Нұрқанов Жарасбай Анасұлы
21 августа 2012 - Администратор
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
![]() |
Добавить комментарий |
Персоналийлер
Нұрқанов Жарасбай Анасұлы
(1937)
Нұрқанов Жарасбай Анасұлы 1937 жылы 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында туған. Журналист, ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1984).
Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді бітірген (1960). Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалімдіктен бастады (1962-1964). 1965-1966 жж. "Тың өлкесі" газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1966-1974 жж. Целиноград облыстық "Коммунизм нұры" газетінде бөлім меңгерушісі болды. 1974-1981 жж. – республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің Целиноград облысы бойынша меншікті тілшісі. 1981-1984 жж. – "Өнер" баспасының аға редакторы, 1984-1986 жж.– "Жазушы" баспасының аға редакторы. 1987 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысады.
Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:
Нұрқанов, Ж. Алтын десте: Өлеңдер/ Ж. Нұрқанов.- Алматы: Жазушы, 1977.- 56 бет.
Нұрқанов, Ж. Арманым менің: Өлеңдер/ Ж. Нұрқанов.- Алматы: Жалын, 1980.- 48 бет.
Нұрқанов, Ж. Нұрлы терезе: Өлеңдер мен поэма/ Ж. Нұрқанов.- Алматы: Жазушы, 1971.- 64 бет.
Нұрқанов Ж. Көкжиек: таңдамалы шығармалар.- Астана: Астана полиграфия, 2013.- 360 б..: 1 б. портр.
Нурканов Ж. Қызылжар / [кұраст. акынның жары Қ. Нұрқанова].- Алматы: Қазығурт, 2012.- 384 бет.-(Жаңа заман әдебиеті. Поэзия)
Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:
Малдыбаев, Ш. Өз заманының күнделігі [Мәтін] / Ш. Малдыбаев // Ana tili. – 2022. - 17-30 наурыз (№11-12). - Б. 14
Муканов, К. Замечательный поэт – лирик: Ж. Нурканов// Проспект СК.- 2007.- 23 марта (№12).- С. 9.
Нурканов Жарасбай: [Крат. биогр. справка] // Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- А.: «Аруна», «Қазығұрт», 2010.- с. 369.
Нурканов Жарасбай Анасулы: [Крат. биогр. справка] // Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.- А.: «Арыс», 2006.- с. 413.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
![]() |
Добавить комментарий |