Қажыбаев Төлеген Сыздықұлы

20 августа 2012 - Администратор

 Қажыбаев Төлеген Сыздықұлы
(12.12.1942)

    Көкшетау облысы Чкалов ауданының Орталық ауылында туған (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы). Ақын. Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері (1980).
    ҚазПИ-ді бітірген (1966). 1968-71 жж. – облыстық "Коммунизм нұры" газетінің әдеби қызметкері, радио және телекомитеттің аға редакторы, 1966-68 жж. және 1971 жылдан бастап – облыстық "Көкшетау правдасы" газетінің (қазіргі "Көкшетау") әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық "Солтүстік Қазақстан" газетінің қызметкері, Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық "Арқа ажары" газетінің тілшілер пунктінің басшысы.
    Қажыбаевтың "Бозторғай" атты алғашқы новелласы 1966 жылы "Көкшетау" альманағында жарияланды.
   Қажыбаев «Жол басы» (1977), «Жанымның жапырақтары» (1985), «Жырлайды жүрек», «Қарасай - дастан», «Сексен көл сылдыры», «Жыр-ғұмыр» өлеңдер мен поэмалар жинақтарының, «Айналайын атыңнан» (1980), «Махаббат әні» (1989), «Жеті жыл» және т.б. әңгімелер мен повестер жинақтарының, «Ерлік еңбек» (1975) және «Көкшетау қарлығаштары» (1982) атты очерктер кітаптарының авторы.
Қажыбаевтың «Ұмытпа мені, Гәккуім», «Жындар биі», «Зауал», «Хан Кененің қазасы» сияқты драмалық шығармалары Ақмола облыстық драма театрының сахнасында қойылады.
     Қажыбаевтың «Сейіт – Бөкен», «Жапақ батыр» дастандары жарыққа шыққан.
     Бірнеше өлеңдері орыс және украин тілдеріне аударылған.
     Қажыбаев – Көкшетау қаласының Құрметті азаматы.

Библиография:
Жеке басылымдары:


1. Қажыбаев, Т. Айналайын атыңнан: Әнгімелер және повесть/Т. Кожыбаев.- Алматы: Жалын, 1980.- 128 бет.
2. Қажыбаев, Т. Жанымның жапырақтары: Өлеңдер мен поэмалар/Т. Кожыбаев. – Алматы: Жазушы, 1985. – 96 бет.
3. Қажыбаев, Т. Жол басы: Өлендер мен поэма/Т. Кожыбаев. – Алматы: Жалын, 1977. – 67 бет.
4. Қажыбаев, Т. Көкшетау – қарлығаштары/Т. Кожыбаев. – А.: Мектеп, 1982. – 488 бет.
5. Қажыбаев, Т. Қанкешу: Повестер/Т. Кожыбаев. – Ақмола, 1995. – 226 бет.
6. Қажыбаев, Т. Қарасай – дастан: Жыр жинағы/Т. Кожыбаев. – Кокшетау, 1998. – 76 бет.
7. Қажыбаев,Т. Сексен көл сылдыры: Өлендер жинағы/Т. Кожыбаев. – Ақмола, 1996. – 190 бет.
8. Қажыбаев,Т. Хан Кене: Толғаулар, дастандар, драмалар/Т. Кажыбаев. – Алматы: Жібек жолы, 2002. – 184 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий