Әубәкіров Мақсұтжат Қозыбайұлы

16 августа 2012 - Администратор

 Әубәкіров Мақсұтжат Қозыбайұлы
(1938 - 1996)

  Әубәкіров Мақсұтжан Қозыбайұлы 1938 жылы 25 тамызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында туған. Журналист, жазушы, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарын ұйымдастырушы.
  С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1960). Еңбек жолын 1960 жылы Алматы облыстық "Жетісу" ("Коммунизм таңы") газетінде әдеби қызметкер болып бастады. 1963 жылы Қазақ КСР-інің радиохабар және теледидар жөніндегі Мемлекеттік комитетіне жұмысқа ауысты. Жиырма жылдан астам уақытын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыруға және дамытуға арнады. "Құрдастар" бағдарламасының бас редакторы және телерадиохабар комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
  1972-1979 жж. – үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан КП ОК теледидар жөніндегі секторының меңгерушісі. 1986-1990 жж. КСРО Орталық теледидар бағдарламаларының бас редакциясының бас редакторы болып жұмыс істеді.
  Әубәкіров "Қазақфильм" киностудиясының шығармашылық бірлестігінің бас редакторы болып жүргенде отандық киноны дамытуға жеке үлес қосты.
Он жылдан артық Әубәкіров отандық кино саласында еңбек етіп, "Өнер" (1980), "Қаржы-қаражат" (1993) баспаларын ұйымдастырды және жұмысын басқарды. 1994-1996 жж. Республикалық "Қазақстан" баспасының бас редакторы болып жұмыс істеді.
Әубәкіров – бір повесть пен романның авторы.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары


Әубәкіров, М. Бір үмітпен өмір сүр: Роман/ М. Әубәкіров.-А.: Қазақстан, 1998.- 528 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Аубакиров Максутжан Козыбайулы: [Крат. биогр. справка]// Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.-А.: «Арыс», 2006.- С. 159.
Әубәкіров Мақсұтжан Қозыбайұлы: [Қысқ. биогр. анықтама]// Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия.- А.: «Арыс», 2006.- 178 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий