Аверин Михаил Михайлович

12 июня 2012 - Администратор

 Аверин Михаил Михайлович
(21.11.1911 – 07.03.2002)

   Ұлы Отан соғысының ардагері, жауынгерлік марапаттардың кавалері, драматург, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы, дербес зейнеткер.
   Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Новопавловка казак станицасында, шаруа казак отбасында дүниеге келді. Жастық шағында қазіргі СҚО Қызылжар ауданының Пеньково селосында өмір сүрді.
  1929 ж. Петропавл қаласындағы ОЕИ (орталық еңбек институты) курсына түсіп, қаңылтыршы мамандығын алды. Кейін Петропавлда жұмысшы жастардың кешкі мектебін, 1937 ж. – бухгалтер мамандығы бойынша облыстық есеп-экономика комбинатын бітірді.
   Еңбек жолын егіншіліктен бастап, сонан соң түрлі мамандықтарды игерді. 1934 жылдан бастап «Карагандинский комсомолец», «Ленинское знамя» газеттеріне озат өндіріс мамандары туралы мақалалар жаза бастайды. 1940 жылдан бастап КОКП мүшесі. Комсомол, партия жұмыстарын атқарды. 1941 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды, қиыр шығыс майданында қызметін өтеді. Батальон комсоргы болды, ұрыс техникасын Орлов-Курск доғасына жеткізуге, Қытайда жапон милитаристерін талқандауға қатысты. Екі орденнің, 12 медальдің кавалері. 1946 жылы әскерден қайтты. Қалалық комитет және облыстық партия комитеті аппараттарында жұмыс істеді. 1948 жылдың тамыз айынан бастап кинофикация басқармасының бастығы болды. Солтүстік Қазақстан облысының кино саласына өмірінің 25 жылын арнаған. «КСРО кинематографиясының үздігі» атағы берілген.
   1946 жылдан бастап облыстық әдеби бірлестік жұмысына атсалысты. Көп жылдар бойы драматургия жанрында жұмыс істеді. «На берегах Ишима», «Памятники живущим», «Гость из Алжира», «У нас в Рябиновке», «Сенькины интермедии», «Солдат вернулся», «Мария», «Сенокосная пора», «Гроб Анакреона», «Мать родимая» және т.б. пьесалардың авторы. Ұзақ жылдар «Настя Прокопичева» пьесасы бойынша жұмыс істеді. «На берегах Ишима» пьесасы облыстық драма театрының (1959-1960 жж.), Преснов халық театры сахналарында қойылды. Преснов халық театры «Памятники живущим» пьесасын қойды, басқа пьесалары селолық клубтардың сахналарында қойылды.
   1972 жылдан бастап М. Аверин – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 20 жылдан артық «Шмель» («Ара») сатиралық журналының штаттан тыс тілшісі болды. Облыстық және қалалық газеттермен тығыз байланыста болды. Авериннің мақалалары «Киномеханик», «Советские профсоюзы» журналдарында жарияланды. Соңғы жылдары деректі және көркем проза, публицистика жанрында, очеркші-эколог ретінде жемісті еңбек етті. Облыстық табиғат қорғау қоғамына көмек көрсетті.
   М.Авериннің шығармалары «Жалын» баспасының «Лик земли» республикалық жинағында, жергілікті авторлардың әдеби туындыларының ұжымдық «Зори над степью» (1960 ж.), «Эхо родного края» (1998 г.) жинақтарында, «Нива» журналында (Астана қ.), «Литературное Приишимье» альманағында (1 шығ.: 1996ж.), мерзімді басылымда жарық көрді. 1993 жылы «Пеньковские зори», 1998 жылы – «Простите нас, журавушки», 1999 жылы – «Благодарение памяти» атты әңгімелер жинақтары жарық көрді.
   Бірнеше әңгімесін жазушы Б.Мұстафин қазақ тіліне аударып, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде жариялады.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, Мәдениет министрлігінің «За отличную работу», КСРО кинематография комитетінің «КСРО кинематографиясының үздігі» омырау белгілерімен, медальдар мен құрмет грамоталарымен марапатталған.

Естелік орындар


Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанынан жұмыс істейтін қоғамдық әдеби бірлестікке Михаил Михайлович Авериннің есімі берілген.

Библиография

Автордың шығармалары
Жеке басылымдары


1. Аверин, М. М. Благодарение памяти/ М. М. Аверин. – Петропавловск, 1999. – 123с.
2. Аверин, М. М. Пеньковские зори: Из публикаций разных лет. Рассказы/ М.М.Аверин.– Петропавловск, 1993. – 97 с.
3. Аверин, М. М. Простите нас, журавушки: Рассказы и очерки о природе Приишимья/ М. М. Аверин. – Курган: Зауралье, 1998. – 216 с.

Жинақтардағы басылымдары


1. Аверин, М. М. Волчья месть; Ворон ты мой, воронок…/М. М. Аверин // Литературное Приишимье: Альманах: Вып.1. – Петропавловск, 1996. – С.83-86.
2. Аверин, М. М. Журавлиные танцы: Из рассказов о природе/ М. М. Аверин // 100 лет. Лети, строка, через века: Статьи, воспоминания, очерки. – Петропавловск: Северный Казахстан, 2007. – С.158-159.
3. Аверин, М.М. Навстречу новой жизни: Сцена из пьесы «На берегах Ишима» / М.М.Аверин// Зори над степью: Сборник молодых писателей Северного Казахстана. – Петропавловск, 1960. – С.6-14.
4. Аверин, М.М. Новопавловский мудрец и мечтатель и др. (Из цикла «Тимошарушкины рассказы»/ М. М. Аверин // Эхо родного края. – Петропавловск, 1998. – С.5-9.

Мақалалары мен очерктері


1. Аверин М. В защиту полевых цветов // Экологический вестник. – 1998. - №5. – С.4.
2. Аверин М. Глубокая ревизия // Шмель. – 1971. - №3. – С.8.
3. Аверин М. Тимошарушкины рассказы // Нива. – 2001. - №8. – С.114-119.
4. Аверин М. Хамский радикулит // Шмель. – 1971. - №9. – С.3.
5. Аверин М. Хотел как лучше // Шмель. – 1971. - №11. – С.9.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


1. Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: «Арыс», 2006.- С. 117.
2. Ильина, И.И. Авторитетная база данных Российской книжной палаты: Есть данные об М. Аверине и его книге «Простите нас, журавушки»/ И.И. Ильина, Г.В. Кривошеина // Библиография. – 1999. – С.47.
3. О постановке пьесы «На берегах Ишима» // Донец З.И. Североказахстанскому областному театру драмы 50 лет. – Петропавловск, 1959. – С.98.
4. Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2004.- С. 120.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий