Ғабдуллин Нығмет

19 июня 2012 - Администратор

 Ғабдуллин Нығмет
(26.12.1927 – 11.07.2005)

   Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
   Көкшетау облысының Рузаев ауданы Шұқыркөл ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) туған. 1950 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1950-1962 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») жастар газетінің редакциясында әдебиет және өнер институты бөлімінің меңгерушісі, «Жұлдыз» журналында, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында жұмыс істеді. 1962-1963 жж. Алматы шетел тілдері институтында аға оқытушы, 1964-1970 жж. – «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, бас редакторы болып істеді. 1969 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды. 1964 жылы - кандидаттық, 1972 жылы – докторлық диссертациясын қорғады. 1995 жылы Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды. 1998 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
   Алғашқы «Алтын жұлдызды студент» очеркі 1949 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жарияланды. 1951 жылы «Менің достарым» деген атпен алғашқы әңгімелер жинағы, 1953 жылы «Алғашқы сапар» повесі жарық көрді. Одан кейін «Құрдастар» (1955), «Жаңа таныстар» (1956), «Гүл» (1959), «Өмір әуені» (1960), «Қызық дәурен» (1965) әңгімелер жинақтары, «Өмір, қымбатсың маған» (1966) атты повестер жинағы, «Сарғайған жапырақ» (1968), «Кейінгі толқын» (1977) повестері, «Әдебиет және өмір» (1965), «Замандас келбеті: Қазіргі қазақ прозасы жайында зерттеу» (1972), «Уақыт тынысы» (1981) монографиялары жарық көрді. «Қос тағдыр», «Өмірдің бұралаң белдері» повестері және «Жаңа таныстар» әңгімелер жинағы орыс тіліне аударылған. Н.Ғабдуллиннің әңгімелері өзбек, тәжік, армян тілдеріне де аударылған.
Ғабдуллин Г.Марковтың «Соль земли» романын, М.Шагинянның «Семья Ульяновых» романын, Э.Хемингуэйдің «Старик и море» повесін, В.Быковтың «Альпийская баллада» және «Дожить до рассвета» повестерін, А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, А.Караваеваның жеке әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің теориялық мәселелеріне арналған.

Библиография
Автордың шығармалары


1. Ғабдуллин, Н. Алғашқы сапар: Повесть / Н. Ғабдуллин.- А., 1953.
2. Ғабдуллин, Н. Біздің жігіт: Роман / Н. Ғабдуллин.- А.: Балауса, 1993.- 208 бет.
3. Ғабдуллин, Н. Гүл: Әңгімелер / Н. Ғабдуллин.- А., 1959.
4. Ғабдуллин, Н. Ғабит Мүсірепов – драматург: Монография / Н. Ғабдуллин.- А.: Өнер, 1982.- 192 бет.
5. Ғабдуллин, Н. Жаңа таныстар: Әңгімелер / Н. Ғабдуллин.- А., 1955.
6. Ғабдуллин, Н. Жігер: Роман, повесть / Н. Ғабдуллин.- А.: Жазушы, 1983.- 272 бет.
7. Ғабдуллин, Н. Замандас келбеті: Қазіргі қазақ прозасы жайында зерттеу / Н. Ғабдуллин.- А.: Жазушы, 1972.- 224 бет.
8. Ғабдуллин, Н. Кейінгі толқын: Әңгімелер мен повестер / Н. Ғабдуллин.- А.: Жалын, 1976.- 347 бет.
9. Ғабдуллин, Н. Құрдастар: Әңгімелер / Н. Ғабдуллин.- А., 1956.
10. Ғабдуллин, Н. Қызық дәурен: Әнгімелер мен повестер / Н. Ғабдуллин.- А.: Жазушы, 1965.- 212 бет.
11. Ғабдуллин, Н. Махаббат жыры: Таңдамалы / Н. Ғабдуллин.- Алматы, 1998.
12. Ғабдуллин, Н. Менің достарым: Әңгімелер жинағы / Н. Ғабдуллин.- А.: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1951.- 72 бет.
13. Ғабдуллин, Н. Өмір, қымбатсың маған: Повестер / Н. Ғабдуллин.- А.: Жазушы, 1978.- 367 бет.
14. Ғабдуллин, Н. Өмір, қымбатсың маған: Повесть / Н. Ғабдуллин.- А.: Жазушы, 1966.- 257 бет.
15. Ғабдуллин, Н. Өмірдің бұралаң белдері: Әнгімелер/ Н. Ғабдуллин.- А., 1987.
16. Ғабдуллин, Н. Сарғайған жапырақ: Повестер / Н. Ғабдуллин.- А.: Жазушы, 1969.- 200 бет.
17. Ғабдуллин, Н. Уақыт сыры, макалалар, зерттеулер / Н. Ғабдуллин.- А.: Жазушы, 1981.- 232 бет.
18. Ғабдуллин, Н. Уақыт тынысы: Зерттеу / Н. Ғабдуллин.- А., 1981.
19. Ғабдуллин, Н. Шығарма арқауы – шындық / Н. Ғабдуллин.- А., 1968.
20. Ғабдуллин, Н. Шығармалары / Н. Ғабдуллин.- Алматы: Ана тілі, 2007.- 304 бет.

Мақалалары мен очерктері


1.Ғабдуллин, Н. Өмір күйі: Очерктер / Н. Ғабдуллин .- А.: Қазмемкөркемәдеббас, 1961.- 117 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет


1. Қаз дауысты Қазыбек би: Энциклопедия.- Қарағанды: «Болашақ-Баспа», 2011.- 260 бет.
2. Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005.- 147 бет.
3. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- 95 бет.
4. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы / Бас ред. С. Қасқабасов.- Алматы: Атамұра, 2011.- 215-216 бет.
5. Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2006.- 232 бет.
6. Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- Алматы: ТОО «Аруна Ltd», 2010.- С. 130.
7. Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2004.- С. 206.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий