Ізтөлин Баймағамбет — Литературная карта "жемчужина севера"

Ізтөлин Баймағамбет

19 июня 2012 - Администратор

 Ізтөлин Баймағамбет


   [13(25).09.1899, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының бұрынғы «Украина» кеңшарының аумағында — 12.IV.1921 ж. Петропавл] — қазақ кеңес жазушысы, белгілі революционер-ақын (Солтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясынан).
Уазифа медресесін бітірген (1918). 1919 жылы қалалық уездік ревкомда жұмыс істеп, мұғалімдер даярлайтын мектептер мен қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастырумен айналысты.
   1917 жылдан кейін Петропавл қаласында мұсылман бюросы мен қазақ-татар клубын ашуға атсалысты.
   Ізтөлин қазақ поэзиясындағы азаматтық бағыттың негізін салушылардың бірі.
   1916 жылдан бастап өлең жаза бастады: «Ала торпақ», «Өмірім», «Жәкі мен Құла ат», «Айым мен күніме» (196-19), «Түннің басталуы», «Отарба»,   «Туғаныма» және басқалары. Ізтөлиннің революцияға дейінгі өлеңдері демократиялық сипатта болды.
1920 жылы «Кедей сөзі» газетінде «Болат» деген бүркеншік атпен Кеңес билігінің орнауын қолдаған өлеңдерін жариялады.
Өзінің «Қалқамшырақ» (1917), «Ѳлең, «Отарба» (1917), «Туғаныма» (1917), «Пысылдақ Омар» (1918) және т.б. үздік шығармаларында ақын революцияны, халықты, Қызыл әскердің қаһармандығын жырлады; топас және сараң байларды әшкереледі. 1919 жылдан бастап коммунистік партияның мүшесі.
   Ізтөлин — Абай Құнанбаевтың ақындық дәстүрі мен халық ауыз әдебиетін жалғастырушы. 1933 жылы С. Мұқанов оның тоғыз өлеңін жариялады (кейінірек тағы сегіз өлеңі табылды). Ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты.
Ізтөлиннің шығармалары бірнеше рет жарық көрді (1926, 1933, 1951, 1981), оның бейнесі С.Мұқановтың романында көрініс табады.
Октябрь төңкерісінің қарсыластарымен күресте қаза болды.

Естелік орындар


Ізтөлин Баймағамбет ауылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов аудандық атқару комитетінің 15.06.1938 ж. шешімі бойынша Киров атындағы ауыл атымен 23.7.1940 ж. «Ленин жолы» (бұрынғы «Молалы» ауылы) ұжымшарының қосылуы есебінен ұйымдастырылды. ҚР үкіметінің жанындағы Мемлекеттік комиссия шешімімен Киров атындағы ауылға осы жердің тумасы, белгілі революционер ақын Ізтөлиннің аты берілді. Ауылда қазіргі кезде 550 адам тұрады. Қазақ орта мектебі жұмыс істейді.
Петропавл қаласында бұрынғы Спортивный көшесіне, ақынның туған жерінде Успенское орта мектебіне Ізтөлин есімі берілді.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары


Ізтөлин, Б. Таң сәулесі. Өлеңдер / Құрастырған, түсініктерін жазған С. Сауытбеков.- Алматы: Жазушы, 1981.- 72 бет.
Ізтөлин, Б. Өмірі мен шығармалары / Құрастырған, кіріспесөз, түсініктер жазған С. Мұқанов. – Алматы: ҚМКӨБ, 1957. - 65 бет.
Ізтөлин, Б. «Ант» кедей күйі. Өлеңдер //Ленин туы.- 1969.- 26 сәуір.
Ізтөлин, Б. Ант: өлең //Жұлдыз. – 1960.- II.- 39 бет.
Ізтөлин, Б. Жасасын бостандық: өлең //Лениншіл жас. - 1969. - 26 сәуір.
Ізтөлин, Б. Туғаныма: өлең //Жұлдыз. – 1967. - II – 27 бет.

Ізтөлиннің жарияланбаған өлеңдері:
"Ант", "Жездеме", «Түн мен күн» //Қазақ әдебиеті.- 1959. - 21 тамыз.

1. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4-т.- Алма-Ата, 1989.
2. Каратаев, М. Рожденная Октябрем. - Алма-Ата, 1958.
3. Мұқанов, С. Баймағамбет Ізтөлин. Өмірі мен шығармалары. - Алматы, 1957.
4. Очерк истории казахcкой советской литературы. - М., 1960.- С. 38.
5. Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. Издание второе, дополненное. – Алматы: Издательство «Арыс», 2006. - 672 с. + 48 с. цв. иллюстраций. – С. 289.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Бажин, Ж. Есімі ерлік еді //Ленин туы. - 1969. - 26 сәуір.
Ескерткіш тақта ашылды. /Б. Ізтөлин қызмет істеген облыстық оқу бөлімінің үйінде/ //Ленин туы. - 1969. - 30 сәуір.
Жұбанов, М. Ардагер ағартушы //Қазақстан мұғалімі. - 1961. - I маусым.
Ізтөлин, Баймағамбет. Қазақстанның көркем әдебиеті /1946-1957/ Библиографииялық көрсеткіш. - Алматы, 1958.- 267-269 бет.
Ізтөлин, Баймағанбет /1899-1951/ //Советтік Қазақстан жазушылары: библиографиялық анықтамалар. – Алматы. - 1987.- 717-718 бет.
Иманбаев, З. Ел ұлан, әңгімелер /Баймағанбет Ізтөлиннің өнегелі өмірінен/ // Иманбаев, З. Солмайтын гүл. Повестер мен әңгімелер. –Алматы. - 1988. - 116-157 бет.
Каратаев, М. Қазақ совет әдебиеті /Т. Нұртазин , С. Қирабаев. - Алматы, 1971.- 17-22 бет.
Кенжебаев, Б. Революционер ақын /Б. Ізтөлиннің туғанына 70 жыл/ //Қазақстан мұғалімі. – 1969. – 24 сәуір.
Кәкішев, Т. Б. Ізтөлин туралы тағы бір дерек //Қазақ әдебиеті. – 1956. - 4 мамыр.
Кәкішев, Т. Аққан жұлдыз жарығы /Б. Ізтөлиннің туғанына 70 жыл //Лениншіл жас.- 1969.- 26 сәуір.
Қазақ совет әдебиетінің тарихы. I-ші кітап. –Алматы.- 1967.- 16-17 бет.
Қирабаев, С. Күрескер ақын /Б. Ізтөлиннің туғанына 70 жыл толуына / -//Қазақ әдебиеті.- 1969.- 26 сәуір.
Қирабаев, С. Күрескер ақын /Баймағанбет Ізтөлин/ //Қирабаев С. Революция және әдебиет. Мақалалар мен зерттеулер. Т-2. -Алматы.- 1977.- 193-199 бет.
Мұқанов, С. Ақын арман //Социалистік Қазақстан. – 1969.- 26 сәуір.
Мұқанов, С. Ақын-Жауынгер, коммунист // Қазақстан азамат соғысының от жалынында. – Алматы. - 1960. - 302-308 бет.
Мұқанов, С. Ақынның арманы» /Ізтөлиннің туғанына 70 жыл толуы қарсаңында/ //Ленин туы. - 1969. - 25 сәуір.
Мұқанов, С. Б. Ізтөлин /қайтыс болғанда 35 жыл/ //Қазақ әдебиеті. - 1956 . - 13 сәуір.
Нұртазин, Т. Революционер азамат. Ақын /Б. Ізтөлиннің туғанына 70 жыл/ //Ленин туы. - 1969.
Сауытбеков, С. Өртенген өлең, деректі повесть /Баймағанбет Ізтөлин туралы/ - Алматы: Жалын, 1984.- 128 бет.
Сеитов, С. Күрескер педагог, ақын //Қазақстан мұғалімі.- 1958.- 20 ақпан.

Б. Ізтөлин көркем әдебиетте:


Әлібаев, И. Акын ағаға //Ленин туы. - 1969. - 26 сәуір.
Ізтөлин, Б. Әкеме: өлең //Ленин туы.- 1969. - 26 сәуір.
Ізтөлин, Б. // Мұқанов С. Өмір мектебі. Балаларға арналған вариант. - Алматы, 1958. - 134-151 бет.
Малдыбаев, Ғ. АсқаҚ арман //Ленин туы. – 1969. - 26 сәуір.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий