Біржан сал (Біржан Қожағұлұлы)

18 июня 2012 - Администратор

 Біржан сал (Біржан Қожағұлұлы)
(1834 – 1897)

Белгілі әнші, композитор, халық ақыны.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Жаңажол ауылында туды.
   Біржан сал домбырада шебер ойнаған, көрнекті дауыс иесі болды. Өзіндік сазды-поэзиялық шығармаларын жарыққа шығарды. Жас кезінен халық мерекелеріне, айтыстарға қатысқан.
1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың ақындық, композиторлық жән еәншілік өнерін ары қарай дамытуға көп ықпал етті.
   Атақты әншілерден, ақындар мен композиторлардан өнеге алды. Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарында ауылдан ауылға жүріп, өнерлі жастардың басын біріктіріп, көшпелі театр ұйымдастырған. Біржан сал халық арасында «сал» ретінде аты шығып, өз шығармашылығында халық өнерінің музыкалық, ақындық, драмалық түрлерін біріктірді.
   Біржан салдың 60-қа жуық әні сақталған, олардың ішінде «Біржан сал», «Алтын балдақ», «Ақтентек», «Жаймашуақ», «Бурылтай» және т.б. танымал әндері бар.
   Біржан салдың шығармашылығында махаббат тақырыбы өзекті орын алады. Мыс.: "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашықжар", "Лөйлім-шырақ" әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен және мән-мазмұнымен де құнды.
   Жас жігіттің сүйгеніне деген іңкәр сезімі, ма¬хаббат мұңы сұлу да жүйрік, жорға да аяңшыл аттардың суретімен іштей астасып жатыр ("Телқоңыр", "Ақсеркеш", т.б.). "Орынбор әні" өлеңінде сенімді серігі домбырасын әнге қосады.
   Әнші-ақынның шығармаларында жастықтың от жалыны мен сұлулық атаулыға ынтықтық қана емес, туған жері Есіл өңірінің табиғатына деген сүйіспеншілік те бар.
   Біржан сал қазақ даласының болыстары Жанбота мен Азнабайды әшкерелеп, халықтың сөзін сөйлеп, әнге қосады ("Жанбота", "Адасқақ" және т.б.).
   Өмірінің соңғы күндерінде дүниенің жалғандығын мойындап, шер-мұңға батқан көңілден шыққан "Жамбас сипар", "Теміртас" өлеңдері ақынның керілікке қарсы шыққандығын көрсетеді.
   Біржан сал айтыс өнерінің шебері болғандығының көрінісі - Сара Тастанбекқызымен болған айтысы. Біржан салдың Жетісу өңіріне іздеп барып, Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты және айтыс жанрының классикасы болып қалды.
   Ол күреске түскен палуан, ойын көрсетуші және шебер әңгімеші болды. Ешбір мереке, ешбір той, Петропавл, Тайынша, Қоянды жәрмеңкелері Біржан салсыз өтпеген.
Ақан сері, Жаяу Мұса, Әсет Найманбаев, Балуан Шолақ, Доскей Әлімбаев, Құлтума Сарымұратов, Үкілі Ыбырай, Естай т.б. Арқаның атақты ақын-әншілері — Біржан салдың мектебінен өнеге алып, өріс жайған, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.
Біржан салдың әндері халық аузында әлі де айтылып жүр, әндері қазіргі музыканттардың, әдебиеттанушылар мен фольклоршылардың ғылыми зерттеулеріне арқау болды.
Музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:


Қожағұлұлы, Біржан сал. Өлеңдер / Біржан сал Қожағұлұлы . – А.: Жазушы, 1967 . – 228 б.

Туындыларының жинақтарда жариялануы:


  Біржан сал. Жамбас сипар; Ләйлім шырақ; Адасқақ; Көкек; «Ал дүние, өтеріңді біліп едім..»; Атығай елінің адамдарына айтқаны // Жеті ғасыр жырлайды: XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 1 т. – Алматы: Жазушы, 2008 . – 340–343 бет.
Біржан сал Қожағұлұлы. Таңдамалы шығармалары // XIX ғасыр әдебиеті: хрестоматия . – 6 кіт. – Алматы: Ана тілі, 1992 . – 159 – 164 б.
Біржан сал Қожағұлұлы. Таңдамалы шығармалары // XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы . – ҚазССР Ғылым академиясының баспасы, 1962 . – 183 – 190 б.
   Біржан мен шөже; Біржан мен қыз; Біржан сал мен қыз: айтыстар // Айтыс. 1т. – Алматы, 1988 . – 251 – 252 бет.
Қожағұлұлы, Біржан сал. Жамбас сипар; Біржан сал; Айтбай; Ләйлім шырақ; Көлбай-Жанбай; Жанбота; Адасқақ; Біржан сал ақын; Орынбор; Мәті-дәулен; Алтын балдақ; Телқоңыр (3 түрі); Көкек; Ақсеркеш; Соқпа-ай – соқ; Ақтентек; Талай заман; «Ал дүние, өтеріңді біліп едім..»; Атығай елінің адамдарына айтқаны // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 1 т. – Алматы: Жазушы, 1989 . – 362–370 бет.
   Қожағұлұлы, Біржан сал. Жамбас сипар; Біржан сал; Айтбай; Ләйлім шырақ; Көлбай-Жанбай; Жанбота; Адасқақ; Біржан сал ақын; Орынбор; Мәті-дәулен; Алтын балдақ; Телқоңыр (3 түрі); Көкек; Бурылтай (3 түрі); Ақсеркеш; Соқпа-ай – соқ; Ақтентек; Талай заман; «Ер жігіт дүниені көргені артық...»; «Ал дүние, өтеріңді біліп едім // Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. 2 т. – Алматы: Жазушы, 1984 . – 156 –165 бет.
   Айтыс Биржана и Сары (сокращенный вариант) // Поэты пяти веков.- А.: Жазушы, 1993. – С. 139-147.
Биржан, сын Кошагула. Ляйли мой светик; Песня Биржан во время его болезни; Состязание Биржана и Сары // Антология казахской поэзии . – М.: Гос.изд.худ.лит.,1958 . – С. 175-183.
   Состязание Биржана и Сары (отрывок): айтыс // Казахская литература: хрестоматия для 9-10 кл. рус.школ Казахстана . – А.: Мектеп, 1979 . – С. 14-22.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Біржан Қожағұлұлы // Қазақ әдебиеті тарихы: XIX асырдың 2-ші жартысы (1850 – 1900). 5т. – Алматы: ҚазАқпарат, 2006 . – 387 – 404 б.
Біржан (Біржан сал) Қожағұлұлы // Мұхтар Әуезов: энциклопедия . – Алматы: Атамұра, 2011 . – 203 б.
Біржан сал // Қаз дауысты Қазыбек би: энциклопедия . – Қарағанды: Болашақ баспа, 2011 . – 246 б.
Біржан сал // Шәкәрім: энциклопедия . – Семей, 2008 . – 269 б.
Біржан сал //Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық.–Алматы: Аруна, 2005. – 141-142 б.
Біржан сал // Е. Ысмаилов. Әдебиет жайлы ойлар (Ақындық өнер мен ақындар туралы) . – А.: Жазушы, 1968 . – 91–119 б.
Біржан сал // А. Жұбанов. Замана бұлбұлдары . – А.: Қаз.мем.көркем әдебиет баспасы, 1963 . – 23 – 54 б.
Біржан сал Қожағұлұлы // Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы . – Алматы: Санат, 2006 . – 697-717 б.
Біржан сал Қожағұлұлы // Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы . – Алматы: Санат, 1997 . – 719-740 б.
Біржан мен Сара айтысы // Қ. Жұмалиев, Т. Ақшолақов. Қазақ әдебиеті: 9 кл. арналған оқулық . – 21-і басылуы . – Алматы: Рауан, 1994. - 113 – 130 б.
Біржан мен Сараның айтысы // М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті: жоғары дәрежелі оқу орындарының студ.арналған оқу құралы . – А.: Қаз.мем.оқу педагогика баспасы, 1958 . – 329 – 341 бет.
Жұмабаев, С. Біржан сал // Солтүстік Қазақстан облысы: энциклопедия (облыстың 70-жылдығына арналады) . – Алматы: Арыс, 2006 . – 216 бет.
Жұмабаев, С. Біржанның белгісіз ғұмыры; Нұралы шежіресі /С. Жұмабаев, К. Жалмақанов . – Петропавл, 2009 . – 196 б.
Ордалиева, Ж. Біржан сал // Қазақстан: ұлттық энциклопедия . – Алматы: Ұлттық энцикдопедиясы, 1999 . – 499-500 б.

Биржан Кожагулов //В.Миненко, П. Момынов. Краткий курс музыкальной литературы Казахстана: уч.пособие для уч. детских муз. школ. Ч.1 (Казахская народная музыка) . – А.: Жалын, 1978 . – С. 25-30.
Биржан сал // Литература Казахстана: энциклопедический справочник . – Алматы: Аруна, Қазығұрт, 2010 . – С. 116-117.
Биржан сал // Северо-Казахстанская область: энциклопедия. – 2-е изд., доп. – Алматы: Арыс, 2006 . – С. 181-182.
Биржан сал // А. Жубанов. Соловьи столетий . – Алматы: Дайк-Пресс, 2002 . – С. 30-64.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий