Күлбаршын Мұқанова

16 августа 2012 - Администратор

 Күлбаршын Мұқанова
(1948ж. туған )

   Күлбаршын Мұқанованың туған жері – Целиноград облысының Алексеев ауданына қарасты Шілікбай ауылы. Ауылда бастауыш мектепте Нұрлығайым Қайбасов деген офицер сабақ береді. 5 сыныптан 10 сыныпқа дейін Кеңес ауылында мектеп-интернатта оқыды. Күлбаршын отбасында ең кішісі, өзінен басқа екі апасы мен ағасы болды. Әкесі қолынан өнер тамған шебер, қол қусырып отырмаған. Ал анасы үй шаруасымен айналысқан. Мектеп бітіргеннен кейін К.Мұқанова Қазақ мемлекеттік университетінің география факультетіне "метролог" мамандығына оқуға түседі. Бірақ, өкінішке орай, көп оқыған жоқ. Одан кейін "Каззолото" кен-байыту комбинатында жұмыс істеді. Алдымен – сызбашы, кейін жерасты жұмыстарына ауысты. 1993 жылы 45 жасында зейнетке шықты. 49 жасында өлең жаза бастады. Бұл қайта құру кезеңі болатын.
   К.Мұқанованың махаббат туралы өлеңдері де бар. Дегенмен де шығармаларының басты тақырыбы – балалық шақ. Балалар өздерінің қарапайымдылығымен және шынайылығымен адамды шынайылыққа итермелейді. Өмірге баланың көзімен қарап, балаша сезінетін адам ғана балаларға арналған өлеңдер жаза алады. Қазіргі қазақ әдебиетінде, соның ішінде ақындардың арасында орыс тілінде балаларға арналған өлеңдер жазатын ақындар сирек кездеседі. Осы тұрғыда Күлбаршын Мұқанованың өлеңдері оқырмандар үшін күтпеген жаңалық. Ол аз сөйлеп, қысқа қайырады және балалар әлемін жақсы біледі.
    Оның өлеңдерінде өлең құрылысының барлық компоненттері бар.
   Күлбаршын Смағұлова 20 жуық әннің авторы. Ол Бурабайда өткен авторлық шығармашылық пен ән поэзиясының "Лесное озеро-2008" екінші ән фестивалінде "Ақын", "Поэзиялық", "Халықтық" номинацияларында жеңімпаз атанды.

Библиография:
Автордың шығармалары:


Муканова, К. «Я мечтаю»: сборник стихов для детей/К.Муканова.- Петропавловск,2008.-32с.:ил.
Муканова, К. Женщина рождается для счастья: стихи/К.Муканова// Бәйшешектер-Подснежники.-Петропавловск: Северный Казахстан,2004.- с.90-92.
Муканова, К. Письма для мамы: стихи/К.Муканова //Недвижимость СК.-2006.-№8.-с.28.
Муканова, К. Детство: стихотворение/К.Муканова //Провинция.-2006г.-№1.-с.54.
Муканова, К. Родники поэзии:стихи/К.Муканова //Северный Казахстан.-2004г.-9апреля.
Муканова, К. Женщина рождается для счастья/К.Муканова //Бәйшешектер-Подснежники: сборник стихов и прозы.-Петропавловск: Северный Казахстан,2004.-с.90-92.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Акимжанов, З. Маленьким читателям //Муканова К. «Я мечтаю»: сборник стихов для детей/З.Акимжанов.-Петропавловск,2006.-с.1.
Атаманенко, Н. Муканова К./Н.Атаманенко//Недвижимость СК.-2006.-№7.-с.28.
Остапенко, Р. Зажги свою свечу: знакомьтесь: Кульбаршин Смагуловна Муканова/Р.Остапенко //Проспект СК.-2008.-24 октября.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий