Бақтыбаев Степан Жәкішұлы

16 августа 2012 - Администратор

Бақтыбаев Степан Жәкішұлы
(1938)

   Бақтыбаев Степан Жәкішұлы 1938 жылы 25 шілдеде Ақтөбе облысының Байғожа ауданы Ажар ұжымшарында дүниеге келді.
  1955 жылы онжылдық мектепті бітіріп, педагогикалық институттың физика-математика факультетіне оқуға түсті. 1960 жылы институтты бітіргеннен кейін Көкшетау облысының Қызылту ауданына қарасты (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы) "Жаңа ауыл" кеңшарында мектепте физика және математика мұғалімі болып істеді. 1971 жылдан 1974 жылға дейін Кузбасс кеңшарында мектеп директоры болды. 1974 - 1980 жж. Көкшетау облысының Ленинград ауданында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы) партия комитетінде, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бірнеше рет Аудандық кеңес депутаты болып сайланды. 1986 жылдан "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
  Әдеби шығармашылықпен 1961 жылдан бастап айналыса бастады. Оның өлеңдері облыстық және республикалық газетте, балаларға арналған өлеңдері "Балдырған" журналында басылды. 2005 жылы "Күндерден өткен белгі көп..." атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Жинақтың негізіне мемлекетіміздің кеңес уақытынан бүгінгі күнге дейінгі саяси өмірі мен қалыптасуын бейнелейтін өлеңдері енді.
Еңбек ардагері. Қазіргі кезде құрметті демалыста.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:


Бақтыбаев, С. Күндерден өткен белгі көп...: Өлеңдер/ С. Бақтыбаев.- Талшық, 2005.- 220 бет.
Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары:
Бақтыбаев, С. Алыста қалған ардақтар - ұлт мақтанышы: Өлең/ С. Бақтыбаев// Дала дидары.- 2011.- 19 қараша.
Бақтыбаев, С. Әйтеуір тіршілікке ұмсынамын; Кетпе тек жаным қасымнан; Өмірді бүгінгі ұрпақ жалғастырар: Өлеңдер/ С. Бақтыбаев// Дала дидары.- 2009.- 4 шілде.
Бақтыбаев, С. Бүлдіршіндер ертеңгілігі кеш өткізілсе де аса тартымды болды: Өлең/ С. Бақтыбаев// Дала дидары.- 2010.- 3 сәуір.
Бақтыбаев, С. Ерекше күз: Өлең/ С. Бақтыбаев// Дала дидары.- 2009.- 24 қазан.
Бақтыбаев, С. Жаңа жыл келген қаңтарда қыс көрінісі қандай тамаша!: Өлең/ С. Бақтыбаев// Дала дидары.- 2010.- 16 қаңтар.
Бақтыбаев, С. Жаппай жүгіру - денсаулық кепілі: Өлең/ С. Бақтыбаев// Дала дидары.- 2011.- 24 қыркүйек.
Бактыбаев, С. Свои мысли поверяю чистому листу бумаги: Стихотворение/ С. Бактыбаев// Дала дидары.- 2011.- 23 апреля. 

Комментарии (2)
Zhanar-Alkuatova # 4 сентября 2013 в 10:29
Салеметсизбе?! Сизбен Айтмагамбетов Зинел хабарласкысы келеди
Zhanar-Alkuatova # 4 сентября 2013 в 10:36
Салембердик ата Сизбен Айтмагамбетов Зинел атам хабарласкысы келеди Ол киси сизбен бирге педпгогикалык институтта физика математика факултетинде окыган Атам сот номери 87013657357
Добавить комментарий RSS-лента RSS-лента комментариев