Зікірин Тоқтар Нұрахметұлы

26 марта 2020 - Садыкова А.

Тоқтар Зікірин 1949 жылы 22 тамызда бұрынғы Сергеев, қазіргі Шал ақын ауданындағы Балуан ауылында туған. 1966 жылы Жамбыл орта мектебін бітіргеннен кейін, бір жыл жұмыс істейді. 1967 жылы Қарағанды қаласындағы кооперативтік институтқа түсіп, оны 1971 жылы бітіріп шығады. Мамандығы бойынша Преснов, Шал ақын аудандарында қызмет істеді. Сауда саласында бірқатар басшылық қызмет атқарса да, әдебиетке, сөз өнеріне деген сүйіспеншілік оның ойынан бір сәт те үзілмейді. Сол сүйіспеншіліктің жетегімен облыстық «Ленин туы» газетіне Сергеев, Тимирязев аудандары бойынша меншікті тілші болып орналасады. Сондағы 7-8 жылдың ішінде ол журналистік шыңдалу мектебінен өтеді. 1988 жылы редакция басшыларының шақыруымен Петропавл қаласына түпкілікті қоныс аударып, облыстық газетте көптеген жауапты қызметтер атқарды. Қырық жылдай қолынан қаламы түспеген ақын сыр-сезімдерге толы толғанысты сәттерін жыр жолына түсіруден жалыққан емес.Оқырман қауымға «Жан шуағы», «Көңіл көкжиектері», «Тіршілік тынысы», «Бұл бір дәурен», «Өмір өзегі» атты жыр кітаптарын ұсынды, бұл жинақтарға әр жылдары жазған өлеңдер, балладалар, толғаулар топтастырылды.

Зікірин, Т. Шабыт – дауыл мазалайды жанымды [Мәтін] : өлеңдер /Т. Зікірин // Soltústik QAZAQSTAN. – 2019. – 22 tamyz.- Б. 8-9

Құсайынов, З. Өмірге ғашық ақын [Мәтін] : ақын Тоқтар Зікірин жайында / З. Құсайынов // Soltústik QAZAQSTAN.  2019.  22 tamyz.- Б. 8-9 

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий