Қожаберген жырау — Литературная карта "жемчужина севера"

Қожаберген жырау

19 июня 2012 - Администратор

 Қожаберген жырау
(1663-1763)

    Т о л ы б а й ұ л ы Қ о ж а б е р г е н
    (1663, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка селосына жақын Богдановка ауылының маңындағы Гүлтөбе-Мамай қонысында, - 1763, сонда) - ақын, батыр, жырау, қолбасшы, мемлекеттік қайраткер.
Әкесі Толыбай сыншы Дәуленұлы (1603-0680) кезінде Орта жүз әскерін басқарған атақты батыр болған.
Қожабергенді бала кезінен ағасы, атақты батыр Жалаңтөс тәрбиелеген. Бұқара, Самарқанд пен Үргеніш медреселерінде оқып, арап, парсы тілдері, ислам діні және шығыс әдебиеті бойынша білім алды.
   13 жасынан өлең шығара бастады, ал 17 жасында аңыз-әңгімелерді өлеңмен жырлаған. Қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып "Ата тек" дастанын жазған. Тәуке хан тұсында Қоқан, Хиуа, Бұқара хандықтары мен парсы, түрікмен елі арасында елшілік қызмет атқарған.
Қожаберген сыртқы жаулармен соғыстарда өзін қабілеті қолбасшы ретінде көрсете білді. Сондықтан 1688 жылдың маусым айында Тәуке хан бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожабергенді ордабасы етіп сайлаған. Қожаберген батырдың ерліктері туралы дастандар (поэмалар), өлеңдер бар.
Қожаберген тәуке хан тұсында "Жеті жарғы" заңдар жинағын әзірлеуге қатысқан. Бұл жинақты құрастыруға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және т.б. атақты қазақ билері қатысқан. Сонымен қатар Қожаберген "Жеті жарғы" тарихи поэмасын жазған. Бұл поэмада қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік жағдайы суреттеледі.
   1723 жылдың көктемінде қоңтайшы Цэван Рабдан қалың қолымен қазақтарға шабуыл жасаған. Халық малын, дүниесін, қарттар мен балаларды бастап қашуға мәжбүр болды. Сол жылы халық көп қырылды. Қазақстан мен Орта Азия халқы үшін сол кез ұлы ауырпалық жылдары" – "Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама! Деген атпен тарихта қалды.
Қожаберген жырау Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі сол ауыр жылдарға арнап өзінің "Елім-ай" өлеңін жазды, өлеңде халықтың мұң-мұқтажы, туған жерге деген махаббат жырланады. Көп уақытқа дейін ән халық әні деп саналып, автордың аты аталмады. "Елім-ай" – Қожабергеннің ең басты және атақты туындысы.
   Жырау көп шығармаларын нақты тарихи оқиғаларға байланысты жазды. Бізге жеткен құнды шығармаларының бірі - 1720 жылы жазылған "Бабалар тілі" атты дастаны. Кезінде поэма халық арасында қолжазба түрінде және ауызша жыршылар мен абыздар арқылы ауыздан-ауызға тараған болатын. Дастан жастарды бабалар тілін құрметтеп, тазалығын сақтауға шақырады. Ақынның бұл тілегі бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ.
Қожаберген жырау 1763 жылдың қазан айында жүз жасында туған ауылы Гүлтөбеде дүниеден өтті. Оның есімі халқына қайта оралды. Қожаберген жыраудың тұлғасына ғалымдар мен жұртшылық назар аударды. Халық тарихына, атақты адамдарға назар аудару Қожаберген жыраудың азаматтық ерлігі мен шығармашылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Ал 2003жылы Петропавлда жыраудың өлеңдері мен дастандары енген "Қожаберген жырау" атты кітап жарық көрді.

Естелік орындар


2002 жылы Қожаберген жыраудың жерленген жерінде, туған жерінде атақты жырауға арналған мемориалдың ашылу салтанаты өтті.
Қожаберген жыраудың кесенесі 2001 жылдың жазында Жамбыл ауданының Благовещенка селосынан алыс емес жерде Толыбай сыншы әулетінің зиратында салынды. Кесене заманауи сәулет стиліне сәйкес қызыл кірпіштен жасалды. Кесененің ашылу салтанатына орай ас берілді. Шараға Қожаберген жыраудың ұрпақтары мен аудан, облыс және республика жұртшылығы қатысты.
Интернеттен алынған ақпарат
Қожаберген жырауға ескерткіш қойылды
Әйгілі "Елім- ай" әнінің авторы, қазақтың тау тұлғалы ұлы Қожаберген жырауға арнап, туған жері Солтүстік Қазақстан облысында ескерткіш орнатылды. Салтанатты шараға ұлы жыраудың ұрпағы, атақты ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты. Ескерткіштің Жамбыл ауданында ашылуы тегін емес. Атақты жырау, қолбасшы, батыр Қожаберген осы топырақта 1660 жылы дүниеге келген. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деген атпен белгілі Жоңғар шапқыншылығы кезінде туған атақты "Елім-ай" әнінің авторы. Осыдан 300 жылға жуық уақыт бұрын туған шығарма, бүгінгі күні де өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Атақты жыраудың есімін халыққа танытуда «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» қайырымдылық қорларының атқарған жұмыстарын айтпай кету болмас. Қожаберген ескерткішін орнатуға мұрындық болған солар. Бұл күні, сондай-ақ, Пресновка қазақ орта мектебінде жырауға арналып мұражай ашылды. Ұлт зиялыларының пікірінше, ақын шығармаларын енді мектеп бағдарламасына енгізу қажет.
Мәмбет Қойгелді, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы
Бізге жеткені, әрине, оның үзіндісі ғой. Ал, сол "Елім-ай" жырының өзі, бұл Қожаберген жыраудың қазақ тарихында, мәдениетінде, руханиятында алатын орнын айқындап тұр. Бұл кісінің осы жыры арқылы 18 ғасырда қазақ халқына үлкен күш-қуат берген кісі. Аласапыран Ақтабан шұбырынды заманында ел елдігін осы Қожаберген жырау сияқты тұлғалардың арқасында сақтап қалды.

Ақерке Қабыкеева


http://old.kaztrk.kz/news/newsdetial.php?ELEMENT_ID=33146

Библиография

Автордың шығармалары:


1. Қожаберген жырау: өлеңдер, толғаулар, дастандар. (Құраст С. Жұмабаев., Қ. Биғожин). – Алматы: ЖШС «Жас Ұлан и К» Баспа үйі, 2007. – 272 бет.
2. Қожаберген жырау. Таңдамалы шығармалары. – Петропавл қаласы: Облыстық баспахана, 2003. – 288 бет.
3. Қожаберген жырау. Елім-ай. – Петропавл қаласы. – 2000. – 140 б.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:



1. Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. Издание второе, дополненное. – Алматы: Издательство «Арыс», 2006. - 672 с. + 48 с. цв. иллюстраций

Комментарии (1)
bekejen # 12 декабря 2013 в 20:55
Kolbasi jirau tyrali akparattar kaidan alamiz?.
Добавить комментарий RSS-лента RSS-лента комментариев