Нұрқатов Айқын

16 августа 2012 - Администратор

Нұрқатов Айқын (1928-1965жж.)

    Нұрқатов Айқын 1928 жылы Көкшетау облысының Рузаев ауданы, Шұқыркөл ауылында туған.
   1950 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің (Қазақ педагогикалық институты) филология факультетін бітірген. Сол жерде аспирантураның теориялық курсын өтті. 1954 жылы "Владимир Маяковский және қазақ совет поэзиясы" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, кейін бұл еңбегі жеке кітап болып басылып шықты.
   1951-1958 жж. "Жұлдыз" журналының әдеби сын бөлімінің меңгерушісі болды.
   1958-1965 жж. - ҚР ҰҒА-ның (Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясы) аға ғылыми қызметкері. Әдебиет зерттеушісі, сыншы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты Айқын Нұрқатов 37 жыл ғана өмір сүрді. Осыншама қысқа ғұмырында ол екі жүзден артық сыни және пікірсарап мақала жазды.
   Нұрқатовтың алғашқы мақалалар жинағы "Жазушы" баспасынан жарыққа шықты.
   1952 жылы жарық көрген 9-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығының серіктес авторы. 1956-1957жж. "Мұхтар Әуезов шығармашылығы" атты монографиясы басылып шықты. 1966 жылы жарыққа шыққан "Абайдың поэзиялық дәстүрлері" атты монографиясы Абай шығармашылығын зерттеуге қосылған үлкен үлес болды.
   Олардың ішінде Ш.Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, С.Торайғыров, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов, И.Байзақов, Ж.Жабаев сияқты қазақ әдебиеті мен ғылымының классиктерінің өмірі мен шығармашылығына арналған монографиялар бар. Айқын Нұрқатов шығармашылығының шыңы 50-60-шы жалдарға келеді. Жеке тұлғаға табыну және ұзаққа созылмаған хрущевтік "жылымық" кезінде жазған мақалаларында Нұрқатов өз халқының тағдырына алаңдай отырып, халқын қазақ халқының рұхани мұрасын көздің қарашығындай сақтауға шақырады. Айқын Нұрқатовтың ғылыми-танымал еңбектері бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Ірі сыншы және филолог ғалым бола тұрып, Нұрқатов қазақ әдебиетіндегі Абай сияқты алыпқа бұрылмай кете алмады. Өз монографиясында А. Нұрқатов қазақ әдебиеті классигінің өмірі мен шығармашылығына мұқият талдау жасайды. Сонымен қатар, автор кітабының үлкен бір бөлігін Абайдың соңынан ерген ақындарға арнап, Абайдың қазақ әдебиетінің одан ары дамуына үлкен әсер еткенін дәлелдейді.
   Білім министрлігі жариялаған байқауда Нұрқатов жазған қазақ әдебиеті оқулығы жеңіп шығып, көп тиражбен басылып шықты.

Библиография


Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.: монография./А.Нұрқатов.Шығармалар жинағы. 2т. - Алматы, 2010. - 476 б.
Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр.: зерттеулер, мақалалар./А.Нұрқатов. Шығармалар жинағы. 4т. – Алматы, 2010. – 396 б.
Нұрқатов А. Идея және образ.: әдеби-сын мақалалар./А.Нұрқатов.Шығармалар жинағы. 3т.– Алматы, 2010 – 416 б.

Нұрқатов, А. Идея және образ: Әдеби-сын мақалалар / А. Нұрқатов. – А. : Қазмемкөркемәдеббас, 1962. – 324 б.

Нұрқатов, А. Мұхтар Әуезов: Творчествосы мақалалар / А. Нұрқатов. – А. : Жазушы, 1965. – 400 б.

Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр.: зерттеулер, мақалалар. Шығармалар жинағы. 4т / А.Нұрқатов.– Алматы: Жазушы,1980.–312 б.

Нұрқатов А. Шығармалары 1-ші т / А. Нұрқатов. – Алматы: Ана тілі, 2013.- 384 б. 

Нұрқатов А. Шығармалары 2-ші т / А. Нұрқатов. – Алматы: Ана тілі, 2013.- 384 б.  

Нұрқатов А. Шығармалары 3-ші т / А. Нұрқатов. – Алматы: Ана тілі, 2013.- 384 б. 

Нұрқатов А. Шығармалары 4-ші т / А. Нұрқатов. – Алматы: Ана тілі, 2013.- 384 б. 

Нұрқатов А. Шығармалары 5-ші т / А. Нұрқатов. – Алматы: Ана тілі, 2013.- 384 б.
Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов.: монографиялық очерк./А.Нұрқатов. Шығармалар жинағы. 1т. – Алматы, 2010 – 248 б.

Нұрқатов, А. Ғасыр перзенті / А. Нұрқатов. – А. : Қазақстан, 1965. – 68 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Северо-Казахстанская область. Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2004.- 413с.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы:Арыс, 2006.- 448-449 бет. 

 Досжан, Д. Ғалымның айқын ізі [Мәтін] : эссе /Д.  Досжан  // Ана тілі . - 2014. - 13-19 ақпан 

Негимов С. Әдебиет шамшырағы [Мәтін] / Негимов С. // Солтүстік Қазақстан. - 2018. - 25 желтоқсан

Негимов, С. Әуезовтің әйгілі шәкірті /C. Негимов //Шығармалары.- Т.2.- Астана: Фолиант, 2015.- Б. 363-375

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий