Мұстафин Бақыт

19 июля 2012 - Администратор

 Мұстафин Бақыт
(10.12.1937 – 24.09.2006)

    Мұстафин Бақыт Мүтәллапұлы 1937 жылы 10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. Еңбек орта мектебін 1954 жылы алтын медальмен тәмамдайды. Сол жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1959 жылы бітіріп шығады. 1959 жылдан 1962 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді. 1962 жылдан бастап 1964 жылға дейін «Тың өлкесі», «Лениншіл жас» газеттерінде жұмыс жасайды.1964 жылдан бастап облыстық «Ленин туы» газетінің қайтадан шығуына байланысты, осы газеттің бөлім меңгерушісі болып тағайындалады. 1977 жылдан бастап «Ленин туы» газетінің жауапты хатшысы қызметіне жоғарылатылады. 1980 жылдан бастап осы газет редакторының бірінші орынбасары болып, ал 1988 жылдан 2003 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.2003 жылдың желтоқсан айында құрметті зейнеткерлікке шықты. Бірақ ол өзінің шығармашылық жұмысын тоқтатқан жоқ. Өзі қызмет атқарған «Солтүстік Қазақстанға» және орыс тілінде шығатын «Северный Казахстанға» мақалаларын жариялап тұрды. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тіл және әдебиет институтындағы журналистика бөлімшесінің студенттеріне дәріс оқыды. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының бірнеше дүркін лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2001 жылы екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған.
    Жазушы, публицист Бақыт Мұстафиннің есімі облысымызға ғана емес, республикаға да кеңінен танымал. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан «Жәлел Қизатов» деген очеркі, 1976 жылы «Қазақстан» баспасынан «Жайнаған жер» деп аталатын очерктер жинағы, 1977 жылы «Жалын» баспасынан «Құрманғали Сұрағанов» деген очеркі, 1978 жылы «Қазақстан» баспасынан «Адам көркі еңбек», 1979 жылы «Қайнар» баспасынан «Диқан жолы», 1979 жылы «Жалын» баспасынан балаларға арналған «Тәтті сәбіз» әңгімелер жинағы, 1997 жылы Петропавл қаласында «Досыңды шақыр» әңгімелер жинағы,1985 жылы «Қайнар» баспасынан «Далам – дәулет ордасы», Петропавл қаласында 2005 жылы«Таза көңіл», 2007 жылы «Сарыала күзді сағыну» атты кітаптары жарық көрді.
   Бақыт Мұстафиннің балаларға арналған әңгімелері республикалық «Балдырған» журналында үнемі басылып тұрды, осы «Балдырған» журналы жариялаған конкурстарға қатысып, төрт дүркін жүлделерге ие болды. «Алғашқы қадам» атты әңгімесі орысшаға аударылып, 1982 жылы Ленинградта шығып тұратын жасөспірімдердің одақтық «Костер» журналының бірінші бәйгесін иеленді. Оның балаларға арналған әңгімелері «Тәтті сәбіз» деген атпен Алматының «Жалын» баспасынан1979 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Екінші балаларға арналған әңгімелері «Досыңды шақыр» деген атпен Петропавл қаласында 1997 жылы басылып шықты.Одан әрі еңбектері бірнеше жинақтарда басылды.Ал, жетпісінші жылдардың орта кезінен бастап жоғарыда аталған кітаптары бірінен соң бірі басылып шықты. Алғашқы «Жайнаған жер» атты очерктер жинағында тың игеру кезіндегі дала ерлерінің тынымсыз еңбегін, тұрмыс тынысын, қиын-қыстау кезеңдерін шеберлікпен сипаттайды. Ол қай шығармасында болмасын сол кездегі тұрмыс –тіршілікті, қарапайым адамдардың жан аямас адал еңбегін, құрғақ идеямен әсерлемей, кәдімгі қарапайым да, әдеби тілмен жазып халыққа жеткізіп отырды. Ол нарықтық заманды да, егемендікті де көріп кетті.Жаңа адамдар, іскер кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жайында қалам тартты.
   Бақыт Мұстафиннің шығармашылығына тоқтала келе, біз оның творчестволық жолы жан-жақты екенін байқаймыз. Бақыт Мұстафин өзінің шығармашылық жолында қос тізгінді қатар ұстаған қаламгер. Небір кестелі тілімен, орамды ойымен көзге түскен очеркист, публицист. Ол сонымен бірге әдебиеттің қысқа жанры әңгіменің шебері. Оның әр жылдары шыққан очерктер, әңгімелер жинақтарының қай-қайсысын алсаңыз да көркемдігімен ерекшеленіп тұрады. Содан да болар оның шығармалары бал шырындай өзіне тартып баурап алады. Мысалға академик жазушы Сәбит Мұқановтың балалық шағы өткен Жаманшұбар өңірі туралы жазған «Жайнаған жер» атты очеркін алайықшы. Ішкі толғаныстарға құрылған бұл дүниелікті тебіренбей оқу мүмкін емес. Аталмыш очерк кезінде облыстық, одан соң республикалық газеттерде жарияланды. Сол жылдары осы шығармасы үшін оған Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы берілді. Бұдан кейін де қаламгердің басқа да жазған деректі әңгімелері елеусіз қалған жоқ, ол барлығы төрт мәрте Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған. Оның очерк, публицистикалық толғаулары отыздан астам жинаққа еніп, республика баспаларынан кітаптары жарық көрді. Қаламгер аға қазақ балалар әдебиетінің алтын қазынасына өз туындыларын қосып кетті. Жас оқырмандар оның кітаптарын оқи отыра, отан, туған жер, достық, мәдениеттілік т.б. тәрбиелік маңызы бар дүниелерді таба алады.
Қорыта айтқанда Бақыт Мұстафин артына мол әдеби мұра қалдырған жазушы.

Библиография
Автордың шығармалары:
Жеке басылымдары:


Мұстафин, Б.Адам көркі еңбек: Очерк/ Б. Мұстафин.- Алматы: Қазақстан, 1978.- 40 бет.
Мұстафин, Б.Далам – дәулет ордасы: Очерктер/ Б. Мұстафин.- Алматы: Қайнар, 1985.- 151 бет.
Мұстафин, Б.Диқан жолы: Очерктер/ Б. Мұстафин.- Алматы: Қайнар, 1979.- 95 бет, суретті.
Мұстафин, Б.Досыңды шақыр: Әңгімелер/ Б. Мұстафин.- Петропавл, 1997.- 128 бет.
Мұстафин, Б.Жайнаған жер: Очерктер жинағы/ Б. Мұстафин.- Алматы: Қазақстан, 1976.- 120 бет.
Мұстафин, Б. Жәлел Қизатов: Очерк/ Б.Мұстафин.- Алматы: Жазушы, 1975.- 28 бет.
Мұстафин, Б.Құрманғали Сұрағанов: Очерк/ Б. Мұстафин.- Алматы: Жалын, 1977.- 28 бет.
Мұстафин, Б.Сарыала күзді сағыну: Очерктер мен әңгімелер, естеліктер/ Б. Мұстафин.- Петропавл, 2007.- 512 бет.
Мұстафин, Б.Таза көңіл: Очерктер/ Б. Мұстафин.- Петропавл, 2005.- 312 бет.
Мұстафин, Б.Тәтті сәбіз: Әңгімелер/ Б. Мұстафин.- Алматы: Жалын, 1979.- 56 бет.

Жинақтардағы жарияланымдары:


Мұстафин, Б. Биіктегі жалау: Очерк/ Б. Мұстафин// Ақ бидай.- Алматы, 1977.- 146-160 бет.
Мұстафин, Б.Керемет көктем: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Жыл он екі ай (Балаларға арналған әдеби календарь).- Алматы, 1979.- 50-51бет.
Мұстафин, Б. Намыс оты: Очерк/ Б. Мұстафин// Самғау.- Алматы, 1972.- 62-66 бет.
Мұстафин, Б.Терең тамырлар: Очерк/ Б. Мұстафин// Ерлік дастаны.- Алматы, 1979.- 80-92 бет.

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары:
Очерктері


Мұстафин, Б. Айналайын азаматым: Очерк/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1968.- 6 қараша.
Мұстафин, Б.Ана құшағы: Очерк (С.Байсарина туралы)/ Б. Мұстафин// Қазақ әдебиеті.- 1981.- 20 ақпан.
Мұстафин, Б.Бас бәйге: Очерк (Ж.Шәкіров туралы)/ Б. Мұстафин// Қазақ әдебиеті.- 1981.- 14 тамыз.
Мұстафин, Б. Ел ағасы: Р.К.Бекузаров туралы очерк/ Б. Мұстафин// Қазақстан ауыл шаруашылығы.- 1974. - №11.- 58-59 бет.
Мұстафин, Б.Күміс қоңырау (СҚО, Жамбыл ауданы, Жамбыл орта мектебінің директоры М. Басыбаев туралы очерк)/ Б. Мұстафин// Қазақстан мұғалімі.- 1972.- 1 қыркүйек.
Мұстафин, Б.Қатайған қанат: Очерк/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1976.- 23 сәуір.
Мұстафин, Б.Құрыш қайрат (Т.Мұстафин туралы)/ Б. Мұстафин// Жұлдыз.- 1981.- №1.- 188-194 бет.
Мұстафин, Б.Нұрлы шұғыла: Очерк ( Ғ. Мусина туралы)/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1977.- 4 қаңтар.
Мұстафин, Б.Сертке серт: Очерк/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1971.- 20 наурыз.
Мұстафин, Б.Таңдағы жұлдыз: Очерк/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1971.- 26 ақпан.
Мұстафин, Б.Теңіз лебі: Очерк/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1986.- 2 қазан.

Әңгімелері


Мұстафин, Б.Ақ боран: Әңгіме/ Б. Мұстафин//Ленин туы.- 1985.- 14, 19 наурыз.
Мұстафин, Б.Алғашқы қадам: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1982.- 30 маусым.
Мұстафин, Б.Болаттың ағасы: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1988.- 2 қыркүйек.
Мұстафин, Б.Боранды түнде: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1984.- 11 қаңтар.
Мұстафин, Б.Досыңды шақыр: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1986.- 4 ақпан.
Мұстафин, Б.Жақсы көрші: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1987.- 21 қараша.
Мұстафин, Б.Жаңбырдан соң: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1983.- 3 қыркүйек.
Мұстафин, Б.Жауынгер аманаты: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1970.- 3 наурыз.
Мұстафин, Б.Жылы жаңбыр: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1973.- 1 мамыр.
Мұстафин, Б.Кішкентай күзетшілер: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1983.- 27 шілде.
Мұстафин, Б.Көршілер: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1973.- 24 наурыз.
Мұстафин, Б.Қиын есеп: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1988.- 14 мамыр.
Мұстафин, Б.Қос басында: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1984.- 30 қазан.
Мұстафин, Б.Құрметті қонақ: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1983.- 29 қаңтар.
Мұстафин, Б.Қызыл жаға: Әзіл әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1969.- 12 қараша.
Мұстафин, Б.Қызыл машина: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1986.- 31 мамыр.
Мұстафин, Б.Қызыл шоқ: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1984.- 14 тамыз.
Мұстафин, Б.Мөлдір шық: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1972.- 1 мамыр.
Мұстафин, Б.Мың алғыс: Деректі әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1982.- 17 наурыз.
Мұстафин, Б.Сүйікті немере: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.-1984.- 5 сәуір.
Мұстафин, Б. «Төрге шық, ұлым»: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1970.- 9 мамыр.
Мұстафин, Б.Түнгі оттар: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1982.- 3 тамыз.
Мұстафин, Б.Тұлпардың тұяғы: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Балдырған.- 1976. - №10.- 20-21 бет.
Мұстафин, Б.Үлкен үй: Деректі әңгіме// Ленин туы.- 1987.- 10 желтоқсан.
Мұстафин, Б.Ұзақ жол: Әңгіме/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1972.- 1 сәуір.

Новелла. Публицистикалары


Мұстафин, Б.Құлпыра бер, жаз өлкем: Публицистика/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1970.- 21 тамыз.
Мұстафин, Б.Қызыл гүл: Новелла/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1972.- 6 қараша.
Мұстафин, Б.Тамаша таң: Публицистика/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1988.- 1 қаңтар.

Мақалалары


Мұстафин, Б.Ғабең ауылы: «Жаңажол» - кеңшарына Ғ.Мүсірепов аты берілді/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1986.- 9 , 11 қазан.
Мұстафин, Б. Дархан дарын: Академик жазушы Сәбит Мұқанов туралы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1980.- 31 мамыр.
Мұстафин, Б.Жарық жұлдыз: Социалистік Еңбек Ері, тігінші С. Байсарина туралы/ Б. Мұстафин// Қазақстан коммунисі.- 1974. - №6.- 73-77 бет.
Мұстафин, Б.Жас ғалымның аса ірі табысы: Жерлесіміз М.Айтқожин – Лениндік сыйлықтың лауреаты/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1976.- 24 сәуір.
Мұстафин, Б.Көктем қуанышы: Дербес зейнеткер, колхоздастыруға белсене қатысқан О.Қанапин туралы/ Б. Мұстафин// Қазақстан коммунисі.- 1970.- №4.- 75-76 бет.
Мұстафин, Б.Қазақ бұлбұлы: Роза Бағланова/ Б. Мұстафин//Ленин туы.- 1969.- 24 желтоқсан.
Мұстафин, Б.Туған жерде болғанда: Сәбит Мұқанов туралы/ Б. Мұстафин// Қазақ әдебиеті.- 1980.- 30 мамыр.
Мұстафин, Б.Шырқа шалқып, шуақты шаттық: Солтүстік Қазақстан обл. бірінші ән мерекесінен/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1988.- 15 маусым.

Әдеби-сын мақалалары


Мұстафин, Б.Ерлік дастаны: Жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатовтың «Өмір өткелдері» атты кітабы жайлы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1977.- 13 қаңтар.
Мұстафин, Б.Жарқырап келе жатқанда: Ермек Қонарбаевтың туғанына 50 жыл/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1988.- 22 қаңтар.
Мұстафин, Б. Жүйрік қалам құрғамас: Ғалым Малдыбаевтың шығармашылығы жайлы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1972.- 13 мамыр.
Мұстафин, Б.Жүрегі соққан жырында: Ақын А. Нұртазиннің туғанына 70 жыл толуына орай/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1978.- 15 маусым.
Мұстафин, Б.Жырлары тербеп жүректі: Жерлесіміз, ақын Е.Зікібаевтың творчествосы туралы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1986.- 5 маусым.
Мұстафин, Б.Кіреуке мерген: З.Иманбаевтың «Кіреуке мерген» атты әңгімелер жинағы жайлы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1973.- 11 желтоқсан.
Мұстафин, Б. Орман жырлары: Ахметжан Нұртазиннің «Орман сыры» атты өлеңдер жинағы туралы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1969.- 29 қараша.
Мұстафин, Б. Өлеңмен өрген өмірін: Ғалым Малдыбаевтың туғанына 85 жыл/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1987.- 29 мамыр.
Мұстафин, Б.Сыршыл жүрек жыршыл: Ахметжан Нұртазиннің «Полковник қызы» атты поэма мен өлеңдер жинағы жайлы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1967.- 29 қаңтар.
Мұстафин, Б.Тарлан тұғырында: Ақын Игібай Әлібаев туралы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1973.- 30 маусым.
Мұстафин, Б.Туған жер толғауы: Есләм Зікібаевтың «Ақ қайыңдар» атты поэма мен өлеңдер жинағына сын/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1975.- 7 маусым.
Мұстафин, Б. Халқы қадірлеген ақын: Халық ақыны Молдахмет Тырбиев туралы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1969.- 6 қыркүйек.
Мұстафин, Б. Халық жүрегінде: Ахметжан Нұртазиннің туғанына 80 жыл/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1988.- 2 шілде.
Мұстафин, Б. Шалқар шұғыласы: І. Омаровтың «Шабыт шалқары» атты жинағына сын/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1974.- 17 тамыз.
Мұстафин, Б.Шұғылалы сырлар: Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын С.Мәуленовтың «Шыңдағы шұғыла» деген кітабы жайлы/ Б. Мұстафин// Ленин туы.- 1973.- 24 мамыр.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет:


Бақыт Мұстафин// Солтүстік Қазақстан облысының ақындары мен жазушылары: Библиографиялық көрсеткіш.- Петропавл, 1981.- 31-34 бет.
Бақыт Мұстафинді 50 жасқа толуына орай құттықтауы// Қазақ әдебиеті.- 1987.- 18 желтоқсан.
Жазушы рухына тағзым. Бақыт Мұстафинге мемориалдық тақтаны ашу салтанатынан көріністер// Қызылжар нұры.- 2008.- 4 шілде.
Жүсіпова, А.Оқырман жүрегінен орын алған қаламгерге мемориалдық тақта орнатылды: Бақыт Мұстафинге/ А. Жүсіпова// Солтүстік Қазақстан.- 2008.- 30 маусым.
Қожахметов, Б.Тыңдағы толқындар: Б.Мұстафиннің «Жайнаған жер» атты жинағына сын/ Б. Қожахметов// Қазақ әдебиеті.- 1976.- 3 қыркүйек.
Құттықтаймыз!: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы секретариатының жазушы
Мұстафин Бақыт Мүтәллапұлы// Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/ Құраст. Қамшыгер С., Жұмашева Қ.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.- 282-283 бет.
Мұстафин Бақыт Мүтәллапұлы// Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005.- 382 бет.
Мұстафин Бақыт Мүтәллапұлы// Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия. – Алматы: Арыс, 2006.- 427 бет.
Омаров, Қ. Қаламы ұшқыр, ойы терең белгілі қаламгер Бақыт Мұстафин есімі ұмытылмайды/ Қ. Омаров// Солтүстік Қазақстан.- 2008.- 27 маусым.

Сүлейменов, Ж. Нұрлы жүрек [Мәтін] / Ж. Сүлейменов // Солтүстік Қазақстан. - 2017. - 9 желтоқсан
Ыбыраев, Ж. Очерк өрнектері: Б.Мұстафиннің «Жайнаған жер» атты очерктер жинағы жайлы/ Ж. Ыбыраев// Қазақ әдебиеті.- 1976.- 22 қазан.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий