Есләм Зікібаев

7 апреля 2020 - Садыкова А.

Есләм Зікібаев (5.06.1936 - 12.04.2002, Алматы) 5 маусымда Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Есіл ауданының Өрнек ауылында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолы «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде басталып, одан «Қазақстан әйелдері» журналында, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан»), «Жетісу» газеттерінде жалғасқан. Бұдан кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы, «Жалын», «Жазушы» баспаларының редакция меңгерушісі, «Кітап жаршысы» – «Друг читателя» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, «Ақиқат» журналының бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі болды.

Алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық жастар газетінде жарық көрген. Қазақстан Жазушылар одағының 1986–1996 жж. басқарма мүшесі болған.

Серб жазушысы Змайдың бірталай шығармаларын, башқұрт ақыны Ш.Бикколдың «Жүрегімнің жарығы», қырғыз ақыны Ж.Садықовтың «Тау жолы» жыр кітаптарын, түркмен жазушысы К.Құрбаннепесов шығармаларын, т.б. тәржімалаған. Оның өлеңдеріне біршама әндер жазылған.

2000 жылы Сәбит Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген мүшәйраның бірінші жүлдегері болды. 2002 жылы Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген ақындар мүшәйрасында арнайы сыйлық иемденді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай мемлекеттік медальмен марапатталды.
2002 жылы ақын өмірден өтті. 2004 жылы Үкімет қаулысымен Есләм Зікібаевтің аты Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының «Өрнек» орта мектебіне берілді.

Шығармалары: Ақ қайыңдар. Өлеңдер. «Жазушы», 1975; Аққуарман. Өлеңдер. «Жазушы», 1977; Мен космонавт боламын. Өлеңдер. «Жалын», 1978; Ақ қайнар. Өлеңдер. «Жалын», 1982; Ақ айдын. Алматы. 1980; Ақ сағым. Алматы. 1982; Алтын сағым. Өлеңдер. «Жазушы», 1985; Верую в людей. Стихи. «Жазушы», 1989; Құс ғұмыр. Өлеңдер.»Жазушы», 1992; Дүние жалған. Өлеңдер. «Аман» ЖШС, 1998; Арна. Өлеңдер. «Аман» ЖШС, 2001; Жыр тағдырым. Алматы 2003; Қас қағым сәт. Алматы. 2004; Армандай ғұмыр. Алматы. 2007; Өмір – бәйге. Астана. 2007.

 

"Жыры қалды жанының ұшқынындай" [Мәтін] : ақынныі жарымен сұхбат // Солтүстік Қазақстан. – 2018. – 5 маусым.- Б. 6

Қажыбай, Т. Еңселі ақынның есті жырлары /Т. Қажыбай //Жас қазақ.- 2016.- 10 маусым

 

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий