Петров Борис Николаевич

21 июня 2012 - Администратор

 Петров Борис Николаевич
(1920 – 1971)

  1920 жылы 6 тамызда Көкшетау облысының Щучинск қаласында туған.
Жас кезінен-ақ әдебиетке қызығушылық таныта бастайды: алдымен поэзиямен әуестенеді, кейін прозаға бет бұрады.
Жас ақын өз өлеңдерін Алексей Максимович Горькийге жіберіп, жауап алады. М.Горький өз жауабында жас ақынға көп еңбектенуге кеңес береді. 1939 жылы 19 жасар 2-курс студенті, болашақ жазушы әскер қатарына алады: фашистік Германиямен және Жапониямен болған соғыстарға қатысады. Қаһарлы Ұлы Отан соғысы жылдары Борис Петров майдан күнделігін, әңгімелер, повестер жазады.
   1946 жылы Б.Петров Петропавлға келіп, Солтүстік Қазақстан облысында қалады.
Борис Николаевич Омбы педагогика институтының тарих факультетін бітірген. Көп жылдарын солтүстікқазақстандық облыстық партия комитетінің аппаратында насихаттау жұмыстарына арнаған. 1959 жылы Жазушылар Одағының облысаралық бөлімшесінің хатшысы болып тағайындалады.
   Петровтың бүкіл қызметі мен шығармашылығы Солтүстік Қазақстанға арналған. Петровтың алғашқы «Человек от Сталина» атты очеркі Сергей Миронович Кировтың Петропавлға келуіне арналған. Жазушының журналистік қызметі осылайша басталды. Газет-журналдарда Петровтың ауыл еңбекшілеріне, мұғалімдерге арналған ондаған очерктері жарияланды.
1948 жылы «Сибирские огни» журналында Маньчжурияда жапондармен соғыс туралы, біздің жауынгер қыздарымыздың ерлігі туралы жазушының «Голубая падь» атты алғашқы үлкен әңгімесі жарияланды. Екі жылдан кейін сол журналда ұжымшарда мал өсірушілер туралы «Пятая ферма» повесі басылып шықты. 1953 жылы осы журналдың беттерінде жазушының алғашқы ірі туындысы – жаңа «Светлый край» повесі шығады. Осымен бір мезгілде Борис Петров республикалық және облыстық «Казахстанская правда», «Учитель Казахстана», «Простор», «Советский Казахстан» және т.б. газет-журналдарда шығармаларын жариялайды.
   1956 жылы жазушының «Вьюжная неделя» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көреді. Қызықты әңгімелерінің бірі – «Боцман Немо». Б.Петровтың әрбір кітабы, очеркі, әңгімесі оқырманын қызықтырып, баурап алатын. Оның шығармалары біздің кітапханаларымыздың кітап сөрелерінде өзінің лайықты орнын тапты.
   2001 жылы Б.Петровтың «Я, конечно, вернусь» кітабы жарық көрді. Бұл жинағында жерлес жазушының әдеби мұрасының тек шағын бір бөлігі ғана жиналған.
   Солтүстік Қазақстанда оның соңынан ерген шәкірттері де бар. Олар: М. Аверин, Бақыт Мұстафин, Болат Қожахметов, Мүтәллап Қанғожин, Владимир Шестериков, Альфред Пряников, Валерий Любушин, Юрий Поляков, Владимир Щукин.
Борис Николаевич қысқа ғұмырында көп еңбек еткен көп қырлы адам болды. Білімі бойынша тарихшы болса да, ол әдебиетті, географияны, химияны жақсы білді, техникамен, физикамен, астрономиямен әуестенді, табиғатты сүйді.

Зимняя ночь, светлая ночь
В мерзлые окна глядится.
В зимнюю ночь, лунную ночь
Мне почему-то не спится.

Библиография
Автордың шығармалары:


Петров Б. Н. Вьюжная неделя: рассказы. — А.: Худож.лит., 1956. — 88 с.
Петров Б. Н. Живое слово: очерки о партийных работниках. — А.: Казгосиздат,1959. — 102 с.
Петров Б. Н. Березовые острова: повесть и рассказы. — А.: Жазушы, 1966. — 111 с.
Петров Б. Н. Воскресный наряд: роман. — А.: Жызушы, 1970. — 199 с.: ил.
Петров Б. Н. Огни Аксуата: повесть и рассказы. — А.: Казгослитиздат, 1962. — 220 с.
Петров Б. Н. Листопад: повесть. — А.: Жазушы, 1964. — 216 с.
Петров Б. Н. Утро: повесть и рассказы. — А.: Жазушы, 1975. — 248 с.: ил.
Петров Б.Н. Я, конечно, вернусь…: из литературного наследия; страницы воспоминаний. — Петропавловск: ОАО Полиграфия, 2001. — 150 с.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Абильмажинова Б. М. Березовые острова Бориса Петрова // Северный Казахстан.-2000.-21июля.
Аверин М. Память сердца: (о Б.Петрове) // (Ленинское знамя. - 1992. - 28 ноября.
Аверин Т. Певец целинного Приишимья: (Б. Н. Петров) // Ленинское знамя. - 1984. - 20 января.
Аверин М. Таким он остается с нами: (к 80-летию со дня рождения Б.Петрова) // Трибуна. - 2000. - 28 июля.
Бузник Н. О чем шумит листопад (читательская конференция по повести Б.Петрова «Листопад») // Ленинское знамя. - 1988. -5 мая.
Володина Т. В памяти земляков: // Ленинское знамя. - 1990. - 27 августа.
Залыгин С. «У вас собственная, ненажитая искра»: к 85-летию со дня рождения Б. Н. Петрова // Провинция. - 2005. - № 2. - с. 39–40.
Кучеренко А. Памяти земляка: [вечер в обл. библиотеке им. С.Муканова, посвященный 70-летию Б.Петрова] // Учитель Казахстана. - 1990 г. - 28 августа.
Матвеева Г. Юбилей писателя: Б.Петров // Трибуна. - 1995. - 29 июля.
Макарова Т. Писатель — фронтовик из поколения победителей // Мой город. - 2005. - № 3. - с. 24–25.
Петрова В. С верным другом — навсегда: очень личное.//Северный Казахстан. - 2000. - 12 мая.
Петрова В. 1000 томов для родного аула: [о Г. Мусрепове и Б.Петрове] // Нива. - 1995. - № 3. - с. 64.
Петрова В. Негаснущая искра: [к 75-летию со дня рождения писателя-земляка Петрова Б] // Северный Казахстан. - 1995. - 7 августа.
Петрова В. Любимый с детства: памяти писателя-земляка // Ленинское знамя. - 1990. - 7 августа.
Петрова М. Маньчжурский дневник: из творческого наследия Б.Петрова. // Ленинское знамя. - 1990. - 3 августа.
Петрова Б. И в мыслях и в сердце: [70 лет писателю Б. Н. Петрову] // Ленинское знамя. - 1990. - 8 августа.
Петрова В. Память сердца: [к 80-летию со дня рождения С.Маркова] // Ленинское знамя. - 1986 г. - 12 сентября.
Пискунова Ю. И вся родная степь: [к 100-летию С.Муканова] // Северный Казахстан. - 2000. - 7 апреля.
Письма из семейного архива: [к юбилею Бориса Петрова] // Ленинское знамя. - 1990. - 3 августа.
Пряников А. Его помнят в Приишимье // Нива. - 1993. - № 5. - с. 60.
Пряников А. Наставник добрый и взыскательный: [воспоминания о писателе Б.Петрове] // Ленинское знамя. - 1990. - 20 сентября.
Хамидуллин А. Светлый край Бориса Петрова // Простор. - 1993. - № 8. - с. 222–231.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий