Шөже Қаржаубайұлы

20 августа 2012 - Администратор

 Шөже Қаржаубайұлы


    Шөже Қаржаубайұлының шығармашылығы мен таланты, оның шығармалары қазақ халқының жетістіктерінің бірі ретінде бағаланады. Ол 1808 жылы Көкшетау облысының Қызылту ауданында /қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы/ туған. Қазақтың атығай руынан шыққан.
Бала кезінен қобызда, домбырада ойнаған, ақындықпен әуестенген. Түрлі тойларға, мерекелерге қатысып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Кедейліктің, соқырлықтың ауыр зардабын тартты. Сондықтан өзінің ақындық қабілетін күн көріс құралы ретінде пайдалануға мәжбүр болды. Оның кейбір шығармалары жеке тұлғаларды мадақтауға арналған. Сонымен қатар Шөже байларды, дүниеқор адамдарды аяусыз сынаған.
   Шөже – ірі айтыс шебері. Оның «Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ» деген сөздері ақынның өз кезінің көптеген белгілі ақындарымен айтысқа түскенін білдіреді.
   Шөже Қаржаубайұлының Орынбай, Балта, Тезек, Серәлі, Шортанбай және басқа ақындармен айтысы кеңінен танымал. Балта мен Тезекпен айтыстарында ақын үстем таптың әділетсіздігін әшкерелейді.
    Шөже қазақ даласында 19 ғасырда орын алған өзгерістердің әсерімен қалыптасты. Міне, сондықтан Ш.Ш.Уәлиханов оны "жаңашыл ақын" санады.      Ол лиро-эпостық жырларды да тамаша орындаған. 19 ғасырдың 60-шы жылдары Шөженің аузынан "Қозы Көрпеш – Баян сұлудың" тамаша нұсқалары, соның бірі 1864 жылы 5 наурызда Омбыда, Шоқан Уәлихановтың пәтерінде жазылып алынған.
   Шоқан әкесінің ауылында емделіп жатқан кезде сол кезеңнің үздік жыршылары Шөже, Орынбай, Тоғжан, Арыстанбайлармен кездескен. Олардың аузынан қазақ халық әдебиетінің аса қызықты үлгілерін жазып алған. Ш.Уәлиханов Шөжені халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерінің және халық шежіресінің білгірі ретінде бағалаған. А.Құнанбаев, С.Торайғыров Шөжені ақындық талантын жоғары бағалаған, жасқанбай тура айтатын өткірлігін қатты құрметтеген.
Шөже 1895 жылы Уәлиханов ауданында жерленген.

Библиография


Шөженің көп айтыстарының мәтіні сақталып, мына жинақтарда жарияланған: Антология казахской поэзии. - М.,1958., Песни акынов, Степные ритмы: Стихи.-Алма-Ата, 1979. Ол туралы тоғыз томдық "Казахи" кітабынан оқуға болады.- 2 т.,Г.Е.Тайжановтың "М.О.Ауэзов о творчестве акына Шоже" мақаласынан//Мухтар Ауэзов и современная литература - Алма-Ата, 1989.-С.212-217

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий