Негимов Серік

7 апреля 2020 - Садыкова А.

Негимов Серік Нығметтоллаұлы 1948 жылы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Ш. Уәлиханов ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1972-1992 жылдары - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1992-1997 жылдары - Қазақ қыздар педагогикалық институты қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. 1997-1999 жылдары Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2000 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 2005 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінде профессор болып қызмет істейді.
Ғылыми еңбектері халық ауыз әдебиеті, жыраулар мен ақындар поэзиясы, қазақша тақпақ құрастыру және шешендік саласына байланысты. 400-ден аса ғылыми, әдеби-сын мақала мен рецензиялар, «Өлең өмірі», «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі», «Өнерпаздық өрнектері», «Шешендік өнер», «Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика», «Мәлік Ғабдуллин» атты зерттеулердің авторы.

 

Есқали, Ө. Әдебиеттану ғылымының білгірі [Мәтін]  / Ө. Есқали // Егемен Қазақстан. – 2018. – 29 мамыр.- Б. 11

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий