Қонарбаев Ермек

19 июля 2012 - Администратор

   Қонарбаев Ермек Ләмәлиұлы 1938 жылы 8 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Көктерек ауылында туған. 1955 жылы осы аудандағы Ленин орта мектебін бітірген. 1955 жылы Алматының Абай атындағы педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне түсіп, оны 1960 жылы аяқтап шығады. Бір жыл сол кездегі кеңшар орталығы - Новопокровка селосында комсомол ұйымының хатшысы болып қызмет істейді. 1961 жылдан бастап негізгі мамандығы бойынша қызметке ауысады. Ленин орта мектебінде мұғалім,әрі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, партком хатшысы, Новопокровка орта мектебінің мұғалімі, Ақбалшық ( Белоглинка ) сегіз жылдық мектебінің директоры , «Ленин туы» газетінің меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.
    Қазақстан Республикасының Халық ағарту ісінің үздігі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Ермек Қонарбаев әңгіме жазуды мектеп қабырғасынан бастайды. Әдебиет әлеміне сапары өлеңнен басталыпты. Студент кезінде мына « Тартады бір күш » деген өлеңін жазады:

«Сағынбайын десем де
Көңіл шіркін қоймайды.
Жүрек былай тыпыршып,
Тынымсыз елді ойлайды.

Тағы бір күн, бір-ақ күн
Болсам деймін ауылда.
Келсе екен деп тезірек
Қайтатын кез ауылға.

Тартады бір күш сол
жақтан
Әлде қыздың көзі ме ?
Қымсына күліп, қол созып,
«Қош бол!» деген сөзі
ме?»

   Алғашқы прозалық шығармасы студент кезінің өзінде 1959 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналында жарияланады. Поэзия мен прозаның екі тізгінін тең ұстау мүмкін емес. Оның таңдағаны – проза.
   Ол, әсіресе, «юмореска» деп аталған шағын жанрдың орнығуына мол үлес қосты.
  Ауылдағы қызмет, үйдің шаруасы көп уақытын алып, өзі сүйген әдебиетіне еркін құлаш сермеп сүңгіп кетуге мұрша бермесе де ол қаламын қаңтармайды. Шабытты шақтарда шағын әңгімелерін жазып тастап , редакцияларға жолдап жатады. Оның шығармалары облыстық газеттерде ғана емес, республикалық газет-журналдарда да жарық көріп, сыншылар тарапынан жылы лебізге ие болды.
    «Соңғы жылдың жүгі», «Қайрақ», «Ең сүйікті кейіпкер» атты үш повесть Ермек Қонарбаевтың қаламы барынша ұшталып, биіктерге қанат қаққанын танытты. Бұл шығармалары оның өзі басынан өткізген хикаяларды көркем кестеге түсірген іспетті. Бірінші повесте кеңшар директоры Нұрсипаттың зейнетке жетер табалдырыққа бір жыл қалған тұстағы бейнесі берілсе, «Қайрақ» повесінің эпиграфы етіп «Парасатты парторг, Совет Одағының Батыры Ысқақ Ыбыраевқа ескерткіш» деген сөздер жазыпты. Осындай ірі тұлғаның бейнесіне сүйсіне көз сала отырып қаламын жеңіл жорғалатып, іркілмей, кібіртіктемей ықылыспен жазғаны аңғарылады. Үшінші повесте «Ең сүйікті кейіпкер» де жазушының еркін меңгерген тақырыбын қозғап, жүрекке жылы әуенмен сондай тартымды жазылған.Мектеп өмірінің ыстық лебі ескендей болады. Жоғары сынып оқушылары «Менің ең сүйікті кейіпкерім» деген тақырыпта шығарма жазып, мектеп бойынша жарияланған бәйгеге қатыспақ. Жюри төрағасы әдебиет пәнінің мұғалімі Жармағанбет. Оқиға «Тереңсай» кеңшарында өтеді. Жазушы бұл туындысын өз ауылының өмірінен алып жазғаны көрініп тұр. Өз басынан өткен, өз жүрегін жалынымен шарпыған оқиғаларды жазу қызғылықты да әрі жеңіл. Ермек Қонарбаевтың көркем сөзбен салған суреттері сол себептен де жарқын бояулы, айтар ойлары, ұсынар ғибраттары шапағатты.
   Кез келген жазушы өз өмірін жазбай отыра алмаған. Бұл кісі де солай. , Мәселен, «Сәулең сөнбесін» әңгімесін алыңыз немесе «Қайрақ» хикаятына қараңыз. Онда оның өмірбаянын оқып шыққандай әсер аласыз.
   Оның «Түнгі от» деп аталатын алғашқы әңгімелер жинағы 1969 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді. Ал, «Жалын» баспасынан 1977 жылы екінші әңгімелер жинағы – «Жол басы», 1980 жылы осы «Жалын» баспасынан үшінші әңгімелер жинағы «Тиек» басылып шықты. Ермек Қонарбаев көзі тірісінде үш кітабын бастырып, шығарып үлгірді. Төртіншісін – «Қас қағым сәт» кітабын ол көре алмады, қайтыс болған соң шықты.
Ермек Қонарбаев әңгімелерінде алтын бесік саналатын ыстық мекенге деген сүйіспеншілік лебі есіп, ауыл өмірін, ауыл адамдарының тамаша қасиеттерін,аңқылдақ, ақжарқын мінезін, адал көңілін әдемі кестелеп, ерекше айшықты нақыштармен зерлеуге ұмтылды.
Ермек Қонарбаевтың есімін елге танытып, әдебиетімізге жас толқынның нық қадам басып, дарын гүлін жайнатып толық аша алмай, арманда кеткенін ұлағатты ұстаныммен жеткізген Қазақстанның халық жазушысы Сафуан Шаймерденов болды. Ол Ермек Қонарбаевтың басылмай қалған шығармаларын бір томдық шығармалар жинағы етіп, «Қас қағым сәт» деген атпен, «Ауыл өмірінің шыншыл жыршысы» деген тақырыппен алғысөзін жазып «Жазушы» баспасынан 1988 жылы бастыртып шығарды.
   Қазақ әдебиетінде жарқ етіп бір көрінгеннің өзінде ұмытылмас із қалдырып, талантты қадамымен танылған Ермек Қонарбаев 1984 жылы 46 жасында қайтыс болды.

Библиография
Автордың шығармалары:
Жеке басылымдары:


Қонарбаев, Е. Жол басы: Әңгімелер/ Е. Қонарбаев.- Алматы: Жалын, 1977.- 88 бет.
Қонарбаев, Е. Қас қағым сәт: Повестер мен әңгімелер/ Е. Қонарбаев; Құраст. Алғы сөзін жазған Сафуан Шаймерденов.- Алматы: Жазушы, 1988.- 384 бет.
Қонарбаев, Е. Тиек: Әңгімелер жинағы/ Е. Қонарбаев.- Алматы: Жалын, 1980.- 192 бет.
Қонарбаев, Е.Түнгі от: Әңгімелер/ Е. Қонарбаев.- Алматы: Жазушы, 1969.- 80 бет.

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары:
Әңгімелері мен повестері


Қонарбаев, Е. Алғашқы сабақ: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Жұлдыз.- 1963.- №6.- 69-72 бет.
Қонарбаев Е. Арқан: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Солтүстік Қазақстан.- 2005.- 29 сәуір.
Қонарбаев, Е. Әсем: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Қазақ әдебиеті.- 1962.- 14 қыркүйек.
Қонарбаев, Е. Бір күй бар...: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1968.- 13 шілде.
Қонарбаев Е. Би құдіреті: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 2 мамыр.
Қонарбаев Е. Бұлақ: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1976.- 16 қазан.
Қонарбаев, Е. Даудың басы: Сықақ әңгіме/ Е. Қонарбаев// Қазақ әдебиеті.- 1967.-13 қаңтар.
Қонарбаев Е. Е, бәсе: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1978.- 4 наурыз.
Қонарбаев, Е. Қалқабай: Сықақ әңгіме/ Е. Қонарбаев// Тың өлкесі.- 1961.- 23 шілде.
Қонарбаев, Е. Қасқа бие: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Жұлдыз.- 1965.- №1.- 73-76 бет.
Қонарбаев, Е. Махаббат: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Қазақ әдебиеті.- 1966.- 16 қыркүйек.
Қонарбаев, Е. Менің екі жолдасым: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1961.- 19 ақпан.
Қонарбаев, Е. Тергеуші: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Тың өлкесі.- 1962.- 9 қыркүйек.
Қонарбаев, Е. Туған жер: Әңгіме/ Е. Қонарбаев// Қазақ әдебиеті.- 1962.- 18 мамыр.

Ермек Қонарбаев. Қайыңды орман. / Е. Қонарбаев // Қызылжар нұры.- 8 желтоқсан.- № 48.- 4-5 бет.- 2023 ж.

Ермек Қонарбаев. Тыйым. Әңгіме. // Soltustik Qazaqstan. – 6 желтоқсан. – 8-9 бет. - 2018 ж.

Юморескалары. Новеллалары. Мысалдары


Қонарбаев, Е. Айып кімде?: Юмореска/ Е. Қонарбаев// Солтүстік Қазақстан.- 2004.- 28 сәуір.
Қонарбаев, Е. Ән сабағы: Юмореска/ Е. Қонарбаев// Қазақстан мұғалімі.- 1966.- 15 желтоқсан.
Қонарбаев, Е. Ерлік туралы сөз: Новелла/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 24 ақпан.
Қонарбаев, Е. Кеудеңде сәулең сөнбесін: Новелла/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 22 желтоқсан.
Қонарбаев, Е. Көшелер сөйлейді: Новелла/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 7 сәуір.
Қонарбаев, Е. Қымбат елес: Новелла/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 1 қаңтар.
Қонарбаев, Е. Миллионер шал: Новелла/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 23 қыркүйек.
Қонарбаев, Е. Өмір гүлі: Новелла/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 23 маусым.
Қонарбаев, Е. Шеге. Шырмауық. Күнге ғашық гүл. Кәріқыз. Бөрік. Белбеу. Қаймақ. Ерінге құмартқан көз. Мұрт: Мысалдар/ Е. Қонарбаев// Солтүстік Қазақстан.- 1998.- 24 маусым.

Өлеңдері


Қонарбаев, Е. Айтшы, құрбым. Жазғы кеште. Қарамашы: Өлеңдер/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1961.- 2 шілде.
Қонарбаев, Е. Қарындасым Нәзікен: Өлең/ Е. Қонарбаев// Солтүстік Қазақстан.- 1998.- 24 маусым.

Очерктері. Мақалалары


Қонарбаев, Е. Әсерлі де әсем: (Мектеп және өмір) / Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 8 мамыр.
Қонарбаев, Е. Бақытты өнерпаз: (И.Әлібаев туралы) / Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 30 шілде.
Қонарбаев, Е. Барша жанға қажет адам: Очерк/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1966.- 30 қаңтар.
Қонарбаев, Е. Жастарды ерлік рухта тәрбиелеу/ Е. Қонарбаев// Қазақстан мұғалімі.- 1971.-28 қаңтар.
Қонарбаев, Е. Дені саудың – жаны сау/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.-1973.- 31 қаңтар.
Қонарбаев, Е. Оқушылар оркестрі/ Е. Қонарбаев// Ленин туы.- 1973.- 13 ақпан.
Қонарбаев, Е. Өнегелі өмір: (Ш. Садықов туралы) / Е. Қонарбаев// Қазақстан мұғалімі.- 1973.- 14 қыркүйек.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет:


Болат Қожахметов. Қаламгер және қас қағым сәт. // Soltustik Qazaqstan. – 6 желтоқсан. – 8-9 бет. - 2018 ж.

Бақыт Мұстафин. Жұлдызы жоғары. Жазушы Ермек Қонарбаевтың туғанына 60 жыл. / Б. Мұстафин // Солтүстік Қазақстан.-1998.- 3 бет.- 3 шілде.

Қобылан Хамзин. Асылдың сынығы. / Қ. Хамзин. // Қызылжар нұры.- 8 желтоқсан.- № 48.- 5 бет.- 2023 ж.

Болат Қожахметов. Көктеректің бір бұтағы, жапырағы – кітабы. / Б. Қожахметов. // Солтүстік Қазақстан.- 2013.- 7 желтоқсан.

Қожахметов, Б. Құс қаламгер: Ермек Қонарбаевтың шығармашылығы туралы/ Б. Қожахметов// Солтүстік Қазақстан.- 1998.- 24 маусым.
Қожахметов, Б. Үміт оты:Е. Қонарбаевтың «Түнгі от» атты әңгімелер жинағы туралы/ Б. Қожахметов// Қазақ әдебиеті.- 1969.- 25 қазан.
Қонарбаев Ермек// Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/ Құраст. Қамшыгер С., Жұмашева Қ.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.- 239 бет.
Қонарбаев Ермек// Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005.- 331 бет.
Қонарбаев Ермек// Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия. – Алматы: Арыс, 2006.- 379 бет.
Мұстафин, Б. Ауыл өмірінің жыршысы: Ермек Қонарбаевтың шығармашылығы туралы/ Б. Мұстафин// Солтүстік Қазақстан.- 2003.- 8 желтоқсан.
Мұстафин, Б. Жарқырап келе жатқанда: Ермек Қонарбаев туралы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1988.- 22 қаңтар.
Мұстафин, Б. Сырласымыз әрқашан: Ермек Қонарбаев туралы// Б. Мұстафин. Таза көңіл. – Петропавл, 2005.- 249-255 бет.

Сафуан Шәймерденов. Ауыл өмірінің жыршысы. / С. Шәймерденов // Қызылжар нұры.-2023. -8 желтоқсан.

Самрат Құскенов. Ғұмырын ғибратпен өрген. / С. Құскенов // Солтүстік Қазақстан.-2023.- 4 ақпан.

 Әзкен Садықова. Менің ағам. // Soltustik Qazaqstan. – 6 желтоқсан. – 9 бет. - 2018 ж.

Марал Зейнел-Ғабиқызы. Шыншыл жазушы. / М. Зейнел-Ғабиқызы // Солтүстік Қазақстан.-2023.-7 желтоқсан.

Ермек Қонарбаев. Алдымен үйіңе жақ... //Ленин туы.- 1973.- 7 жнлтоқсан.

Габит Конырбаев. Талант, рожденный в Коктереке. // Северный Казахстан.- 2008.- 22 февраля.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий