Шал ақын

15 августа 2012 - Администратор

    Шал ақын, шын аты Тілеуке Құлекеұлы 1748 жылы Көкшетау облысының аумағындағы қазіргі Азат теміржол станциясының маңында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) туды. Халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Туған кезде қойылған аты Тілеуке, кейін оны Шал деп атап кеткен. Бала кезінен тапқыр, зерек, ойға жүйрік болған, ақылгөй қариялардың әңгімелерін сүйіп тыңдаумен қатар, есінде оңай сақтайтын болғандықтан, замандастары мен жеңгелері қалжыңдап "көпті көрген шал" деп атап кеткен.

   Әкесі Құлеке Абылай ханның серігі және Орта Жүздегі ең құрметті ру басыларының бірі болған. Анасы – үйсін руынан атақты Төле бидің қызы. Шамамен 1755-1760 жылдары Құлеке батырдың ауылы Көкшетаудан Есіл өзенінің жағасына көшіп, сол жерде тұрақтап қалады. Ақынның бар саналы ғұмыры осы өлкеде – қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының аумағында өтеді.
15 жасынан ақындықпен әуестеніп, халық ауыз әдебиетіне және сол замандағы ақындардың шығармаларына қызығушылық танытады. Ш.Уәлихановтың айтуынша, Шал ақын қазақ халқының шығу тарихы, оның рулары, хандар генеологиясы туралы материалдар жинап, солардың негізінде тамаша эпос жазған.

   Ұқыпсыздығынан, үнемсіздігінен, әкесі қалдырған мұраға ие бола алмады. Кедейліктің ауыртпалығын басынан кешірген кезде байлардан көмек сұрамаған. Жағымпаздық пен жалпақтауды жек көрген, өмірдің барлық сынақтарынан абыроймен өткен.
Шал ақын ұлы Мәлікбай мен қызы Мәлике туған кезде егде тарқан болатын. Өмірінің екінші жартысын Шал ақын жоқшылықпен өткізді. Ақсақалдардың айтуынша, ол 1819 жылы жазғы көшіп-қону кезінде дүние салған. Шал ақын Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка қаласының маңындағы Аютас төбесіне қарсы жерленген. Оның бейіті Есілдің оң жағасындағы көп бейіттердің арасында жоғалып кеткен. Қазіргі кезде ешкім де ақынның сүйегі жатқан жерді анық көрсете алмайды.

   Шал ақынның мұрасы бізге толық жеткен жоқ, барлығы шамамен мың жарым жолды құрайды. Оның өлеңдерінің тақырыптары: жақсылық пен жамандық, дарқандық пен ашкөздік, даналық пен надандық, байлық пен кедейлік. Оның лирикалық туындылары философиялық тереңдік пен шынайылыққа толы. Шал ақын шығармашылығында дін тақырыбы ерекше орын алады. Ол өз кезінде жоғары білімді адам болған. Ақын көп нәрсе адамның өзіне байланысты екенін, өмірдегі өз орныңды білу, өз парызыңды түсіну, жақсылық істей білуге байланысты екенін айтқан. Оның көптеген дидактикалық шығармалары осы туралы («Ата-ананың қадірін...», «Жігіт туралы», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар»). Шал ақын адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі оның бірлік пен достыққа талпынысы деп санаған. Шал ақынның өлеңдері мен жырларына өмір құбылыстары мен адам психологиясына философиялық көзқараспен қараушылық тән.
Шал ақын шығармаларының көбі – аяқ астынан шығарылған өлеңдер. Оның суырып салу өнері осы жанрдың үлгісі деп есептеледі. Ол айтыс шебері болды, көп айтыстарға қатысты («Шал ақынның қызбен айтысы», «Шал ақын мен бәйбішенің айтысы», «Шал ақын мен жігіттің айтысы» және басқалары).

Оның көп сөздері қанатты сөзге айналып кетті.

  Шал ақынның өлеңі баспа бетінде алғаш рет 1929 жылы пайда болды («Жаңа әдебиет», № 5), кейін 1958 жылы 8 өлеңі басылды («Қазақ әдебиеті», 28 қазан). Оның кейбір шығармаларын кезінде М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, А.Нұрқатов және басқалар ақынның шығармаларын айтып отыратын ақсақалдардың аузынан жазып алғаны белгілі. Қазақстаннан тысқары жерде түркі тілдес әдебиеттің атақты білгірі, ғалым Х.Шаяхметұлы Ғали Шал ақынның бірнеше шығармасын жазып алған, олардың қолжазбасы Қазан университетінің Н.И.Лобачевский атындағы ғылыми кітапханасында сақтаулы. Негізінен, Шал ақынның шығармалары 1960 жылдан бастап жарыққа шыға бастады, сол кезден бастап оның шығармашылығы туралы ғылыми зерттеулер де пайда бола бастады. Шал ақынның шығармалары «Алдастан» (1971), «XV – XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985, 1989) жинақтарына енген. "Шал ақын" («Арыс», 2003) басылымында қазақ және орыс тіліндегі шығармалар, белгілі ғалымдардың ғылыми мақалалары бар.

  Ірі әдебиеттанушылар Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, Ғ.Әбетов, Ш.Елеукенов, Ә.Дербісәлин, О.Күмісбаев және т.б. Шал ақын мұрасын зерттеумен айналысты. 1998 жылы 25 қазанда Петропавл қаласында Шал ақынның туғанынан 250 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

1999 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданы Шал ақын ауданы болып өзгертілді.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымлары:


Шал ақын: Өлеңдер. Зерттеу деректер/ Шал ақын.- А.: Арыс, 2003.- 200 бет.- (Мәдени мұра)
Шал ақын: Өлеңдер/ Шал ақын; аудармашы Ә. Қодар.- Петропавл: Полиграфия, 2009.- 160 бет.
Шал ақын: Өлеңдер және әдеби зерттеулер/ Шал ақын; Құраст. Ж. Сүлейменов.- Алматы: Асыл кітап, 2008.- 224 бет.
Шал ақын Құлекұлы: Шығармалары. Зерттеулер/ Шал ақын; Құраст. С. Қосанов, Т. Әлібеков.- А.: Дайк-Пресс, 1999.- 264 бет.

Жинақтардағы шығармалары:


Шал ақын (1748-1819): Өлеңдері// Бес ғасыр жырлайды: Т.1.- Алматы: Жазушы, 1989.- 111-149 бет.
Шал ақын (1748-1819): Өлеңдері, поэмалары// Жеті ғасыр жырлайды: XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын - жырауларының шығармалары: Т.1.- А.: Жазушы, 2008.- 80-105 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Ай, О. Шал ақынның ұрпағы: (Шал ақынның 7 ұрпағы Темірхан Өсіп)/ О. Ай// Әдебиет айдыны.- 2006.-29 маусым.-10 бет.
Ибраева, Н. Шал-ақынның философиясы: (Шал-ақын туралы)/ Н. Ибраева// Ақиқат.- 2006.- № 3.
Ибраева, Н. Ә. Шал ақынның дүниетанымына тарихи-философиялық талдау: Автореферат: 09.00.03.- А.: Баспасыз, 2007.- 24 бет.
Мұқанов, Қ. "Қызыл тіл, тіршілікте тебіреніп қал": Шал ақын туралы/ Қ. Мұқанов// Солтүстік Қазақстан.- 2007.- 9 қараша.
"Сауырдан су төгілмес боз жорға едім"- деп жырлап өткен Шал ақынға ескерткіш орнатылды: Шал ақын ескерткіші туралы// Солтүстік Қазақстан.- 2007.- 24желтоқсан.- 1 бет.
Ысмағұлов, Т. Шал ақын/ Т. Ысмағұлов // Жаңа Сарыарқа.- 2006.- № 3.- 27-33 бет.

Біржанұлы Х. Шал ақынның туғанына 250 жыл толуына қарсаңында // Солтүстік Қазақстан. – 1998. – 22 шілде.

Қайролла Мұқанов. Шал ақын поэзиясындағы педагогикалық-тәрбиелік ой-пікірлер.//Soltustik Qazaqstan. – 2 желтоқсан. – 4 бет. - 1989 ж.
Билялов, К. …Строкой пера он жизнь воспевал/ К. Билялов// Новатор.- 2004.- 30 ноября.- С. 2.
Камбарбаева, Г. Его имя носит наш район/ Г. Камбарбаева// Новатор.- 2006.- 16 июня.- С. 1.
Конырбаев, Г. Жизнь и творчество Шал акына/ Г. Конырбаев// Новатор.- 2007.- 14 декабря.-С.4.
Кузнецов, В. Д. Мал золотник, да дорог: Очерки по истории Сергеевского района/ В.Д. Кузнецов. – Петропавловск, 1999.- 209 с.
Магауин, М. Кобыз и копье. Повествование о казахских акынах и жырау XV-XVII веков/ М. Магауин.- 5-е изд., перераб.- Алматы: Мектеп, 2003.- 176 с. – («Слово седьмое»).
Муканов, К. Горячее огня/ К. Муканов// Провинция.- 2008.- №3.- С. 64.
Муканов, К. Горячее огня/ К Муканов// Северный Казахстан.- 2008.- 21 января.- С. 4.
Муканова, Г. Абылай хан и Шал акын/ Г. Муканова// Республика. kz.- 2007.- 23 окт.
Сериков, С. И помнят, и гордятся/ С. Сериков// Северный Казахстан.- 2009.- 7 сент.- С. 3.
Шал акын: [Крат. биогр. справка] // Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- А.: «Аруна», «Қазығұрт», 2010.- с. 507.
Шал акын: [Крат. биогр. справка] // Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.- А.: «Арыс», 2006.- с. 588-589.

«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің». // Soltustik Qazaqstan. – 23 тамыз. -№ 134. – 7 бет. - 2018 ж.

Өтеген Күмісбаев. Шал ақынның шеберлігі. / Ө. Күмісбаев. // Мағжан, № 3.- 2015.- 80 – 89 бет

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий