Трусов Владимир Иванович

21 июня 2012 - Администратор

 Трусов Владимир Иванович

   1934 жылдың 29 қарашасында Воронеж облысының Хворостянский ауданының Пушкино селосында дүниеге келген, тарихшы-мұрағатшы, өлкетанушы, ақын.
   1958 жылы Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институтын жақсы аяқтап, Петропавл қаласына келеді.
   Облыстық партия комитетінің дәріскерлік тобының меңгерушісі болып жұмыс істеген. Ол дәрістерін қызықты оқығаны соншалық, тыңдаушылары оны көпке дейін жібергісі келмейтін. Дегенмен негізгі білімі, мол ақпараттың ішінен қажеттісін, құндысын таңдап ала білуі, ниеті В.И.Трусовты мұрағат ісіне алып келді: 1974 жылдан бастап ол Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің партия мұрағатының директоры болды. Дәл осы сәттен бастап Владимир Иванович өзін толық мұрағат ісін дамытуға және жетілдіруге арнады, партия мұрағаттары үшін аса маңызды нормативтік және әдістемелік әзірлемелерді әзірлеуге, қала мен облыстың іс жүргізу қызметтерін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Облысымыздың мұрағат ісін дамытуға қосқан үлесі үшін КСРО Бас мұрағатының 25.12.1986 ж. бұйрығымен В.И.Трусовқа «Мұрағат ісінің үздігі" атағы берілді.
   Петропавл қаласының, облысымыздың тарихы бойынша Трусов жүргізген мұрағат материалдарын зерттеу жұмыстары облыс орталығы мен облыс тарихы бойынша шығарылған кітаптардың негізіне алынды: «Петропавловск» («Наука» баспасы, 1985 ж.), «Северо-Казахстанская область. Страницы летописи родного края» .-Алма-Ата: «Казахстан», 1993 ж.). Сонымен қатар В.И.Трусов облыстық, республикалық басылымдардағы тарихи-өлкетану тақырыбына арналған көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторы болып табылады. Қазіргі кезде құрметті демалыста болса да, Владимир Иванович мұрағатшылармен байланысын үзген жоқ. Ол облыстық мемлекеттік мұрағат ұжымына жиі қонаққа келіп тұрады, ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі. Бұрынғысынша ізденіс үстінде, өлкетану басылымдарына белсенді атсалысады. Сонымен қатар поэзиямен де әуестенеді: ол өлеңдер жинағын жарыққа шығарды, бүгінгі күннің мұрағатшыларына, ардагерлерге арнап өлең түрінде тамаша достық әзілдер де жазды.

Библиография
Автордың шығармалары


1. Трусов В. Река жизни: стихи. – Петропавловск: Северо-Казахстанский университет, 1998. 139 с.
2. Трусов В. Стихи//Эхо родного края: Стихи, рассказы, миниатюры.–Петропавловск, 1998.- С.88-95.
3. Трусов В. Былинное имя: стихи о Петропавловске /В.Трусов//Северный Казахстан.-2012.-14 февраля.-С.6.
4. Трусов В. Быть на высоте: 70 лет поэту А.Н.Пряникову /В.Трусов//Северный Казахстан.-2005.-5 декабря.(№145)-С.5.
5. Трусов В. Я вижу как с каждым рассветом твой облик меняется: Воспоминания /В.Трусов//Проспект СК.-2010.-2 июля.-С.10.
6. Трусов В. Каждый твой камень – дыханье веков /В.Трусов//Проспект СК.-2010.-2 июля.-С.10.
7. Трусов В. Любить и знать свое прошлое: Ответ на ст.Шестерикова «С нашего молчаливого согласия»/В.Трусов//Северные ведомости.-2008.-11 апреля.-С.4.
8. Трусов В. На грозовом ветру эпохи: к 85-летию крестьянского восстания в Сев. Казахстане/В.Трусов//Северный Казахстан .-2006.-6 февраля.-С.3.
9. Трусов В. Накрутил всех, как следует: Хлебозаготовки, коллективизация, история 20-е годы/В.Трусов//Северный Казахстан.-2002.-13 сентября.
10. Трусов В. Новое Зтулине /В.Трусов//Ленинское знамя.-1988.-4 мая.
11. Трусов В. Певец земли североказахстанской/В.Трусов//Проспект СК.-2010.-6 августа.-С.6.
12. Трусов В. Северо-Казахстанская область в годы Великой Отечественной войны/В.Трусов//Неделя СК.-2006.-5 мая.-С.5.
13. Трусов В. Ступени трагедии: Спецпереселение. Коллективизация. /В.Трусов//Северные ведомости.-2008.-6 июня.-С.5.
14. Трусов В. Ступени трагедии: Репрессии/В.Трусов//Северные ведомости.-2008.-№24.-С.5.

Өмірі мен шығармашылығы туралы


1. Жукаш Косубаев. Архивист с большой буквы: 70 лет Трусову Владимиру Ивановичу//Северный Казахстан.-2004.-29 ноября.
2. Сергей Пресняков. Архивист: Юбилей Трусову Владимиру Ивановичу//Добрый вечер.-2004.-26 ноября.-С.9
3. Сергей Пресняков. Кто вдохнул однажды пыль столетий…/В. Трусов//Северный Казахстан.-2009.-27 ноября.-С.9

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий