағы кезеңде өткізілетін мерейтойлар тізімі туралы: ҚР Үкіметінің 31.03.99ж. Қаулысы [Сәбит Мұқанов. 100 жылдығы. 2000 ж. сәуір] // ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағы-1999.-№ 11.-95 б.
2000ж         
7 сәуір
 
 
Солтүстік Қазақстан облыстық сазды-драма театрына Сәбит Мұқанов есімі берілді
 
 
С.Мұқановтың қазақ және орыс тілдеріндегі негізгі шығармалары

 Библиография

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары: «С. Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман»: 24-27 сәуір.-Петропавл:[Баспасыз], 2000—1-том.-178 бет.
  • Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары: «С. Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман»: 24-27 сәуір.-Петропавл:[Баспасыз], 2000—2-том.-245 бет.
  • Сәбеңді еске алғанда; Әдеби альманах.-Петропавл: [Баспасыз], 2000.-160 бет.
  • Ахмет Күләш Садыққызы. Сәбит Мұқанов – ғұлама ғалым: монография/әл-Фараби атындағы ҚҰУ.-Алматы: Білім, 2010.-392 бет.
  • Исавева Әлия Исақызы. М.С.Мұқановтың еңбектеріндегі қазақ этнографиясының және тарихының мәселелері: Автореферат: 07.00.07.-А.,2005.-24 бет.
  • Кәкішұлы Тұрсынбек. Сәбен әлемі.-А.:Қазақақпарат, 2000.-272 бет.
  • Кәкішұлы Тұрсынбек. Сәбит Мұқанов: Әдеби-ғылыми ғұмырнама.-Астана: Фолиант, 2009.-352 бет.-(Нартұлға)
  • Мұқанова Мәриям. Сағынышым – Сәбитім.-А.:Өлке, 2000.-104 бет.
  • Сұлтангалиева Рита Бекжановна. С. Мұқанов романдарындағы диалог қолдану ерекшелігі («Ботагөз», «Сырдария», «Аққан жұлдыз» романдары бойынша): Автореферат: 10.01.02.-А., 2009.-24 бет. 
  • Муканов Сабит Муканович //Казахская ССР: Краткая энциклопедия.- Т.4-Алма-Ата, 1991.-С.393
  • Муканов Сабит Муканович// БСЭ.-Т.17.- М., 1974.-С.104.-Т.17
  • Муканов Сабит Муканович// КСЭ.-8.- Алма-Ата, 1976.- С.203-206
  • Муканов Сабит// Произведения писателей Казахстана на языках народов мира: библиограф.указатель, Алма-Ата,1989.-С.84-87
  • Муканов Марат Сабитович Сын народа: Этюды из жизни Сабита Муканова.-А.: Казахстан, 2000.-176 с.
  • Абельманов Е. Сын своего народа/ Е.Абельманов//Проспект СК.-2010.-7 мая.-С.14
  • Абильмажинова Б. Наш Сабит Муканов//Северный Казахстан.-2010.-28 января
  • Алтайский К. Батыр с пером в руке: Муканов С.//Казахстанская правда.-1970.-29 мая
  • Алыкпашев С.Школа жизни: Муканов С.//Трибуна.-2000.-11 февраля
  • Брагин А. Сакен и Сабит (1917-1987)// Казахстанская правда.-1987.-6 ноября
  • Аманкельдин З. Мукановские чтения. Фоторепортаж: [Джамбылский район с/з им.С.Муканова]//Ленинское знамя.-1988.-18 августа
  • Анафин Е. В ауле земляка: Муканов С.//Казахстанская правда.-1970.-29 мая
  • Анов Н. Спасибо вам, Сабит-ага//Казахстанская правда.-1970.-29 мая
  • Аржавина И.А. Вводные слова и предложения в 8 классе: Муканов С.//Русский язык и литература в школе.-2000.-№4.-С.46-48
  • Аяган Б. Тоталитаризм в духовной сфере: Муканов Сабит Школа жизни: в 3-х кн.; Авториз.пер.с каз./Рахманов.-А.: Жазушы, 1965.-Кн3. Годы возмужания: Повесть/Пер.А.Брагина.-1966.-431 с.
  • Благодарная память народа: Муканов С. в живописи//Мысль.-2000.-№4(вкладыш)
  • Большая орбита СКГУ: Муканов С. // Северный Казахстан.-2000.-24 марта
  • Брагин А. Сакен и Сабит: Муканов С.// Казастанская правда.-1987.-6 ноября
  • Брагин А. Щедрое сердце: Муканов С.//Казахстанская правда.-1980.-4 июня
  • Буланова Ф.З. Педагогические идеи Сабита Муканова: Автореф.дис.канд.пед.наук/ Каз.гос.ун-т мировых языков.-Алматы, 1994.-26 с.
  • Бурик Н. Воспевший людей родного края/Н.Бурик//Проспект СК.-2010.-4 июня.-С.15
  • В библиотеке его имени: о встрече с петропавловцами любителями литературы в ОУНБ им.С.Муканова//Ленинское знамя.-1990.-22 июня.-С.1
  • Впервые на сцене русского театра: / О постановке в 1957 г. пьесы С.Муканова “Чокан Валиханов” в Петропавловске// Ленинское знамя.-1986.- 13 ноября
  • Габдуров И. Автобиографические рассказы С.Муканова//Казахстанская правда.-1953.-27 мая
  • Гаврилова И. В честь писателя-земляка Муканова// Трбуна.-2000.- 31 марта
  • Григорьев С. Праздник на родине Сабита//Ленинское знамя.-1990.-26 июня
  • Джелбулдин Е. Содружество талантов: Муканов С.// Северный Казахстан.-2000.-17 марта
  • Домбровский Ю.Творческая память: Муканов С.//Литературная газета.-1960.-15 ноября
  • Донцова В., Новикова А. По самой трудной из дорог: [О праздновании 90-летия С.Муканова в с.Сабит]//Целинник.-1990.-30 июня
  • Дюжая Л. Военный корреспондент Сабит Муканов/ Л.Дюжая//Северный Казахстан.-2010.-6 марта.-С.11
  • Ермуканов М. Неисследованные страницы Муканова: в ОУНБ им.С.Муканова прошли Мукановские чтения//Панорама недели.-2007.-27апреля.-С.2
  • Ермуканов М. Праздник на земле воспетой Сабитом: мероприятия, посвященные 110-летию со дня рождения писателя Сабита Муканова в ауле Сабит Жамбылского района/М.Ермуканов//Северный Казахстан.-2010.-12 августа
  • Ермуканов М.М. Типическое в автобиографическом романе С.Муканова «Школа жизни»//Известия АН КазССР. Серия филологическая.-1987.-№4.-С.21-26
  • Жамбылова, С. Ұлылық сыры: Жамбыл мен Сәбит [Мәтін] / С. Жамбылова // Egemen Qazaqstan. – 2021. – 5 ақпан (№25). - Б. 11
  • Жумабаев С. Три незабываемых мгновения: Встречи с Сабитом Мукановым/С.Жумабаев//Казахстанская правда.-2010.-5 мая.-С.8
  • Жунусова А.И. Роман С.Муканова «Детство» в 7 классе//Русский язык и литература в казахской школе.-2000.-№4.-41-46
  • Залкманов И. Добрый друг молодежи: Муканов в педучилище//Ленинское знамя.-1960.-2 августа
  • Захаров С. Живая память о писателе: Муканов С.//Северный Казахстан.-2000.-18 февраля
  • Зябликова Н.И. Спасибо, Сабит Муканов!/Н.И.Зябликова//Проспект СК.-2010.-16 апреля.-С.9
  • Из переписки двух писателей: Муканов С.//Казахстанская правда.-1980.-6 июня
  • Ильин И. Герой эпопеи - Чокан Валиханов: [К 80-летию со дня рождения Сабита Муканова]//Ленинское знамя.-1980.-29 апреля
  • Исиналиев М. Сабит Муканов// Новое поколение.-1996.-2-9 мая.-С.11
  • Ергубеков К.С. Творческая история С.Муканова “Светлая любовь”: Автореф.дис.канд.филол.наук: 10.01.02.-Алма-Ата, 1991.-23 с.
  • Ильин И. Герой эпопеи - Чокан Валиханов// Простор.-1977.-№ 5.-С.119-120(О романе С.Муканова “Промелькнувший метеор”)
  • Иманбаева, А. Хаттар сыры / А. Иманбаева // Мәдениет. - 2015. - №5.- Б.17-18.
  • Исиналиев М. Сабит Муканов: [Штрихи к портрету великий аксакалов// Новое поколение.-1996.-№ 17.-С.10
  • Кайырбеков А. Уроки Сабита: Муканов С.//Нива.-2000.-№3.-С.81-82
  • Какишев Т. Глашатай эпохи: [К 90-летию со дня рождения С.Муканов]//Казахстанская правда.-1990.-19 июня
  • Кангожин М. Незабываемое имя:[К 90-летию Сабита Муканова]//Ленинское знамя.-1990.-20 июня
  • Қирабаев, С. Сәбит Мұқанов [Мәтін] / С. Қирабаев// Ana tili. – 2019.- 10-16 қазан.- Б. 5
  • Қайырбеков, Ә. Сәбит Мұқанов туралы сөз /Ә. Қайырбеков //Тұлғалар тағылымы.- Алматы: "Айғаным", 2014.- Б. 42-45
  • Коптелов А. Встреча с родным краем: Муканов С.//Сибирские огни.-1955.-№4.-С.179-180
  • Краснова Н. Электронное издание о Сабите Муканове//Северный Казахстан.-2006.-28 авпреля.-С.5
  • Қайратұлы, Б. Мұқановтың Монғолияға сапары // Egemen Qazaqstan.- 2020.- 14 мамыр.- Б. 12
  • Қарғабай, М. Созаққа Сәбит келгенде [Мәтін] / М. Қарғабай // Egemen Qazaqstan. – 2021. – 18 ақпан (№34). - Б. 11
  • Летописец Казахстана//Ленинская смена.-1970.- 29 мая
  • Лучникова А. Его книги пользуются любовью: С.Муканов//Ленинское знамя.-1960.-2 августа
  • Мариям Муканова: Некролог//Казахстанская правда.-2010.-23 февраля.-С.6
  • Матвеева И. Все силой корней: Муканов С.//Сверный Казахстан.-2000.-9 июня
  • Матвеева И. Оставил заметный след в развитии культуры: Муканов С.//Трибуна.-2000.- 2 июня
  • Мелехин М. Я люблю Петропавловск: Мууканов С.//Трибуна.-2000.- 31 марта
  • Мелехин . Мгновение жизни: к 110-летию со дня рождения С.Муканова//Проспект СК.-2010.-3 сентября.-С.7
  • Мерцалов В. Вчера, сегодня и всегда: североказахстанцы отмечают 110-ю годовщину со дня рождения писателя Сабита Муканова//Казахстанская правда.-2010.-5 мая.-С.8летию
  • Муканова Г. И словом, и хлебом: Муканов С.//Северный Казахстан.-2000.-14 января
  • Муканов К. Аксакалы просили почитать его «Школу»: Муканов С. //Северный Казахстан.-2000.- 11 февраля
  • Муканов К. Сабит и Магжан//Нива.-2001.-№1.-С.67-75
  • Муканов К. «Здесь родной мне каждый камень…»//Проспект СК.-2009.-3 июля.-С.6
  • Муканов К. Два орла из одного гнезда: С.Муканов и Б.Изтолин//Северный Казахстан.-2005.-22 апреля.-С.3
  • Муканов К. Птенцы одного гнезда: Г.Мусрепов, С.Муканов и И.Шухов//Северный Казахстан.-2006.-19 мая.-С.5
  • Муканов К. Сабит Муканов и Петропавловск: к 110-летию С.Муканов//Проспект СЕ.-2010.-6 августа.-С.3
  • Муканов К. Святую дружбу бережно храня: Сабит и Сакен//Северный Казахстан.-2010.-25 февраля.-С.6
  • Муканов М. Воспоминания об отце: Муканов С.//Простор.-1975.-№7.-С.92-104
  • Муканов М. Идет война народная: Муканов С.// Простор.-1978.-№2.-С.88-92
  • Муканов М. Ленинград и ленинградцы в жизни С.Муканова//Простор.-1978.-№5.-С.14-19
  • Муканов С. «О русском языке…»//Русский язык в школах и ВУЗах Казахстана.-2009.-№1.-С.1
  • Муканов С. «Моему земляку – Шаталову»//Неделя СК.-2010.-26 февраля.-С.10
  • Муканова Г. Перекличка музеев: Музеи Сабита Муканова//Казахстанская правда.-2010.-5 мая.-С.8
  • Муканова Г. Школа жизни Сабита Муканова//Проспект СК.-2009.-1 мая.-С.5
  • Муканова Н. Дом-музей С.Муканова//Агитатор Казахстана.-1989.-№2.-С.32
  • Муканова Н. Фронтовая тетрадь// Ленинское знамя.-1985.- 1 июня
  • Мусалимов Ш. Не забуду поездку с писателем: С.Муканов//Северный Казахстан.-2000.-25 февраля
  • Мустафин Б. Постижение высоты: [О знаменитых земляках Г.Мусрепове, С.Муканове С.К.О.]Северный Казахстан.-1997.-24 марта
  • Мустафин Б. Писатель, открывающий миры: 105 лет со дня рождения Сабита Муканова//Северный Казахстан.-2005.-22 апреля.-С.3
  • Не зарастет народная тропа: [О праздновании 80-летия С.Муканова]// Ленинское знамя.-1980.-12 июня
  • Мустафина Д. Планета «Мукановец»: СШ №32 С.Муканова//Северный Казахстан.-2006.-15 мая (№57).-С.3
  • Не зарастет народная тропа: Муканов С.//Ленинское знамя.-1980.-12 июня
  • Негимов, С. Абайтанушы Сәбит Мұқанов [Мәтін] / С. Негимов // Қазақ үні. – 2020. - 3 aqpan. - 10 б.
  • Нургалиев Р. О трагедии «Чокан Валиханов» С.Муканова//Известия АН Каз.ССР. Серия филологическая.-1981.-№4.-С.30-36
  • Нурпеисов А. Слово о Сабите Муканове//Казахстанская правда.-2000.-10 июня.-С.4-5
  • Нурпеисов М. Сабит Муканов среди своих земляков//Ленинское знамя.-1960.-14 авг.
  • О награждении писателя С.Муканова орденом Ленина: Указ Президиума Верховного Совета СССР//Простор.-1960.-№6.-С.3
  • Омаров К. Ответственное поручение: Муканов С.//Северный Казахстан.-2000.-14 апр.
  • Омаров К. Ровесник века: С.Муканов//Северный Казахстан.-2000.-21 января
  • Оспанов О. Народный писатель: С.Муканов// Ленинское знамя.-1970.-19 июня
  • Отарова, Р. Күріштен жасалған портрет [Мәтін] : С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музейінде Сәбит Мұқановтың күріштен жасалған портреті ерекше назарда / Р. Отарова // Ana tili. – 2021. - 5-11 тамыз (№31). - Б. 12
    Өміртай, А. Сәбит Мұқанов және қазақ руханияты // Egemen Qazaqstan.- 2020.- 12 мамыр.- Б. 14
  • Петров Б. «Почетный гражданин Кызылжара»//Северный Казахстан.-2010.-26 июня.-С.5
  • Петрова В. Наш дорогой Саке: Муканов С.// Северный Казахстан.-2000.-3 марта
  • Петрова В. Наш дорогой Саке:[К 100-летию со дня рождения С.Муканова]// Северный Казахстан.-2000.-3 марта
  • Петрова В. Диалог со временем: [К 90-летию Сабита Муканова]//Ленинское знамя.-1990.-20 июня
  • Петропавловск встречает гостей: [К 90-летию С.Муканова]//Ленинское знамя.-1990.-21 июня
  • Портрет Сабита Муканова://Парасат.-1990.-№2.-С.21
  • Петропавловск встречает гостей: С.Муканов // Ленинское знамя.-1990.-21 июня
  • Пискунова Ю. Веет родной земли: Сабит Муканов в годы Великой Отечественной войны// Северный Казахстан.-2005.-18 марта.-(№32).-С.8
  • Пискунова Ю. С именем Сабита Муканова// Северный Казахстан.- 2009.-24 апреля.- С.9
  • Пискунова Ю. Мукановские чтения// Северный Казахстан.-2005.-2 мая (№51).-С.2
  • Пискунова Ю. Веет теплом родной земли: Сабит Муканов в годы Великой Отечественной войны//Северный Казахстан.-2005.-18 марта.-С.8
  • Пискунова Ю. Викторина о писатели//Северный Казахстан.-2010.-4 марта.-С.2
  • Пискунова Ю. Листая страницы воспоминаний…//Северный Казахстан.-2010.-22 апреля.-С.6
  • Пискунова Ю. Муканов в воспоминаниях современников//Провинция.-2010.-№2.-С.23-24
  • Пискунова Ю. Наш Сабит//Неделя СК.-2010.-23 апреля.-С.10
  • Пискунова Ю. Писатель большой судьбы//Неделя СК.-2010.-19 марта.-С.10
  • Пискунова Ю. С именем Сабита Муканова//Северный Казахстан.-2009.-24 апреля.-С.9
  • Письма Сабита Муканова Алексею Толстому// Простор.-1980.-№4.-С.152
  • Письмо бойца Орынбая Асылбаева Сабиту Муканову// Мысль.-2005.-№3.-С.87
  • По следам одного сотрудничества: С.Муканов//Простор.-2000.-№6.-С.21-26
  • Праздник в честь Сабита Муканова: 110-летие//Проспект Ск.-2010.-30 июля.-С.1
  • Пресняков С. С любовью к родной земле: Муканов С.// Северный Казахстан.-2000.-10 марта
  • Пряников А. Слово классика – в сердцах земляков: С.Муканов//Северный Казахстан.-2000.-31 мартаСабит Муканов// Известия АН Каз.ССР серия обществ.наук.-1973.-№3.-С.77-78
  • Салыков К. Человек в поэзии Сабита: С.Муканов// Северный Казахстан.-2000.-28 апреля
  • Сапулатова К.Б. Сын своего времени: к 110-летию со дня рождения Сабита Муканова//Северный Казахстан.-2010.-16 февраля.-С.6
  • Сарсекеев К. Золотые мгновения встреч: Шолохов, Макатаев, Муканов // Нива.- 2005.-№9.-С.111
  • Сентюрина Г. «Ваш Сабит»: С.Муканов// Северный Казахстан.- 2000.-28 января
  • Синенко В. Там, где шумят березы: с.Сабит: Муканов С.// Северный Казахстан.-2000.-16 июня
  • Советская казахская драматургия.-М.: Искусство, 1958.-382 с.Сын народа: Муканов С.// Северный Казахстан.-2000.-28 апреля
  • Таева, Ж. Сәбеңнің диктофоны /Жанар Таева // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 20 қыркүйек (№179). – Б. 16
  • Тажибаев А. Сердце, отданное народу: С.Муканов// Литературная газета.-1980.-25 июня.-С.6
  • Тажибаев А. Слово о Сабите Муканове// Простор.-1970.-№6.-С.88-90
  • Темирханова А. Добро рождается добром: С.Муканов// Северный Казахстан.-2000.-28 апр.
  • Тимохин Б. Покорить и увлечь – только правдой: С.Муканов//Ленинское знамя.-1986.-1 мая
  • Турысбеков Р. Противостояние:С. // Простор.-1990.-№6.-С.149-150
  • Хасанаев М. От его теплого голоса становилась светлее и просторнее: Муканов С. //Казахстанская правда.- 2000.-8 июня
  • Шаповалова Т. Животворное слово Сабита: Мемориальному дому-музею С.Муканова в южной столице исполняется 30 лет// Central Asia Monitor.-2006.-26 мая.-С.7
  • Шестериков В. Там, где кочевал аул: С.Муканов //Северный Казахстан.-2000.- 21 аапреля.-С.12
  • Шестериков В., Хорольский А. С родников начинается родина: С.Муканов// Ленинское знамя.-1984.-5 марта
  • Шестериков В. Там, где кочевал аул//Провинция.-2010.-№2.-С.25
  • Школа жизни Сабита Муканова//Казахстанская правда.-2010.-5 мая.-С.8
  • Шухов И.П. Сабит Муканов - Иван Шухов: дороги, годы, книги…: Воспоминания// Простор.-1998.-№4.-С.73-80
  • Юбилейные монеты: С.Муканов//Добрый вечер.-2000.-28 апреля
  • Ягмурова С. «Мне был по душе этот труд»: С.Муканов// Казахстанская правда.-1990.-17 июня

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий