Поляков Юрий Петрович

13 июня 2012 - Администратор

 Поляков Юрий Петрович

(1935 – 2006) 

   Юрий Петрович 1935 жылы 28 сәуірде Орлов облысының Глазуновский ауданы Лобановка ауылында туды. 1950 жылы жергілікті жеті жылдық мектепті бітіріп, көп ұзамай кен-өнеркәсіп училищесіне оқуға түседі де, бітіргеннен кейін Тула облысының шахталарында жұмыс істейді.

   1960 жылы комсомол жолдамасымен Солтүстік Қазақстан облысының Совет (қазіргі Аққайың) ауданына келеді. «Путь Ильича» кеңшарында тракторшы, комсорг болып істейді. Кеңшарда жұмыс істеп жүріп, аудандық «Колос» газетінде, облыстық «Ленинское знамя» газетінде өлеңдерін, очерктерін, украин тілінен аудармаларын жариялай бастайды. Көп ұзамай аудандық газетке ауысады.

1970 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебінің журналистка бөлімін аяқтайды.
КСРО Журналистер одағының мүшесі Поляков Юрий Петрович 1994 жылдан 1997 жылға дейін Тимирязев ауданының «Совхозная жизнь» газетін басқарады. Байтақ далаға ғашық болған ақын біздің жерімізге көптеген ұмытылмас өлең жолдарын арнады.

Ты не кленовый и не вязевый,
Мой поселок степной Тимирязево.
Тополиный ты, голубиный ты,
Небеса твои ветром вымыты.
По весне-красне летом розовым
Весь окрикан ты криком-грозами.
Поперек и вдоль дни-неделями
Ты продут-прожжен стынь-метелями.
Знаю, цвесть тебе в садов кипени
В золотой степи добрым именем.
И шагать в простор новостройками…
Но отпущено песен столько мне?
Может встреча та (годы грудятся)
С твоим будущим и не сбудется,
Но в буранных днях греюсь верою
И в твою судьбу все же верую.
И пою с того доверительно
О земле людей удивительных.

   Өзі қырық жылдан астам уақыт өмір сүрген Тимирязев жеріне ақын, КСРО Журналистер одағының мүшесі Поляков Юрий Петрович осындай өлең жолдарын арнады.
   Осы өлең жолдары арқылы ол тамаша Тимирязев жерінің беймәлім сұлулығы мен қарапайымдылығын бейнелей алды.
   Юрий Петрович Поляков – бес ұжымдық жинаққа қатысушы, солардың ішінде «Родники народные» (1973); «Целинный меридиан» (1985); «Эхо родного края» (1998) жинақтары бар.

Автордың шығармалары:


Поляков Юрий Петрович. Барьер: Поэмы и пародии.- Тимирязево: [б.и.], 1991.- 74 c
Поляков Юрий Петрович. Вязь: стихи разных лет.- Тимирязево: [б.и.], 1992.- 70 c
Поляков Юрий Петрович. Горький ветер: Стихи и поэмы / [Худож. В. Манзя].- Тимирязево: [б.и.], 1991.- 107 с.
Поляков Юрий Петрович. Двойной заряд: Рассказы.- Петропавловск: Северный Казахстан, 2006.- 92 с.
Поляков Юрий Петрович. Эхо и голос: Рассказы и стихи. – М.: Фирма «Кток», 1994.-142 с

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий