Әкімжанов Зейнолла Рамазанұлы

16 августа 2012 - Администратор

     Әкімжанов Зейнолла Рамазанұлы 1951 жылы 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Амангелді ауылында туған. Журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1968 жылы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы ҚазМУ-дің қазақ филологиясы факультетіне түседі. Сонда оқып жүргенде журналист ретінде ғана емес, лирик ақын ретінде де қабілеті ашылады. Студент кезінде Әкімжанов өлеңдерін "Жалын" журналында, республикалық «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас алаш» газеттерінде жариялайды. Университетті аяқтаған соң туған өлкесіне оралып, 1974 жылдан бастап облыстық "Солтүстік Қазақстан" газетінде қызмет етеді. Оның "Жерұйық" атты өлеңдер жинағы, "Сегіз сері", "Кенесары", "Анамның арашасы" поэмалары, қара сөзбен жазылған "Шебер" поэмасы – оқырманның жүрегіне жол тапқан туындылар.
    Қазақстандағы поэзияның даму деңгейін Сырбай Мәуленов, Ғафу Қайырбеков, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов сынды ақындар анықтайтыны сөзсіз, алайда біз жерлес ақындарымызды да білуіміз керек, Зейнолла Әкімжанов– солардың бірі. Әкімжанов сияқты ақындар республикамыздың аймақтарында поэзия мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Зейнолла қазақ халқы, туған өлкесі тарихының аз зерттелген қырларын зерттеуге көп күш пен шығармашылық қуатын сарп етті. Ол поэзияны бағалаушылар қазақтың Пушкині деп атайтын Мағжан Жұмабаевқа арналған өлеңдер жазды.
    Зейнолла Әкімжанов – көптеген республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ол бос уақытында Сергей Есенин, Николай Гумилев, Владимир Набоков тәрізді орыс ақындарының шығармаларын аударумен айналысады. Ол өз аудармаларының жинағын жарыққа шығарып, белгілі ақын, қолбасшы, қазақ халқының бірлігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен жерлесіміз Қожаберген жырауға арналып Петропавлда өткен мүшәйраға қатысты.
     Журналист облыстық және республикалық айтыстарға үнемі қатысып тұрады.
2001 жылы петропавлдық журналист, әдебиетші, облыстық "Солтүстік Қазақстан" газетінің бөлім меңгерушісі Зейнолла Әкімжанов Қазақстанның Жазушылар одағына қабылданды.
2006 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі бір топ журналистерге сыйлықтар табыстады. Шоқан Уәлиханов атындағы номинацияда аймақтың тарихи және ұлттық-мәдени дәстүрлерін насихаттау жұмыстары үшін бірінші орын облыстық "Солтүстік Қазақстан" газетінің жауапты хатшысы Зейнолла Әкімжановқа берілді.

Библиография


Акимжанов З. Преемник Магжана: Гл. редактор газеты "Солтүстік Қазақстан" Ж.К. Сулейменов// Северный Казахстан.- 2006.- 6 октября.-С.2
Әкімжанов З. "Елордамыз естен кетпейді": (Солтүстік Қазақстан оқушылары Астанада)// Солтүстік Қазақстан.-2006.-23 тамыз.-1 б.
Әкімжанов З. "Ешқашан ақындықтың туын жықпа " // Солтүстік Қазақстан.-2003.-19 ақпан.
Әкімжанов З. "Жеңешеме жүн түтсем де жақпаймын": (З. Жұмалиева мен Г. Мельниковтың мақалаларына біздің журналисіміздің жауабы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-8 тамыз.-5 б.
Әкімжанов З. Азамат абыройы: (Дәулетбай Құсайынұлы Оспанов туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2006.-30 қаңтар.-6 б.
Әкімжанов З. Ақын ағаның ізгі тілеуі: (К. Салықов Солтүстік Қазақстан жерінде)// Солтүстік Қазақстан.- 2006.-21 маусым.-4 б.
Әкімжанов З. Ақын әлемі: (Журналист М.Мұқановтың "Алуа-менің айдыным деген кітабының тұсаукесері туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-4 қазан.-8-б.
Әкімжанов З. Алаштың ардақты, асыл күні: (Петропавл қаласындағы Наурыз мерекесі)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-25 наурыз.-1б.
Әкімжанов З. Ардагерлер: (Өлең)// Солтүстік Қазақстан.- 2006.-29 қыркүйек.-2 б.
Әкімжанов З. Арқаның ақиығы: (Үкілі Ыбырай туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-19 тамыз.-9 б.
Әкімжанов З. Армысың, ардагерім!: (ҰОС қатысқан Амантаев Ш)// Солтүстік Қазақстан.- 2006.-8 мамыр.-4 б.

Әкімжанов З. Болашақтың бастауы: ("Қазақ тілі" қоғамы халықаралық ұйымының облыстық филиалына 15 жыл)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-18 ақпан.-8б.
Әкімжанов З. Евней тағылымы: (Е. Бөкетовтың 80 жылдығына арналған конференция өткені туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-30 наурыз.-4б.
Әкімжанов З. Еділдегі ерлік: (Ұлы жеңіске-60 жыл)// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-17 қараша.-3-б.
Әкімжанов З. Ел есіндегі Есеней: (С. Жұмабаевтың жаңа шыққан "Ер Есеней" деген кітабы туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-9 желтоқсан.-16 б.
Әкімжанов З. Ерліктің шежіресі: (Жеңістің 60 жылдығына арнайы кітап шығарылғаны туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-22 сәуір.-1 б.
Әкімжанов З. Жалғыз ұпайға зәрулік: (2006 жылғы Германияда өтетін чемпионатқа әзірлік)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-10 маусым.-10 б.
Әкімжанов З. Жалғыздың жолы болса - игі: (Футболдан кубок чемпионаты туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-20 мамыр.-16 б.
Әкімжанов З. Жанардың жетістігі: (Алматыда өткен пікірсайыстың қорытындылары)// Солтүстік Қазақстан.-2005.-26 тамыз.-16 б.
Әкімжанов З. Келді тағы көзайым мына Наурыз: Өлеңдер)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-21 наурыз.-6б.
Әкімжанов З. Көңіл көншімеген ұтыс: ("Жеңіс" футбол командасы туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-4тамыз-8-б.
Әкімжанов З. Қайсар қаламгер, қайраткер: (И. Шуховтың 100 жылдығы)// Солтүстік Қазақстан.- 2006.-2 тамыз.-3 б.
Әкімжанов З. Қанатты ойлар кітапханасы: (Е.Шаймерденовтың "Мәңгілік мұрат", "Даналық дидары","Ақиқат айнасы" кітаптары туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-26 сәуір.-8-б.
Әкімжанов З. Қос қызғалдақ: (Күлбағила Өмірбекова туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-29 сәуір.-22 б.
Әкімжанов З. Қыздар озып шықты: (Астана қаласында шағын алаңдағы футболдан өткізілген республикалық жарыс туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-13 шілде.-8 б.
Әкімжанов З. Лидице қасіреті: (Мақала чех көсемсөзшісі Иван Цыганектің "Лидице" кітабынан )// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-14 наурыз.-5б.
Әкімжанов З. Он бес жыл - қалыптасу кезеңі:(Петропавлда Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы облыстық ұйымының 15 жыл толуына арналған жиналыстан)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-23 ақпан.-4б.

Әкімжанов З. Өзекті мәселелер өздігінен шешілмейді:(Облыс әкімінің орынбасары Е. Нұрақаев өткізген кеңес туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-16 наурыз.-1б.
Әкімжанов З. Өкінішті өлім немесе нашақорлықтың ақыры: ("Есіл-Богатырь" командасының ойыншысы В.Зубарев// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-27 қазан.-8-б.
Әкімжанов З. Өнер жолы-өмір жолы: (Қаламгер Ожан Қалиев туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-5 қараша.-8-б.
Әкімжанов З. Өркениет өзегі: Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ашылуы туралы)// Солтүстік Қазақстан.-2005.-30 қараша.-5 б.
Әкімжанов З. Риясыз еңбек ризығы: (Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері, грант иегері Көкпанова Қ. алғыс сөз)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-10 маусым.-1 б.
Әкімжанов З. Сізден сырттай оқыдым: (ҰОС қатысқан Қапез Кеңбейілов туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-6 мамыр.-8 б.
Әкімжанов З. Саясаттың саңлағы: (2004 жылы Мәскеудің "Молодая гвардия" баспасынан шыққан Т. Мансұровтың "Нәзір Төреқұлов" деген зерттеу еңбегі туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-24 маусым.-7 б.
Әкімжанов З. Сәтсіз ойын, сүренсіз қимыл: (Әлем чемпионатының іріктеу ойындары өтетіні туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-25 мамыр.-8 б.
Әкімжанов З. Соңғы майдангер: (Новелла.Проза)// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-22 қараша.-4-б.
Әкімжанов З. Соңғы ойындар - сәтті: ("Есіл-Богатырь" командасының кездесулері туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-13 шілде.-8 б.
Әкімжанов З. Томашқа тәнтіміз!: (Футбол. "Есіл-Богатырь" (Петропавл) - "Ертіс" (Павлодар)// Солтүстік Қазақстан.- 2006.-23 тамыз.-8 б.
Әкімжанов З. Төрт туысқан: Өлең// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-1 қаңтар
Әкімжанов З. Ту көтерген төрт туынды: (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған шығармалар)// Солтүстік Қазақстан.-2004.-8-желтоқсан.-5-б.
Әкімжанов З. Хан ордасы қалпына келтіріледі: (Абылай хан ордасы)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-4 наурыз.-1б.
Әкімжанов З. Үш ұлттың төл перзенті: (Ғ. Мүсірепов атындағы кітапханада Г.Бельгердің 70 жылдығына арналған кеші туралы)// Солтүстік Қазақстан.- 2004.-5 қараша.-16-б.
Әкімжанов З., Жалғасбаев Б. Солтүстік Қазақстан: (Әнұран)// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-24 маусым.-3 б.
Әкімжанов Зейнола. Мизамшуақ: Жыр кітабы.- Қызылжар, 2001.- 123 бет.
Әкімжанов Зейнолла. Ғабең асқақтығының айғағы // Солтүстік Қазақстан.-2002.-25 қазан.
Әкімжанов Зейнолла. Ғасыр жүгін иінімен көтерген Ғалым аға ұстаз, қаламгер, қайраткер еді: Ғалым Қадірәлин туралы// Солтүстік Қазақстан.- 2008.-14 қараша
Әкімжанов Зейнолла. Ел мен ер қасіреті бейнеленген "Батыр баян" қойылымы көңілден шықты: Қойылым// Солтүстік Қазақстан.- 2008.-20 маусым
Әкімжанов Зейнолла. Жыр тәңірі - Мағжан оған табынуың - ұлтыңды тануың!: Әуезхан Қодармен сұхбат// Солтүстік Қазақстан.- 2008.-12 қырқүйек
Әкімжанов Зейнолла. Тұран мен қыран: Мағжан туралы өлең// Солтүстік Қазақстан.- 2008.-20 маусым

Жазушы туралы


Первый сборник акына: Акимжанов З.// Ленинское знамя.- 1993.-17 июня.-с.1
Премии за труд и талант: Вручение премий акима области журналистам// Проспект СК.- 2006.- 29 декабря.-С.1
Союз писателей пополнил наш земляк: Акимжанов З.//Северный Казахстан.- 2001.-16 окт.
Алыкпашев С. Ступени зрелости: Акимжанов З.//

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий