Баймұхаметов Сергей Темірболатұлы

19 июня 2012 - Администратор

  Баймұхаметов Сергей Темірболатұлы
(10.01.1950 т.)

   Журналист, жазушы.
   Жазушының атасы - Қара Баймағамбет – қазақтың атақты Қаракесек руының он алтыншы ұрпағы, әкесі – Темірболат (Темірбек) – он жетінші ұрпағы. Жазушының ата-бабаларының ішінде – атақты Жанқожа батыр, Самарқанда «Ширдар» медресесін салған Жалаңтөс батыр бар.
   Сергей Баймұхаметов Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туып-өсті. №21 мектепте оқыды. 17 жасынан бастап журналист болып істеді: Возвышен аудандық газетінде әдеби қызметкер болып бастап, кейін облыстық теледидар мен радиохабар Комитетінде, облыстық «Ленинское знамя» газетінің редакциясында еңбек етті. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіргеннен кейін Мәскеуде тұрып, жұмыс істейді. Орталық теледидардағы «Мир» телекомпаниясымен белсенді ынтымақтастық жасады.
   Әр түрлі уақыттарда Алматы және Мәскеу қалаларында шыққан көптеген прозалық кітаптардың авторы, материалдары «Простор», «Литературная учеба», «Новый мир», «Нива», «Наш современник» және т.б. журналдарда басылды. Ресей Жазушылар одағының мүшесі. Жазушы очерктер, повестер, әңгімелер жазған. Соңғы кезде «Огонек», «Журналист», «Знамя» және т.б. журналдарда жарияланған публицистикалық, тарихи зерттеулерімен оқырмандарының назарын аударып жүр.
   «Сны золотые. Исповеди наркоманов» кітабы дүниежүзілік есірткіге қарсы күштер конгресінде «Игілікті істері мен ойлары үшін» дипломымен марапатталды. «Победитель» повесінде мүгедек балаларға арналған тәжірибелік мектеп-интернаттың директоры Шәміл Шақшақбаевтың тағдыры туралы жазған. Кітаптың тұсаукесері автор мен повесть кейіпкерінің қатысуымен С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өтті. 2005 және 2006 жылдары «Ложь и правда русской истории», 2008 жылы - «Призраки истории» кітаптары жарық көрді. «Олимп» және «АСТ» баспалары «Имя России» жобасының аясында С.Баймұхаметовтың «Александр Невский – спаситель Русской земли» атты зерттеуін басып шығарды.
С.Баймұхаметов – «Созвездие Водолея», «Сергей Есенин», «Под крышей мира», «Тетя Рая и дядя Ваня» деректі фильмдерінің авторы. «Литературная газета» газетінде апта сайын шығатын «Отзвук» айдарының және «Вечерний клуб» журналында «Взгляд Сергея Баймухаметова» айдарының жүргізушісі.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары


1. Баймухаметов, С. Осенний караван: Повесть и рассказы / С. Баймухаметов. - Алма-Ата:
Жазушы, 1988. – 240 с.
2. Баймухаметов, С. Победитель / С. Баймухаметов.- М.: Изд-во ИКАР, 2002.- 92 с.
3. Баймухаметов, С. Т. Прописные истины: Рассказы и повести / С. Т. Баймухаметов. - М.: Современник, 1986. – 223 с.
4. Баймухаметов, С. Сауран: Рассказы / С. Баймухаметов. - Алма-Ата: Жалын, 1984. – 140с.
5. Баймухаметов, С. Сны золотые. Исповеди наркоманов / С. Баймухаметов.- Петропавловск, 2000.- 192 с.
6. Баймухаметов, С. Т. Судный день: Повести и рассказы. - М.: Современник, 1991. - 380с.
7. Баймухаметов, С. Т. Судный день: Повесть / С. Т. Баймухаметов. - М.: Советский писатель – Олимп, 1991. – 192 с.

Мақалалары мен очерктері


1. Баймухаметов, С. В горах Улу-Тау/ С. Баймухаметов // Провинция.- 2007.- № 2.- С.46-49.
2. Баймухаметов, С. Варяжская легенда: К 1145-й годовщине со дня рождения основания Русского государства // Журналист.- 2004.- № 7.- С. 91-93.
3. Баймухаметов, С. Как придумали «Эхо Москвы» / С. Баймухаметов // Журналист.- 2008.- № 11.- С. 87-88.
4. Баймухаметов, С. Плюс минус 10 портретов: [ГУЛАГ АЛЖИР] / С. Баймухаметов // Журналист.- 2010.- № 6.- С. 92-93.
5. Баймухаметов, С. Приемный сын Батыя: Одна фраза из «Жития» Александра Невского / С. Баймухаметов // Журналист.- 2009.- № 2.- С. 93-94.
6. Баймухаметов, С. Цензура на прошлое: Фальсификация истории России / С. Баймухаметов // Журналист.- 2009.- № 8.- С. 19-20.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


1. Баймухаметов, С. История красного кресла: сюжет из родословной / С. Баймухаметов // Журналист.- 1993.- № 5.- С. 11-15.
2. Гайнутдинова, Ф. С благословения Аруахов // Северный Казахстан.- 2010.- 23 янв. – С.4
3.Известному писателю, публицисту, нашему земляку Сергею Баймухаметову исполнилось 60 лет // Провинция.- 2010.- № 1.- С. 5.
4. Плешаков, В. Поиски истины / В. Плешаков // Ленинское знамя.- 1987.- 19 июля.
5. Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2004.- С. 167.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий