Дәулетбаев Мәжит (Ғабдолмәжит) Боранбайұлы

19 июня 2012 - Администратор

 Дәулетбаев Мәжит (Ғабдолмәжит) Боранбайұлы
(1896 – 1938)

   Қарағанды облысының Нұра ауданында туды. Көп ұзамай әкесі отбасымен Петропавлға көшіп келді.
1904-12 жылдары Хасан Пономаревтің мұсылман медресесінде оқыды, татар, араб және орыс тілдерін меңгерді.
1917 жылы М.Дәулетбаев Омбы мұғалімдер семинариясына түсіп, екі жылдан кейін бітіріп шықты.
1918 – 1920 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, 1921 -22 жж. «Бостандық туы» («Знамя свободы», Петропавл) газетінде жұмыс істеді. 1922 - 24 жылдары Мәскеуде Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінде (КУТВ) оқыды.
1927 – 1929 жылдары республикалық «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында қызмет етті. 30-жылдары Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында жұмыс істеді.
1927 жылы «Өлеңдер» және «Мәжит өлеңдері» атты екі өлеңдер кітабы, 1930 жылы «Сопақбастылар» комедиясы, 1932 ж. «Шын жүректен» атты кітабы, 1933 ж. «Социализм жыры» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
1933 ж. Мәжит Дәулетбаев «Партизандар» повесін жазды.
1935 ж. оның «Қызылжар» атты романы жарыққа шықты.
   Көптеген орыс және шетел классиктерінің (У. Шекспирдің «Гамлет», Э.М. Ремарктің «На Западном фронте без перемен», Н.В.Гогольдің «Женитьба», Г.М.Серебрякованың «Молодые годы Маркса», Н.С.Тихоновтың «Война», А.С. Серафимовичтің «Железный поток», «Медный всадник», А.С. Пушкиннің өлеңдерін және т.б.) шығармаларын қазақ тіліне аударды. 1938 жылы қайтыс болды.

Қазақ тіліндегі шығармалары


Өлендер. - Алма-Ата, 1927
Мәжит өлендері.- Алма-Ата, 1927
Сұрқақпайлар: Комедия. – Алма-Ата, 1932
Партизандар: Повесть. – Алма-Ата, 1933
Кызылжар: Роман.- Алматы,1976

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Мухаметханов К. Даулетбаев Мажит (Габдильмажит) // Северо-Казахстанская область: Энциклопедия. - Алматы: Арыс, 2006.- С.225-226
Писатели Казахстана: Справочник / Ред. Л. Золотова.- Алма-Ата: Жазуши, 1969.- Содерж.: Даулетбаев М. - С. 88

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий