Иванов Всеволод Вячеславович

19 июня 2012 - Администратор

 Иванов Всеволод Вячеславович
(12 (24).2.1895, Семей губ. Павлодар уезі, Лебяжье поселкесі – 15.8.1963, Мәскеу) 

   Орыс жазушысы, публицист.
  Ауыл мұғалімінің отбасында туды. Бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін, Павлодар ауыл шаруашылық училищесіне оқуға түсті. Бірақ көп ұзамай сабағын тастап, әкесінің үйін тастап, Сібірге, Оралдың арғы жағына және одан ары Семейге, Қиыр Шығысқа және Моңғолияға саяхаттауға аттанды. Жүк тасушы, матрос, баспаханада әріп теруші болып істеді, циркте пақыр болып өнер көрсетті, жәрмеңкелерде актер болды. Әдеби шығармашылыққа қалаларды кезіп жүргенде бет бұрды. 1914 жылдан бастап сібір мерзімді басылымдарында әңгімелерін жариялай бастады, солардың бірі «По иртышу» әңгімесі М.Горькийдің назарына ілігіп, ол осы әңгімені өзі редакциялаған «Сборник пролетарских писателей» жинағына алды (1916).
1921 жылы «Рогульки» атты шағын кітапшаның авторы Вс.Иванов «өз бетінше білім алумен шұғылдануға» Петроградқа М.Горькийге келеді. Петроград газеттерінде мақалалары жарияланады, бірінен соң бірі «Партизаны» (1921), «Бронепоезд 14-69» (1922), «Цветные ветра» (1922) повестері, «Седьмой берег» (1922) әңгімелер жинағы шығады. «Дите» әңгімесінің жарыққа шығуы елеулі әдеби оқиға болды (1921), бұл әңгімесі өз елінде де, шетелде де бірден кең танылды. «Цветные ветра» повесі Ивановқа ерекше жетістік әкелді, ол «әрі өз заманындағы бүкіл беллетристиканың ішінде, әрі автордың ең үздік туындысы» саналды.
  Жазушыны Петропавлмен 1916 жылы алғашқы әңгімелерінің бірінің «Приишимье» газетінде жариялануы байланыстырады. Ал оның «Похождения факира» (1934-35) автобиографиялық романында автордың Петропавлда болғандығын растайтын дәлел табамыз және Вс.Иванов кейіпкерлері біздің қаламызда жиі әрекет етеді. (Шестериков В. Творческий код Всеволода Иванова. // Неделя СК.-2010.-19 ақпан.-10 б.).
«Похождения факира» атты үлкен автобиографиялық романында суретші өзіне жақсы таныс өткеніне оралады: «жизнь юноши века с его страданиями, радостями и надеждами в обстановке провинциального быта Сибири и Казахстана». (Шығ.жин.- 1-т.-111 б.)
   20-30 жылдардың аралығында «Кремль» (1930) және «У» (1935) атты екі көп жоспарлы сатиралық-философиялық романдарын жазады, бұларда тұтас қоғамдағы жеке адамның өмірі, ұлттық тарих пен сенімге деген көзқарас, тұрмыста және адамдардың санасында «жаңа» мен «ескінің» арасындағы күрес сияқты өзекті мәселелер қозғалады. «Кремль» және «У» романдарында кеңес заманы шындығындағы терең қайшылықтардың шиеленісуіне көп тұспал жасалады, халықтың әл-ауқатының негізі ретінде рухани құндылықтарының мызғымастығы туралы ойлармен өрнектеледі. Иванов «Пархоменко» атты романында тарихи құжаттарға сүйеніп, аты аңызға айналған дивизия командиріне риясыз қызығушылық танытады.
Дүниеден өткеннен кейін жарық көрген «Кремль» («Ужгинский кремль») (1981) және «У» (1988) романдары жартылай фантастикалық, кейде күлкілі формада сол заманның әлеуметтік-философиялық мәнін түсіндіруге арналды.
   Шығармашылық ізденістерінің фантастикалық бағытында жазушы әрдайым табысты болды. Жазушының фантастикалық топтамасына әңгімелерінен басқа «Эдесская святыня» романы (1944) мен аяқталмай қалған «Сокровища Александра Македонского» авантюристік-сатиралық романы жатады.
Тірі кезінде жарық көрген соңғы қызықты туындыларының бірі «Хмель, или Навстречу осенним птицам» (1962) деп аталады.

Библиография
Автордың шығармалары


1. Собр. соч.: В 8 т./ Подгот. текста и комм. Е. Краснощековой; Вступ. ст. Л. Гладковской.- М.,1979
2. Избр. произв.: В 2 т./ Подгот. текста Т. В. Ивановой; Вступ. ст. В. Шкловского. – М.,1985
3. Пьесы / Вступ. ст. П. Маркова; Комм. Е. Цейтлина. – М.,1979
4. Тандамалы әңгімелер.- А.: Жазушы,1986 – 464 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


1. Воронский А. К. Искусство видеть мир: Портреты, статьи.- М.,1987.-222 с.
2. Габдиров И. Х. Д. Фурманов, Вс. Иванов и Казахстан. // Габдиров И. Х. Русские советские писатели и Казахстан. - А.- 1 970. - 211 с.
3. Русские писатели, ХХ век.: Библиогр. слов. В 2 ч. Ч. 1 А – Л / Под ред. Н. Н. Скатова. – М.: Просвещение, 1998.- 784 с., ил.
4. Шестериков В. Творческий код Всеволода Иванова. // Неделя СК.-2010.-19 февраля.- С.10.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий