Ахметбеков Мәркен Ахметбекұлы

26 марта 2020 - Садыкова А.

Ахметбеков Мәркен Ахметбекұлы (05.02. 1940 – 06.10. 1993)

 Солтүстiк Қазақстан облысы Октябрь ауданы, Қаратал а. дүниеге келдi. 1962 ж. Зооветериналдық институтын тәмамдады (Алматы қ.). 1962 ж. Солтүстiк ғылыми-зерттеу малшаруашылық институтының кiшi ғылыми қызметкерi (Бескөл ауданы Бескөл а.). 1962-1964 жж. «Теренсай», «Заря» совхоздарының №3 бөлiмiнiң зоотехнигi (Қаратал а.). 1964-1968 жж. В.Быковский атындағы совхозының бас зоотехнигi (Сухоробовка а.). 1968-1970 жж. Сергеев ауданының ауылшаруашылық өндiрiстiк басқармасының басшы орынбасары (Сергеевка қ.). 1970-1973 жж. «Ступинка» совхозының директоры (Сергеевка ауданы Ступинка а.). 1973-1974 жж. Бескөл ауданы еңбекшi Кеңес депутат исполкомының төрағасы (Бескөл ауданы Бескөл а.). 1974-1981 жж. Қазақстан Компартиясы Жамбыл ауданы комитетiнiң бiрiншi хатшысы (Благовещенка а.). 1981-1983 жж.ЦК КПСС қоғамдық ғылым академиясының тыңдаушы орынбасары (Мәскеу қ.). 1983-1985 жж. Қазақстан Компартиясы Солтүстiк-Қазақмтан обкомның тағамды өнеркәсiп және ауылшаруашылық бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары (Петропавл қ.). 1985-1989 жж. Қазақстан Компартиясы Сергеев ауданы комитетiнiң бiрiншi хатшысы (Сергеев қ.). 1989-1991 жж. Қазақстан Компартиясы Солтүстiк Қазақстан обкомының екiншi хатшысы, 1991-1993 жж. Облыстық агроөнеркәсiп комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары (Петропавл қ.). Қызыл Еңбек Белгiсi, «Құрмет белгiсi» екi орденмен марапатталды.

Қалиев, Қ. Ер еңбегін ел ұмытпайды [Мәтін] : қоғам қайраткері Мәркен Ахметбеков жайында / Қ. Қалиев // Soltústik QAZAQSTAN. – 2020.- 4 aqpan.- Б. 4 

Мұқанов, Қ. Өнегелі өмір /Қ. Мұқанов //Ел ардақтылары.- Петропавл, 2016.- Б. 364-367

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий