Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы

15 августа 2012 - Администратор

 УӘЛИХАНОВ Шоқан Шыңғысұлы
(1835-1865)

  Шоқан Шыңғысұлы, шын аты Мұхамед- Қанафия (1835, қазіргі Қостанай обл. Әулиекөл ауданы Құсмұрын конысы — 1865, Алматы обл. Алтынемел конысы) — көрнекті ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, фольклоршы. Орта Азия, Қазақстан және Шығыс Түркістан халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеген. Балалық шағы Сырымбет қонысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында өткен. 1847—53 ж. Омбы кадет корпусында оқыған. Оқып жүрген кезінде-ақ туған өлкесін, Шығыс елдерін зерттеуге қызығушылық танытқан. 1853 ж. Уәлиханов Сібір казактары әскерінде кызмет етуге жіберіледі, 1854 ж. — Батыс Сібір генерал- губернаторы Х.Гасфорттың адъютанты болған. 1955 ж. оның Орталық Қазақстанға, Жетісуға және Шығыс Қазақстанға (Тарбағатай) барған сапарына қатысады. Осы саяхат кезінде қазақ халқының тарихы, діні, санағы, құқығы, т.б. жайлы мәліметтер жинайды.

   Уәлихановтың қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына алдыңғы қатарлы демократ зиялылармен танысуы (С.Дуров, Ф.Достоевский, т.б.) үлкен ықпалын тигізді. 1856—57 жж. Алакөл көліне, Орталық Тянь-Шаньға, Ыстықкөлге, Құлжаға барған экспедицияларға қатысады. Уәлиханов аумақтың флорасы мен фаунасын зерттеген, Құлжада ол орыс — қырғыз саудасы мәселесін реттеп, жөнге келтірген және бұрыннан келе жаткан шекара шиеленісін бейбіт жолмен шешіп берген.

   Уәлиханов Қырғызстанда болып, алғаш ғылыми жұмыстарын жазады, қырғыздардың халық эпосы "Манастың" кейбір бөлімдерін орыс тіліне аударады. Уәлиханов саяхаттарының нәтижесінде жиналған мәліметтерді терең талдап, қорыту арқылы 1856—57 ж. "ЬІстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты жол очерктерін жазды. Уәлиханов еңбектері Орыс география қоғамының назарына ілініп, 1857 ж. Семенов Тянь-Шаньскийдің ұсынысымен ол осы қоғамның тұрақты мүшесі болып қабылданады. Ғылыми жұмыстарының тағы бір жаңа кезеңі Уәлихановтың Қашғарияға сапары (1858—59) болды, осы өлкеде жүргізген зерттеулерінің арқасында оның ғалым ретінде аты белгілі бола бастады.

   Уәлихановтың Қашғарияға барған сапарының нәтижесінде "Алты шаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхара) шығыстағы алты қаласының тұрмыс-жайы" деп аталатын тамаша еңбегін жариялап, онда Шығыс Түркістан халықтарының әлеуметтік, экономикалық құрылымы, тарихы мен этнографиясы, географиясы жөнінде құнды мәліметтер береді. Жаңа мәліметтері жан-жақты және кеңінен қамтылған бұл жұмыс орыс ғылымына қосылған үлкен үлес болды. Қашғарияға барған сапары туралы Уәлихановтың есеп беру жұмысы одан кейін де Қашғарияда сауда-саттық мекендерін орналастыруда, Қытайдың батысымен сауда және мәдени қарым-қатынастар реттеуде пай- даланылды. Уәлихановтың еңбектері неміс, ағылшын және француз тілдерінде жарияланды.

  Саяхатшы-ғалымның еңбегін Ресей және шет ел ғалымдары жоғары бағалады, ол ірі ғылыми еңбегі үшін Ұлы Владимир орденімен марапатталып, штабс-ротмистр дөрежесіне көтеріледі. 1865 ж. "География қоғамының жаңалықтарында": "Уәлиханов осы елдерде алғаш болған оқымысты адам деген атаққа ие болды" деп жазды. Уәлихановтың ойлары, алға қойған мақсат-жоспарлары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, т.б. қазақ ағартушыла- рының еңбектерінде жалғасын тапты. Уәлихановты мәңгі есте сақтау мақсатында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы шаруашылықтарға, білім, мәдениет орындарына, көшелерге, Көкшетау педагогикалық институтына, Қазақ КСР ҒА Тарих, археология және этнография институтына, №68 орта мектепке, Алматыда Алтынемелдегі (Алматы облысы) қабірінің басына ескерткіш-белгі қойылып, мемориалды кешен орнатылған (1985).
Қазақстан ҒА-ның Қоғамдық және географиялық ғылымдары саласында жеткен табыстары үшін берілетін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық және Бейнелеу өнері мен архитектура саласында берілетін Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлық (1966) белгіленді. Уәлихановтың құрметіне Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі бір шың оның есімімен аталады. ІІІығармалары 1961-72, 1984-85 ж. жарияланып, ол жайлы кино түсірілді ("Оның уақыты келеді", "Шоқан Уәлиханов"). Жазушылар Г.Марков пен С.Мұқанов ол туралы роман жазды ("Шыңға шығатындар", "Аққан жұлдыз"), И.Стрелкова "Тамаша адамдар өмірі" сериясымен шығарылатын "Ш.Уәлиханов" кітабын жазды.

   Уәлихановтың өмірінде Петропавл қаласы маңызды рөл атқарды. Ол Ресейдегі достарымен хат алысқанда бұл қаланы өзінің тұрақты тұрғылықты жері ретінде көрсетті. Қалада он шақты рет больш, жергілікті кітап саудасының, тігін шеберханаларының және тұрмыстық қызмет түрлерін пайдаланды. Ең бастысы Петропавл қаласында оның достары және пікірлестері болды. Ұлы жерлестерін есте мәңгі сақтау мақсатында солтүстікқазақстандықтар бір ауданға (Уәлиханов ауданы), ауылға және облыс орта- лығындағы орталық көшеге Уәлихановтың есімін берді. Айыртау ауданында Шоқанның әжесі Айғанымның қорымы қалпына келтіріліп, қазіргі уақытта ол туып-өскен жерде Ш.Уәлихановтың мемориалды мұражайы ашылды.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:


Уәлиханов, Ш. Алтышаһарға сапар/ Ш. Уәлиханов.- Алматы: Атамұра, 2006.- 304 бет. (Атамұра кітапханасы)
Уәлиханов, Ш. Көп томдық шығармалар жинағы/ Ш. Уәлиханов.- Алматы: Толағай групп, 2010.-.- (Мәдени мұра)
Уәлиханов, Ш. Таңдамалы/ Ш. Уәлиханов.- 2-бас.- Алматы: Жазушы, 1985.- 560 бет.
Уәлиханов, Ш. Таңдамалы/ Ш. Уәлиханов; Орысшадан аударған Ә. Ипмағанбетов.- Алматы: Жазушы, 1980.- 414 бет.
Уәлиханов, Ш. Сот реформасы жайында жазба/ Ш. Уәлиханов; Кіріспе мақаласы мен ескертулерін жазған С.Ф.Ударцев.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 116 бет.: суретті.- (Саяси және құқықтық ой-пікірлер тарихының інжумаржандары)
Уәлиханов, Ш. Шығармалары/ Ш. Уәлиханов; Құраст. С. Ақтаев.- Алматы: Ана тілі, 2010.- 320 бет.- (Меретойлық әдебиет)

Уәлиханов Шоқан. Собрание сочинений. - 3-е изд. Том 5. / Составители: Б.Е. Кумеков, В.Н. Настич, В.К. Шуховцов. - Алматы: Издательство "Алатау", 2018.-544 с.
Валиханов, Ч.Ч. Собрание сочинений/ Ч.Ч.Валиханов: В 5-ти т.- Алма-Ата: АН КазССР, 1961-1972.
Валиханов, Ч.Ч. Собрание сочинений/ Ч.Ч.Валиханов: В 5-ти т./ [Редкол.: А.Х. Маргулан (отв. ред.) и др.; Биогр. очерк А. Маргулана].- Алма-Ата: Казахская советская энциклопедия, 1984-1985.
Валиханов, Чокан Чингисович. Собрание сочинений. Том 1. / Ч.Ч. Валиханов. – Алматы: Алатау, 2010.- 432 с.

Валиханов, Чокан Чингисович. Собрание сочинений. Том 2. / Ч.Ч. Валиханов. – Алматы: Алатау, 2010.- 420 с.

Валиханов, Чокан Чингисович. Собрание сочинений. Том 3. / Ч.Ч. Валиханов. – Алматы: Алатау, 2010.- 432 с.
Валиханов, Ч.Ч. Избранные произведения/ Ч.Ч. Валиханов.- Алма-Ата: Казгосиздат, 1968.- 643 с.
Валиханов, Ч.Ч. Избранные произведения/ Ч.Ч.Валиханов/ [Редкол.: А.Х. Маргулан (отв. ред.) и др.; Предисл. А.Х. Маргулана]; АН КазССР, Ин-т истории, археологии и этнографии им. Ч.Ч. Валиханова.- М.: Наука, 1986.- 413 с.
Валиханов, Ч.Ч. Избранные произведения/ Ч.Ч.Валиханов; МОН РК, Ком. науки, Ин-т истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова; Сост. С.Ф. Мажитов и др.- А.: Арыс, 2009.- 584с.
Валиханов, Ч.Ч. Записки о судебной реформе/ Ч.Ч. Валиханов; Вступ. ст. и примеч. С.Ф.Ударцева.- 2-е изд., доп. и испр.- А.: Жеті жарғы, 2004.- 112с.: ил.- (Жемчужины истории политической и правовой мысли).
Валиханов, Ч. Ч. Смерть Кукотай хана: Статьи и заметки/ Ч.Ч. Валиханов; Международный клуб Абая.- Семипалатинск, А.: Дәуір, 2001.- 256 с.- (Б-ка журнала «Аманат»).
Валиханов, Ч.Ч. Статьи. Переписка/ Ч.Ч. Валиханов; Вступ. ст. и примеч. Х. Айдаровой.- Алма-Ата: Казгосиздат, 1947.- 151 с.
Валиханов, Ч.Ч. Этнографическое наследие казахов/ Ч.Ч. Валиханов.- 2-е изд., доп.- Астана: Алтын кітап, 2007.- 291 с.: ил.- (Б-ка казахской этнографии: Т. 1)

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Жеке басылымдар


Бессонов, Ю.Н. Ішкі Азияға саяхат: Ш.Ш. Уәлиханов және Г.Н. Потанин/ Ю.Н.Бессонов; Аудар. В.Я. Якубович.- Алматы: Казгосиздат,1951.- 87 бет.

Ермекбай Ж.А. Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы. - Нур-Султан: «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ баспасы, 2020. - 276 б.
Қанафияұлы, Н. Ұлы дала және Шоқан: Ғылыми-көпшілік очерк/ Н. Қанафияұлы.- Алматы: Өнер, 1997.-104 бет.
Қанафияұлы, Н. Шоқан – әдебиетші, публицист: зерттеу/ Н. Қанафияұлы.- Алматы: Қазақстан, 1998.- 184 бет.
Өтениязұлы, С. Шоқан мен қайта кездесу/ С. Өтениязұлы.-Алматы: Қазақстан, 1990.- 240 бет.
Стрелкова, И.И. Шоқан/ И.И. Стрелкова; Аудар. Қ. Құрманғалиев.- Алматы: Жалын, 1985.- 320 бет.

Чокан Валиханов: Энциклопедия/ [Сост. Абуев К.К. и др.].- Кокшетау: РИК «Әрекет», 2010.- 512 с.
Чокан Валиханов: Аннот. указ. лит.- Алма-Ата: Казахстан, 1967.- 217 с.
Ч.Ч. Валиханов: Аннот. указ. лит./ Гос. б-ка КазССР им. А.С. Пушкина; [Сост. Нусупбекова Б.К. и др.].- Алма-Ата: Казахстан, 1985.- 287 с.
Чокан Валиханов в воспоминаниях современников.- Алма-Ата: Казгосиздат, 1964.- 221 с.
Чокан Валиханов и современность: Сб. материалов Всесоюз. науч. конф., посвящ. 150-летию со дня рождения Ч.Ч. Валиханова [18-19 сент. 1985 г./ Редкол.: Ж.М. Абдильдин (отв. ред.) и др.].- Алма-Ата: Наука КазССР, 1988.- 318 с.
Валиханов, Ш. Белые ночи Чокана: Драмы/ Ш. Валиханов.- Семей: Междун. клуб Абая, 2005.- 206 с.- (Б-ка журнала «Аманат»)
Сатпаева, Ш.К. Чокан Валиханов и русская литература: Историко-филолог. очерки/ Ш.К. Сатпаева.- Алма-Ата: Жазушы, 1987.- 184 с.
Стрелкова, И.И. Валиханов/ И.И. Стрелкова.- М.: Мол. гвардия, 1983.- 284 с.: ил.- (Жизнь замечательных людей).

Мерзімді басылымдардағы жарияланымдары


Уәлиханов, Ш. «Сүйер ұлын болса сен сүй»: Ш. Уәлиханов түралы/ Әңгімелескен Ө. Мұқай// Парасат.- 2004.- № 16.- 19 бет.
Абенов, К. Разведывательная тропа Шокана/ К. Абенов// Страна и мир.- 2005.- 15 июля.- С. 8.
Алмуханова, Р. Валиханов – знаток антики: Чокан Валиханов хорошо знал античную литературу/ Р. Алмуханова// Известия.- 2010.- 4 авг.- С. 10.
Балтабаева, Г. Вершины Чокана/ Г. Балтабаева// Северный Казахстан.- 2010.- 13 июля.- С. 5.
Валиханов, Ш. «Предки, с вами я в ближнем кругу»: Родословная Ч. Валиханова/ Ш.Валиханов// Байтерек.- 2006.- № 4.- С. 8.
Данова, А. Принц, офицер, ученый/ А. Данова// Провинция.- 2010.- № 4.- С. 8.
Жакупова, Д. Секретная миссия Шокана Валиханова/ Д. Жакупова// История Казахстана: преподавание в школе и вузах.- 2007.- № 11.- С. 81-86.
Жангабылов, К. Первый художник Степи: Чокан Валиханов как художник/ К. Жангабылов// Казахстанская правда.- 2010.- 30 апр.- С. 18.
Женихова, Е. Первая и вечная звезда ковыльных степей: [Открытый урок о судьбе Шокана Валиханова]/ Е. Женихова// Русская словесность в школе.- 2011.- № 1.- С. 13-17.
Каминский, А. Жизнь – как молния: Центрально-Азиатское географическое общ-во. Ч. Валиханов/ А. Каминский// Экспресс К.- 2006.- 19 авг.- С. 6.
Кравцов, В. Негаснущий метеор: Чокан Валиханов – известный и незнакомый/ В. Кравцов// Аргументы и факты.- 2011.- № 1-2.- С. 21.
Кусайынұлы, К. Казахский султан Чокан Валиханов и его военный подвиг/ К. Кусайынұлы// Мегаполис.- 2010.- 1 нояб.-С. 20.
Кусайынұлы, К. Кашгарская «Одиссея»/ К. Кусайынұлы// Мысль.- 2010.- №12.- С.71.
Муканова, Г. Промелькнувший метеор: к 175-летию Ш. Уалиханова/ Г. Муканова// Провинция.- 2010.- № 4.- С. 6.
На «площади Назарбаева»: Дом, где жил Ч. Валиханов в Омске. Памятник// Аргументы и факты. Казахстан.- 2007.- № 10.- С. 6
Наурызбаев, К. Вселенная Чокана Валиханова: [Междун. науч.-практ. конф. «Чокан Валиханов и гуманитарная наука XXI века»]/ К. Наурызбаев// Юридическая газета.- 2010.- 10 нояб.- С. 6.
Петровский, А. Путь Чокана: Презентационный тур по маршрутам экспедиций Чокана Валиханова/ А. Петровский// Казахстанская правда.- 2007.- 20 сент.- С. 6.
Салтыков, К. Остроумие Чокана Валиханова/ К. Салтыков// Нива.- 2004.- № 8.- С. 120-126.
Сексенбаева, М. «Как блестящий метеор…»: Ч. Валиханов/ М. Сексенбаева// Страна и мир.- 2006.- 3 февр.
Тлеукабылова, Р. Чокан Валиханов – ученый представитель казахской степи и всей Азии/ Р. Тлеукабылова// Евразийское сообщество.- 2005.- № 3.- С. 145.
Шимырбаева, Г. Сокровища Чокана/ Г. Шимырбаева// Казахстанская правда.- 2008.- 1 февр.- С. 12.
Шынбаева, А. Наследники Чокана/ А. Шынбаева// Астана.- 2008.- № 2.- С. 60-61.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий