Тасқара Иран Тасқараұлы

16 августа 2012 - Администратор

 Тасқара Иран Тасқараұлы
(1939)

   1939 жылы 11 наурызда Омбы облысының Тюкалинское ауданы Валуевское ауылдық кеңесінің Қожа ауылында туған. Ақын, сазгер, әнші.
  В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының кен факультетін бітірген (1962). 1962 жылдан – Қ.Сәтпаев атындағы Кен-металлургия комбинатының кен инженері. 1963 - 1965 жылдары – Қ.Сәтпаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинаты жанындағы аудандық комсомол комитетінің хатшысы. 1982 - 1994 жылдары – кәсіподақ комитетінің төрағасы, "Васильковский ГОК" ААҚ-ның сапа жөніндегі директорының орынбасары (Көкшетау қ.). Жезқазған қалалық Кеңесінің депутаты (1965–1967).
   Бүкілодақтық халық таланттары байқауының (1979), Республикалық халық таланттарының теледидар байқауының (1984), Республикалық ақын Кәкімбек Салықовтың сөздеріне жазылған әндерді орындау байқауының лауреаты (2004), "Батаменен ел көгерер" республикалық байқауының бас жүлдегері (2006), "Жаңа ғасырға – жаңа әндер" республикалық ақындар айтысының дипломанты (2000), Республикалық ақындар айтысына (1985), "Играй, гормонь!" бағдарламасына (1994) және т.б. қатысқан. Қазіргі уақытта ән шығармашылығымен айналысады.
   Иран Тасқараның өлеңдері мен әндері «Сағыныш» (1995) ( «Көкше вальсі», «Жез киік», «Мен келдім Көкшеге», «Көкше жолы», «Елге бар» атты шығармалары) жинағына енді. Ол «Көкше жолы» (1999), «Тербеткен ән-жыр өмірім» (2006) кітаптарының авторы. Ақын, әнші, сазгер ретінде өз өлеңдеріне және қазақ ақындарының өлеңдеріне 100 ән жазды, «Көкше әуені-1», «Көкше әуені-2» атты екі CD-диск шығарды, көкшетаулық сал-серілер Ақан Сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ және басқалардың әндерін, өзі шығарған әндерді насихаттап, концерттер ұйымдастырады. Оның өлеңдеріне жас сазгерлер Құрмет Сақай, Арман Ищанов, Ерлан Ташев ән жазды. 10 жасынан домбырамен ән салу өнерімен айналысып келеді, сол үшін сал-серілердің өнерін жалғастырушы ретінде "Иран сал" аталып кеткен.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:


Тасқара, И.Т. Тербеген ән-жыр өмірім: Арнаулар, өлеңдер,әндер/ И.Т. Тасқара; ред. Р.Ильящева.- Кокшетау: Кокше-полиграфия, 2006.- 192 бет.
Жинақтардағы шығармалары
Сағыныш: Жаңа әндер/ Құрастырған М. Мұхадиев.- Алматы: «Өнер», 1995.- 48-77 бет.
Электрондық ресурстар:
Тасқара, И. Көкше әуені-1: Әндері/ И. Тасқара.- Көкшетау: «Ақмола облыстық мәдениет басқармасы; Облыстық халық шығармашылық орталығы».- 1 электр. опт. диск. CD-ROM.
Тасқара, И. Көкше әуені-2: Астананың 10 жылдығына/ И. Тасқара.- Көкшетау: «Ақмола облыстық мәдениет басқармасы; Облыстық халық шығармашылық орталығы».- 1 электр. опт. диск. CD-ROM.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий