Андронов Энгельс Романович

16 августа 2012 - Администратор

 Андронов Энгельс Романович
(05.05.1924 – 2011жж.)

     Андронов Энгельс Романович 1924 жылы 5 мамырда Ресей Федерациясының Қорған облысында дүниеге келген.
   Энгельс Романович – облыс орталығында да, облысымыздың аудандарында да жақсы танымал адам. Энгельс Андроновтың өмірбаяны деректер мен оқиғаларға толы; ол көркемөнер мектебін, әскери училищені және тағы бірнеше түрлі оқу орындарын бітірді. Э.Андронов ұзақ және ауыр жауынгерлік және еңбек жолын жүріп өтті, гвардия бөлімдерінде соғысқа қатысты, жарақаттанды, әскери марапаттары бар. Майданнан оралған соң Түмен облысында және облысымыздың мектептерінде жұмыс істеді, қазіргі Аққайың ауданының Шағлы орта мектебінің директоры болды. Петропавлға көшіп келгеннен кейін ЖЭО-2-де жұмыс істеді, одан кейін бірнеше жыл қатарынан, құрметті демалысқа шыққанға дейін Петропавл экономикалық колледжінде бөлім меңгерушісі болып істеді, техникалық пәндерден сабақ берді. Өмірінің соңына дейін Энгельс Романович белсенді қоғамдық қызметпен айналысты: оқу орындарында әскер қатарына шақырылған жастар алдында және кәсіпорындарда өзі жүріп өткен майдан жолы туралы естеліктерімен бөлісіп, өлеңдер оқыды, ал бос уақытын әдеби шығармашылыққа арнады.
   Энгельс Андронов соғысқа дейін, оқушы кезінен бастап өлең жазуға құмарта бастады, оның "ақындық өтілі" 65 жылдан асады. Бірақ өлеңдері сирек, негізінен аудандық газеттерде басылатын. Тек 75 жастан асқанда ғана өлеңдерін жеке жинақ етіп шығарды.
   2002 жылы Петропавлда оның алғашқы «В войну и после нее» атты жинағы, келесі жылы екінші «Эхо войны» жинағы, үшінші өлеңдер жинағы «Нетленная память» деген атпен басылып шықты. Жинақтардың атауынан көрініп тұрғандай, бұл кітаптардың негізгі тақырыбы – соғыс тақырыбы, "Гвардейская слава", "Тех лет – не забыть" атты бөлімдерінің аты да осыған дәлел. Осы көлемі шағын кітаптарда өткен мен бүгінгі күн туралы, бізді қоршаған әлем туралы, табиғат туралы ойлар да көп орын алады. Андронов жинақтарының «Лунный свет на двоих», «Трепет влюбленных сердец» бөлімдерінде махаббат туралы өлеңдер баршылық. Сондай-ақ ақын шығармашылығында балалар мен немерелерімізге арналған өлеңдер де бар.

Библиография
Автордың шығармалары:


Андронов, Э. В войну и после нее: сборник стихов/Э.Андронов.-Петропавловск.-2002г.-47с.
Андронов, Э. Нетленная память: Сборник стихов: [к 60-летию Победы] /Э.Андронов.-Петропавловск.-2004.-101с
Андронов, Э. Эхо войны: Сборник стихов/Э.Андронов.-Петропавловск.-2003. -46с.


Мерзімді басылым беттеріндегі шығармалары:


Андронов, Э. Мои дороги; Я не раб любви, любви ваятель: стихи/Э.Андронов // Мой город.-2008.-№4.-с.37.
Андронов, Э. Стихи /Э.Андронов //Мой город.-2007.-№4.-с.37.
Андронов, Э. Стихи о любви/Э.Андронов //Мой город.-2007.-№1.-с.34.
Андронов, Э. Сын артиллериста: рассказ/Э.Андронов //Проспект.-2006.-24ноября.-с.4.
Андронов, Э. Стихи о войне/Э.Андронов //Мой город.-2006.-№2.-с.34.
Андронов, Э. Холодные думы: стихотворение/Э.Андронов //Мой город.-2005.-№4.-с.31.
Андронов, Э. Стихи/Э.Андронов //Мой город.-2005.-№3-с.27.
Андронов, Э. Спасибо почте полевой: Стихи/Э.Андронов //Северо-Казахстанская область в годы ВОВ.-Петропавловск.-2005.-с.331-332.
Андронов, Э. Нетленная память: cтихи к 60-летию Победы/Э.Андронов //Луч.-2004.-4октября.
Андронов, Э. Мы выиграли этот поединок: cтихи /Э.Андронов //Северный Казахстан.-2004.-7мая.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Лахтина, Т.Из биографии Э.Р. Андронова/Т.Лахтина //Мой город.-2007.-№4.-с.37.
Пряников, А. В честь двух юбилеев: [Э.Р.Андронов]/А.Пряников// Андронов Э. Нетленная память: сборник стихов.-Петропавлоск:[б.и.],2004.-с.2-3.
Творчество Северо-Казахстанских авторов. //Северо-Казахстанская область: энциклопедия.-Алматы: «Арыс»,2004г.-с.533.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий