Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы

19 июня 2012 - Администратор

 Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы
30.10.1955 ж.туған

   Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Қарағаш ауылында дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Облыстық «Көкшетау шындығы» газетінде кіші әдеби қызметкер, бас әдеби қызметкер болып істеді, 2005 жылдан бастап Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетін басқарды.
   Көптеген марапаттардың– «Қажырлы еңбегі үшін» медалінің, Қазақстан Журналистер Одағының және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтардың, Қазақстан Республикасының екі Құрмет грамотасының иегері.
2007 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаты болды.
Жабал Ерғалиевтің есімі «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына енген. Ерғалиев Қарасай батырды мәңгі есте сақтау бойынша компания ұйымдастырып, соның басшысы болды.

Автордың шығармалары


« Сөне көрме, жұлдыздар». - Алматы: Газет, 1994 ж.- 78 б.
«Қазақтың Карасай батыры.-Алматы.- 1997 ж.
«Ұлтым, ұлысым менің». Алматы. - 2002 ж
«Бұлтты түнгі толған ай».-Алматы: Ұмай, 2007 ж.-223 б.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Ергалиев Жабал // Северо – Казахстанская область : Энциклопедия. - Алматы: Арыс. – 2006.- с. 244

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий