Сыздықов Жақан

20 августа 2012 - Администратор

Сыздықов Жақан
(10.05.1901-23.10.1977)

     Жақан Сыздықов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Қарағаш ауылында туған. Ақын.
1920-21 жж. Көкшетауда қызыл мұғалімдер курсында оқыған. 1922-26 жж. Көкшетау уезінің азық-түлік комитетінде жұмыс істеген. 1926-29 жж. – Ақмола губерниясының "Знамя свободы" газетінің жауапты хатшысы және директордың орынбасары, «Қызыл Түркістан», «Оңтүстік Қазақстан», «Сталин жолы» (қазіргі «Жетісу») газеттерінің жауапты хатшысы, 1936-60 жж. Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақстанның ЖО-да, Қазақстан Министрлер Кеңесі жанындағы телерадиокомитетте жұмыс істеген.
   Сыздықовтың шығармалары 1924 жылдан бастап жарыққа шыға бастады. «Еңбек жемістері» (1929), «Найзағай» (1932), «Қызғалдақ» (1932), «Толқын» (1934) және т.б. өлең кітаптары жарық көрді. «Әлі қарттың әңгімелері» (1927), «Майкөл тамы» (1927), «Қос қыран» (1948) поэмаларының авторы. Ақынның шығармалары «Өлеңдер жинағы» (1937), «Шаттық үні» (1938) кітаптарына енді. «Арыс тарихы» (1932), «Маймыл ертегісі» (1933), (парсы ақыны Әділқасым Лахути шығармаларының аудармасы), «Алмас» (1950), «Меруерт тау» (1953) халық ауыз әдебиеті үлгілерінің, аңыз-әңгімелердің негізінде жазылған. «Түркия түнегінде» (1950), «Лақтырылған бөбек» (1954), «Ел бар сонау алыста» (1956) ән-өлеңдері, «Патрис Лумумба» (1961), «Таңдамалы шығармалар» (1961, 1971, 1978), "Өмір лебі" (1964), «Асулар» (1968) өлеңдер мен поэмалар жинақтары басылып шықты.
    Орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың "Воскресенье" романын (1955), «Легенда об Арсене» поэмасын, татар жазушысы Г.Ибрагимовтың "Қазақ қызы" романы (1960) мен "Шұбар алма" повесін (1961), Ғ.Тоқайдың өлеңдері мен поэмаларын (1952) қазақ тіліне аударды. Сыздықовтың өлеңдер мен поэмалар циклі орыс тіліне аударылып, "Соколиное племя" деген атаумен жарық көрді (1958), сондай-ақ өзбек, ұйғыр, татар, башқұрт, түрікмен, тәжік, қарақалпақ тілдеріне аударылған.
Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

Библиография:
Жеке басылымдары:


1. Сыздықов, Ж. Алтын қалам/ Ж. Сыздықов. – Алматы: О.К.Б., 1949. – 129 бет.
2. Сыздықов, Ж. Асулар: Өлеңдер, поэмалар/ Ж. Сыздықов. - А., 1968
3. Сыздықов, Ж. Қос қыран: Өлеңдер/ Ж. Сыздықов. - А., 1948
4. Сыздықов, Ж. Майкөл тамы: Өлеңдер/ Ж. Сыздықов. - А., 1950
5 Сыздықов, Ж. Өлеңдер / Ж. Сыздықов – А.: Қазмемкөркемәдеббас, 1951. – 55 бет.
6. Сыздықов, Ж. Таңдамалы: Өлеңдер мен дастандары/ Ж. Сыздықов. - А., 1949
7. Сыздықов, Ж. Таңдамалы шығармалар: Өлеңдер мен поэмалар / Ж. Сыздықов. – А.: Қазмемкөркемәдеббас, 1961. – 335 бет.
8. Сыздықов, Ж. Таңдамалы/ Ж. Сыздықов. – Алматы: «Жазушы», 1971. – 182 бет.
9. Сыздықов, Ж. Таңдамалы: Өлеңдер мен поэмалар/ Ж. Сыздықов. – Алматы: «Жазушы», 1978. – 472 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


1.Кирюшина, Л. Он наш земляк, он – наша гордость: К 110-летию Ж.Сыздыкова/ Л. Кирюшина// Тайыншинские вести. – 2011. - 24 июня. 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий