Скалковская (Платонова) Нина Павловна

16 августа 2012 - Администратор

 Скалковская (Платонова) Нина Павловна
(1927ж. туған)

   Скалковская (Платонова) Нина Павловна – 1929 жылы 11 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка селосында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, сыншы, публицист, қазақ жазушыларының көркем шығармаларын орыс тіліне аударған. Негізгі аудармалары – І.Есенберлиннің «Алтын аттар оянады», Т.Ахтановтың «Серый аист», Қ.Жұмаділовтің «Зов», Б.Аманшиннің «В степном городке», қазақ халық ертегілері (академиялық басылым, 3 т.) және басқалары. Аудармаларының көбі Алматыда және Мәскеуде жарыққа шықты. Ертегілері Венгрияда, Польшада, Чехословакияда қайта басылып шықты.
   1970 жылдан КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлігі үшін" медалімен, мерейтой медальдарымен, "Ұлы Отан соғысының ардагері" белгісімен марапатталған.
    Алматыда тұрады. Қырықтан астам ғылыми басылымдардың авторы.

Автордың шығармалары:


Скалковская Н.П. Формирование активной жизненной позиции будущего учителя.-А-А : Мектеп,1988.-104с.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Ключеров М. Будить человеческую память ( Очерк) // Простор.-2011.-№7.-С.178-186 (о Скалковской Н.П.)

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий