Қарасай батыр, Қарасай Алтынайұлы

19 июня 2012 - Администратор

 Қарасай батыр, Қарасай Алтынайұлы
(1589-1671)

Орта жүздің Шапырашты руының батыры.
   Алматы облысында туған. Атақты Қарасай батыр қазақ даласында ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болды. Талай рет қырғыз халқына көмекке келген. Есім хан Қарасайға «Қазақ батыры Қарасай» атағын берген. Ол Жетісуда Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендерінің және Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларының маңында жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста әскерлерді басқарған. Ұрыстардың бірінде жаудың қорғаныс шебін бұзып, Суықтөбе тауына туын тікті. Осы жеңісінен кейін Шапырашты тайпасының соғыс ұраны "Қарасай" болды.
   Қарасай батыр 19 рет жауының ең батыл және күшті баһадүрлерімен жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткен. Сүйінбай және Жамбыл ақындар өздерінің жырларында Қарасайды эпостық ұлттық қаһарман батыр ретінде суреттейді.
1643 жылы батыр Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр басқарған Орбұлақ ұрысына қатысты. 1652 жылғы соғыстарда Қарасай батыр қазақ әскерлерінің қолбасшыларының бірі болды. Ұрыста ауыр жараланды. Қарасайдың бейіті Көкшетау жерінде Айыртау елді мекенінде.
Қарасай батырдың құрметіне оның есімімен ауылдар, жайлаулар, шыңдар, аңғарлар аталады. Қарасай батыр қартайған шағында да халқының арманымен өмір сүрді. Ол жастарды құнды өнерге үйретті, пенделік дауларды шешті. 1669 жылы қазақ елшілігінің құрамында Қарасай Ресейге аттанды. Келіссөздің мақсаты – Ресеймен тату көршілік қарым-қатынас орнату және қару сатып алу болатын.
   Қарасай батырдың артында лайықты ұлдары Әуез, Өтеп, Көшек, Түрікпен қалды, батырдың қуаты мен батырлығы оның ұрпағына да тарады. ХVII – ХIХ ғасыр батырлары Қастек, Сұраншы, Қараш, Саурық, Самсы, Жәпек, Сыпатай, Дәулет, Қаумен – Қарасай батырдың тікелей ұрпақтары.
Қарасай батыр руының тікелей белгілі өкілдерінің бірі – Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазіргі кезде батырдың ұрпақтары Жетісуда тұрады. Халық қаражатына Жамбыл облысының Қордай ауданында батырға арнап ескерткіш орнатылды. 1998 жылы ұрпақтары ұлы бабасының 400 жылдық мерейтойын тойлады.
  Батыр Қарасай Алтынайұлы Шапырашты батырдың ұрпағы. Нарынқолда екі аңғар бар: бірі - ер жүрек батыр Шапыраштының, екіншісі – оның шөбересі, ер жүрек Қарасайдың атымен аталады. Шапырашты тайпасы мен Есқожа руы Жетісуда ержүрек болып саналады.
Қарақыстақтағы Ауызөткел төбесінің шыңы Қарасай батырдың атымен аталады.

Естелік орындар
1999 жылы Петропавл қаласының театр алаңында Қарасай мен Ағынтай батырларға ескерткіш орнатылды.

Қарасай батыр туралы аңыздар
   Халық аузында Қарасай батыр туралы аңыз көп тараған. Қарасай Алтынайұлы 1598 жылы Жетісуда дүниеге келген. Оның әкесі Алтынай көріпкел адам болған. Бірде әкесі қатал қыс пен жұт болатынын айтқан. Бірақ хан оған сенбеген. Ол кезде хан ордасы Көктөбеде болған. Жас Қарасай әкесінің айтуымен өзінің бар малын Балқаш маңына, Іле, Қаратал өзендерінің мол тоғайлы сағасына айдап әкетеді. Қыс шынында да қатал болып, жұт кезінде халықтың малы түгелге дерлік қырылып қалады.
   Қарасай болса, көктемде малын айдап, әкесіне келеді. Хан өкініштен саусағын тістейді, бірақ қолдан келетін қайран жоқ. Дана Алтынай баласына: «Халыққа көмектесу керек. Балам, арғымағыңа мініп, қойлардың, жылқылар мен түйелердің арасынан үш рет өт. Оң жағы біздікі, сол жағы – хандікі, ортаңғы бөлігін ағайын-туысқа бер", - дейді. Әкесінің айтқаны келіп, Алтынайдың үйі де зиян көрмейді...

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий