Жалмурзенов Тайлақ Наушаұлы

15 августа 2012 - Администратор

 Жалмурзенов Тайлақ Наушаұлы
(1941)

   Жалмурзенов Тайлақ Наушаұлы 1941 жылы 10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Бірлестік ауылында туды. Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі (1970).
   Әскер қатарында болған, 1963 жылы "Лавровский" кеңшарының комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 1968 жылы аудандық газет редакциясының штатына қабылданды. Алматыда жоғары партия мектебін бітірді. 20 жылдан артық "Айыртау таңы" газетінде редактор болып істеді. Қазіргі кезде құрметті демалыста.
    Жалмурзенов Т.Н. – сегіз кітаптың авторы. Мағжан Жұмабаевтың 100 жылдығына арналған поэзиялық байқаудың лауреаты. Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1980), Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Құрмет грамотасымен, "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған. "Әнім сенсің, Сырымбет" кітабы үшін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, әдебиет саласына сіңірген еңбегі үшін Солтүстік Қазақстан әкімі сыйлығының иегері.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:


Жалмурзенов, Т. Азамат: Өлеңдер жинағы/ Т. Жалмурзенов.- Көкшетау: Көкшеполиграфия, 2006.- 27 бет.
Жалмурзенов, Т. Айыртау аясында/ Т. Жалмурзенов.- Көкшетау, 2002. - 152 бет.
Жалмурзенов, Т. Асылымызды аялайық/ Т. Жалмурзенов.- Көкшетау, 2004. - 76 бет.
Жалмурзенов, Т. «Әнім сенсің, Сырымбет»/ Т.Жалмурзенов.- Көкшетау: Полиграфия, 2005.- 125 бет.
Жалмурзенов, Т. Жұлдызды жырлар/ Т. Жалмурзенов.- Көкшетау, 2009.- 128 бет.
Жалмурзенов, Т. Тағдырлар тоғысында/ Т. Жалмурзенов.- Көкшетау, 2004.- 19 бет.
Жалмурзенов, Т. Тұғыры биік тұлғалар/ Т. Жалмурзенов.- Көкшетау: Кокшеполиграфия, 2004.- 110 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий