Қалиев Ожан Амандықұлы

18 июня 2012 - Администратор

 Қалиев Ожан Амандықұлы

(1927 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы, Сарман ауылында туған) – журналист, жазушы.
Петропавл педагогикалық училищесін, ҚазПИ-ді бітірген (1956). Ұжымшарда, Баян орта мектебінде (1942-52), Петропавлда орта мектепте мұғалім болып істеді. 1957-69 жылдары облыстық «Ленин туы» газетінде (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
1970-86 жж. республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, кейін Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі. 1986 жылдан құрметті демалыста.
«Сыртолғау» өлеңдер жинағын, «Эхо времени» романын (2000) жарыққа шығарды.
Суретші-портретші. Медальдармен марапатталған.

Библиография
Автордың шығармалары


1. Қали О. Ой-Мысль – Петропавл: АО «Полиграфия», 2008. – 304 бет.
2. Қали О. Сыртолғау. – НПФ ӘКО, Павлодар. – 1998. – 315 бет.
3. Қали О. Ойтолғау. - Петропавл қаласы, 2004. – 438 бет.
4. Қали О. Повесть. Әңгімелер. Очерктер. – Петропавл, 2009. – 346 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий