Қосшығұлов Мөртай

19 июля 2012 - Администратор

 Қосшығұлов Мөртай
(1924)

   Қосшығұлов Мөртай Аманбайұлы 1924 жылы 5 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Тауағаш ауылында туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
    1941 жылы орта мектепті бітіріп, колхозда есепші болып қызмет істеген.1942 жылдың күзінде әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1950 жылдың сәуір айына дейін Брест шекарасында қатардағы солдаттан застава бастығының орынбасарына дейінгі қызметтерде болған. 1950-1952 жылдары өзінің туған ауылында мұғалім болып қызмет істеген. 1956 жылы Алматының С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргеннен кейін (қазіргі ҚазҰУ), Петропавл юристік консультациясына адвокат болып орналасады. 1957-1970 жылдары Петропавл қаласында халық судьясы болып істейді.Осы жылдар ішінде детектив тақырыбына арналған шығармаларын жаза бастайды.Облыстық, республикалық газет- журналдарда әңгіме, повесть, очерк, мақалалары басылып тұрған. Бірнеше кітаптың авторы.Біраз уақыт Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында қызмет атқарды. Алматы қаласындағы Жетісу (бұрынғы Ленин) аудандық халық сотының төрағасы болған. 1976 жылдан 1984 жылға дейін Октябрь аудандық халық сотының судьясы болып жұмыс істеген.
    Қылмыс тақырыбына жазылған « Кім кінәлі», «Шындық сыры», «Өмір сүргім келеді», «Бұғалық» атты повесть, очерк, әңгімелері басылып шыққан. Сондай-ақ «Ақ күшікті қыз», «Екі жүректі куә», «Бөшкедегі сұлу», т.б, туындылары бар.
    Бірнеше рет жергілікті Кеңестің депутаты болып сайланған. Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен, медальдармен марапатталған

Библиография
Автордың шығармалары:
Жеке басылымдары:


Қосшығұлов, М. Бұғалық: Повесть және әңгімелер/ М. Қосшығұлов.- Алматы: Жазушы, 1989.- 224 бет: портр.
Қосшығұлов, М. Кінәлі кім? Судья жазбалары/ М. Қосшығұлов.- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1960.
Қосшығұлов, М.Өмір сүргім келеді: Әңгімелер/ М. Қосшығұлов.- Алматы: Жалын, 1983.- 120 бет: суретті.
Қосшығұлов, М. Шындық сыры: Судьяның дәптерінен/ М. Қосшығұлов.- Алматы: Қазақстан, 1973. -74 бет.

Жинақтардағы жарияланымдары:


Қосшығұлов, М. Қыз тағдыры/ М. Қосшығұлов// Жомарт өлке: Солтүстік Қазақстан жас ақын-жазушыларының шығармаларынан құрастырылған жинақ.- Петропавл, 1961.- 36-40 бет.

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары:


Қосшығұлов, М. Алыптағы озат: ТЭЦ-2-нің таңдаулы жұмысшысы В.П.Плишевская туралы/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1961.- 26 қыркүйек.
Қосшығұлов, М. Әбігерлік әлегі. Болған оқиға/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1968.- 17, 18 тамыз.

Қосшығұлов, М. Бала тартысы: Әңгіме/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1961. -12, 15, 17 наурыз.
Қосшығұлов, М. Балалар: Әңгіме/ М. Қосшығұлов// Жұлдыз.- 1970.- №10.- 100-103 бет.
Қосшығұлов, М. Бір түннің оқиғасы: Жауынгер дәптерінен/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1961.- 9 мамыр.
Қосшығұлов, М. Бұғалық: Повестен үзінді/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1985.- 23-24 шілде.
Қосшығұлов, М. Еңбеккер.Еңбек заңы. Судьяның запискаларынан/ М. Қосшығұлов// Социалистік Қазақстан.- 1965.- 23 маусым.
Қосшығұлов, М. Көкейдегі бірер сөз/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1961.- 17 қыркүйек.
Қосшығұлов, М. ҚРАС – қазақ тіліне қамқоршы/ М. Қосшығұлов// Алматы ақшамы.- 1992.- 2 қыркүйек.
Қосшығұлов, М. Мұхтар жөнінде; Мағжанмен қоштасу; «Тоқсан құлақ»; Асату: Естеліктер/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1990.- 27-28 қыркүйек, 2-4 қазан.
Қосшығұлов, М. Сазайын тартты: Сот залынан/ М. Қосшығұлов// Ленин туы.- 1969.- 25 қараша.
Қосшығұлов, М. Хабар өзімнен болсын: Сықақ әңгіме/ М. Қосшығұлов// Қазақ әдебиеті.- 1970.- 21 желтоқсан.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет:


Қосшығұлов Мөртай// Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005.- 335 бет.
Қосшығұлов Мөртай// Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/ Құраст. Қамшыгер С., Жұмашева Қ.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009.- 242 бет.
Қосшығұлов Мөртай// Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.- 354-355 бет.
Қосшығұлов Мөртай// Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2006.- 381 бет.
Мұстафин, Б. Қалам қайраты: Жазушы Мөртай Қосшығұлов туралы/ Б. Мұстафин// Солтүстік Қазақстан.- 1994.- 13 мамыр.
Шынайы суреткер: Мөртай Қосшығұловтың шығармашылығы туралы// Солтүстік Қазақстан.- 1994.- 13 мамыр.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий