Макеев Леонид Владимирович

21 июня 2012 - Администратор

 Макеев Леонид Владимирович
(1911-1993)

      Леонид Владимирович Макеев 1911 жылы 14 сәуірде Петропавл қаласында жұмысшы теміржолшының отбасында дүниеге келді.
   Ол 1929 жылы педагогикалық бағыттағы ІІ дәрежелі Петропавл мектебінің 8 сыныбын бітіріп, осы жылы есепші курсын да аяқтайды. Алайда есепшінің жұмысы болашақ жазушыны қызықтырмайды. Бір жарым жыл жұмыс істегеннен кейін, 1931 жылы Леонид Владимирович Петропавлда «Смычка» газетінде жұмыс істеп, журналист атанады. Леонид Макеев 14 жасынан бастап мектептегі әдеби үйірмеде жүргенде қолына қалам алады.
1932 жылы жас жазушының "Поход за рабочую смекалку" атты алғашқы очерктер кітабы жарық көреді.
   1931 жылдан 1938 жылға дейін Леонид Макеев «Смычка» және «Карагандинская коммуна» (Петропавл қ.), «Родниковский рабочий» (Иваново облысының Родники қ.), «Ленинская смена» (Алматы қ.) газеттерінде жұмыс істеді, орталық «За индустриализацию» газетінде тілші болды. 1936 жылы Л.Макеев Қазақстандағы азаматтық соғысқа қатысушылардың естеліктерін өңдеп, "В Акмолинских степях" деген атпен шығарады. Ал 1938 жылдан 1955 жылға дейін Леонид Владимирович жауапты хатшы, одан кейін «Литературный Казахстан» алманағының редакторы болып жұмыс істеді.
1941 жылдың тамызынан 1946 жылдың шілдесіне дейін Леонид Макеев Кеңес әскерінің қатарында Панфилов дивизиясының «За Родину» газетінде редакторлық қызмет атқарды.
    Макеев Ұлы Отан соғысына дейінгі жауынгерлік жолын кейін 8-гвардиялық дивизия болып өзгерген атақты 316-дизизиямен бірге жүріп өтті. Ол дивизиялық «За Родину» газетінің редакторы болды. Макеев қаза тапқан қаһармандар – өзінің полктес достары туралы жазды. 1945 жылы панфиловшылар туралы «Имя героя» атты әңгімелер мен очерктер жинағы жарық көрді, 1964 жылы ол «Народный генерал» деген атпен атақты дивизия командирінің майдандас серіктері, Мәскеу түбіндегі ұрысқа қатысушылар жазған Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Панфиловтың өмірі мен қызметі туралы естеліктер жинағын баспаға дайындады. Кітапта 316-атқыштар дивизиясы бастаған көптеген ұрыстар туралы айтылады. Жинаққа Чапаевтың қызметтестерінің ұрыстарға қатысқаны туралы «Чапаевцы под Москвой» атты Л.Макеевтің әңгімесі де енді.
1973 жылы Мәскеуде саяси әдебиет баспасында «В редакцию не вернулся» жинағының үшінші кітабы екінші рет басылып шықты. Жинақ жазушылар мен газетшілердің қарулас жолдастары туралы естеліктерден, жеңіс күніне жете алмағандардың күнделіктері мен хаттарынан алынған естеліктерден тұрады.
    Л.Макеевтің осы кітапқа енген ақын, майдандас жолдасы, «Ленинская смена» газетінің қызметкері Степан Васильев туралы естелік-очеркі «За страну, что зовут Россией» деп аталады.
1978 жылы «Дальняя дорога», ал 1983 жылы «Простой характер» атты кітаптары жарық көрді, екі кітап та замандастарына арналған.
Жазушы Леонид Макеев аудармашы ретінде де белгілі. Леонид Владимирович қазақ және ұйғыр халық ертегілерін жинау, аудару және өңдеу бойынша көп жұмыстар атқарды. Л.Макеевтің аудармасымен олар жеке кітап болып шықты. Макеев Ғ.Слановтың «Дальние просторы», К.Әбдіқадыровтың «Комсомолка Рыскуль», М.Иманжановтың «Первые месяцы» повестерін, С.Мұқановтың, К.Исабаевтың әңгімелері мен очерктерін аударып, олар Алматыда және Мәскеуде жеке кітап болып жарыққа шықты.
Қазақ және ұйғыр фольклорының негізінде Макеев «Дед Канбак» (1976, 1982), «Волшебный кетмень» (1978), «Растущая скала» ( 1984) ертегілерін жазды.
   Леонид Макеев Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған. Леонид Владимирович Макеев 1993 жылы дүниеден өтті.

Библиография
Автордың шығармалары


Макеев Л. Журавли моей юности: Рассказы, очерки .- Алма-Ата: Жалын, 1988 .- 256с.
Макеев Л. Письмо на бересте. Рассказ.// Ленинское Знамя .- 1981 .- 11июля.
Леонид Макеев Простой характер : Рассказы и очерки о панфиловцах /. - Алма-Ата: Казахстан, 1983. - 150 с. Федька: Рассказ. // Сельское хозяйство Казахстана .- 1978 .- С.54-55.
Макеев Л. Дальняя дорога: Сказки / Худ. Б. Храбрых .- Барнаул : Алтайское кн. Изд-во, 1977 .- 31с.
Макеев Л. Каратели. Отрывок из повести «Гнев людской» // Ленинское Знамя .- 1977 .- 26 февр.
Макеев Л. Приходи, сказка/ Лит обработка Л. Макеева [ Предисловие М. Каратаева.] .- Алма- Ата : Мектеп, 1977 .- 207с.
Каратели. [ Отрывок из повести «Гнев людской»] // Ленинское Знамя .- 1977 .- 26 февр.
В начале пути. Отрывок из воспоминаний. // Ленинское Знамя .- 1976 .- 20 авг.
Макеев Л. Беспокойное сердце. [Воспоминания о писателе Чекменеве Н. С.] // Простор .- 1976 .- № 6 .- С.89-90.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Дубовицкий А. Путь писателя — патриота (Л. Макееву — 60 лет) //Ленинское знамя, 1971. -15 июня
Каратаев М. Сказки и сказочники. - В кн.: В семье единой //Алма-Аты, Жазуши, 1976. - С. 22-40
Любушин В. Этот удивительный мир сказок //Ленинское знамя, 1977, - 13 октября
Любушин В. Память сердца (О книге Л. Макееева «Простой характер») //Ленинское знамя, 1983. - 7 мая
Петрова В. Юбилей писателя (К 70-летию Л. Макеева) //Ленинское знамя, 1981. - 27 июня
Писатели Казахстана: Справочник, Жазуши, 1969. – С. 198
Соколов М. Всегда на — передовой ( О Л. В. Макееве) // Боевое Знамя, 1971. -14 июня

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий