Айсарин Әбдірахман Көшерұлы

19 июня 2012 - Администратор

 Айсарин Әбдірахман Көшерұлы
(1898-1938)

   Жазушы, публицист. Бұрынғы Ақмола губерниясының Петропавл уезі Аққұс болысының Шоға ауылында туған.
Троицк қаласындағы Уазифа медресесінде оқыды. Сол жерде ауыл мұғалімдерінің курсын бітірді.
   Орынбор қаласында "Ұшқын", "Еңбек туы" газеттерінде, «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист болып істеді. 1921-22 жылдары Ә.Жангелдиннің басшылығымен Орынбордан Семейге дейін жүріп өткен "Қызыл керуеннің" хатшысы болды. Петропавл уездік сотында жұмыс істеді.
   1932-37 жылдары Петропавлдағы Қазақстан Жазушылар одағының бөлімін басқарды.
   1938 жылы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
   Оның махаббат, адам өмірінің еркіндігі тақырыбына арналған әңгімелері қазақ ауылының өміріне арналған.

Библиография
Автордың шығармалары


Повестері: «Көн құрысса, қалпына барады», «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927-28).
Әңгімелері: «Болсаң болаттай бол», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айрығы», «Айжанның азабы», «Мырзалар», «Жүрек жұмбағы» және басқалары.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


1. Ақталған есімдер: саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректер мен естеліктер.- Петропавловск: "Северный Казахстан", 2008.- 464 б.
2. Казахстан: Нац. энциклопедия / [гл. ред. Б.Аяган].- А.: Қазақ энциклопедиясы, 2004.- Т. 1: А-В.- 2004.- 559 с.; ил.- Имен. Указ.: с. 535-556.- ІSBN 9965-9389-9-7.
3. Литература Казахстана: энцикл. справочник / М-во связи и информации РК, Ком. информации и архивов.- Алматы: Аруна; Қазығұрт, 2010.- 528 с.- (Мәдени мұра).
4. Северо-Казахстанская область: Энциклопедия / Гл. ред. Г. Анес; Ред. совет: Мансуров Т. А. (председ.) и др. [Ред.-сост. Пресняков С. М.]; Акимат СКО.- А.: Арыс, 2004.- 672 с.: ил., 48 л. ил.
5. Толағай тұлғалар: (Айсарин Ә. туралы) // Солтүстік Қазақстан.- 2005.- 29 сәуір.-9 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий