Спандияр Көбеев

17 августа 2012 - Администратор

 Спандияр Көбеев


   Спандияр Көбеев (кей дереккөздерде Көбеев Испандияр) 1878 жылы 1 қазанда Қостанай облысының Новониколаевка уезі, Обаған болысының №3 ауылында туған. (01.10.1878-1956 жж.). 1887 жылы Ыбырай Алтынсарин ашқан мектепте, Қарағайлыкөл төрт жылдық болыстық мектебінде (1892-1895), Қостанай екі жылдық орыс-қазақ мектебінде (1895-1897), Қостанайда педагогика курсында оқыған. Одан кейін 1901 жылдан бастап болыстық бастауыш мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.
   1905 жылы Спандияр Омбыда мұғалімдердің білімін жетілдіру курсында оқиды. Омбы қаласы көптеген қазақ жазушыларының өмірінде үлкен рөл атқарғанын атап өту керек. Мұнда түрлі уақыттарда Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, С.Сейфуллин оқыды. Бір жылдық курсты аяқтағаннан кейін ол Петропавл уезінің болыстық мектебінде жұмыс істейді. Кейінірек Петропавлдағы 2 сыныптық мектепке орналасып, 1910 жылға дейін жұмыс істейді. 1910-1912 жылдары Федоровка селосында жұмыс істеп, сол жылдары «Один день несчастных» романын жазады, бірақ роман аяқталмаған күйде жоғалып кетеді.
   Петропавлда жұмыс істеп жүріп, Көбеев Алтынсарин мен Абайдың ағартушылық жолын жалғастырады. И.А.Крыловтың 40-тан астам мысалдарын, көптеген орыс мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштарын қазақ тіліне аударып, баспаға дайындады, олар 1910 жылы Қазанда "Үлгілі тәржіма" деген атаумен жеке кітап болып басылып шықты. 1912 жылы С.Көбеев "Үлгілі бала" деген атаумен хрестоматия шығарды. Оған автордың өз еңбектері, орыс классикалық әдебиетінің өкілдері мен көрнекті педагогтардың өлеңдері мен әңгімелері және қазақ ауыз әдебиетінің кейбір үлгілері кірді.
1913 жылы "Қалыңмал" романы шыққаннан кейін Көбеев Қазақстандағы бірінші прозашы атанды. Романда 20 ғасырдың басындағы қазақ ауылының өмірі шынайы бейнеленген. Басты тақырып – қалыңдық үшін берілетін қалыңмалды сынау. Әйелі өлген алпыс жастағы Тұрлығұл он бес жастағы Ғайшаға үйленгісі келеді. Ал Ғайшаның әкесі қызы үшін қалыңмал алуға асығады. Бас кейіпкердің бейнесі арқылы автор қалыңмалға сатылған жас қыздың тағдырын көрсетеді.
    Спандияр Көбеев 20 ғасыр басында қазақ даласында қоғамдық ой мен ілгерілеуді дамытуға елеулі үлес қосқан ағартушы-демократтар тобына жатады. С.Көбеевтің өткен жолы, шығармашылық және қоғамдық жұмысы туралы естеліктері бойынша "Орындалған арман" (1951, 1954) атты кітабын жазды.
    Өмірінің соңында ол туған ауылы Меңдіқарада сабақ берді, С.Көбеев Ленин ордендерімен (1939, 1949) және оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді.
    Сонымен қатар жерлесіміз Сәбит Мұқановтың С.Көбеевті өзінің ұстазы санағанын және оның "Өмір мектебі" кітабының бірнеше беті Спандияр Көбеевке арналғанын атап өту керек.

Библиография


Көбеев Спандияр. Баланы семьяда тәрбиелеу.- Алматы:Мектеп, 1965.- 100 бет.
Көбеев Спандияр. Орындалған арман.- А.:Қазмемкөркемәдеббас, 1951.- 212 бет: суретті
Көбеев Спандияр. Таңдамалы шығармалар / Құраст. С.Қирабаев.- А.: Қазмемкөркемәдеббас, 1960.- 295 бет.

Жазушы туралы


Шалабаев Б. Очерки истории казахской дореволюционной литературы: Проза, поэма, роман /Б.Шалабаев. – Алма-ата: Казгослитиздат, 1958. – 126 с.
Рысбеков Қ. Өлмес мұра қалдырған: (Педагог жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 125 жыл)// Қазақстан мұғалімі.- 2004.-30 қазан.-9-б.
Қирабаев С. Спандияр Көбеев.- А: Көркем әдебиет, 1958.- 155 бет
Қирабаев Серік. Спандияр Көбеев: өмірі мен жазушылық қызметі.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1958.- 159 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий