Орынбай Бертағыұлы

18 июня 2012 - Администратор

 Орынбай Бертағыұлы
(1813-1891)

   Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Егіндіағаш ауылында туған. Аягөзде қайтыс болған. Айтыскер, ақын, жырау, әнші сазгер. Әкесі Байқожа, арғы атасы Бертағы ақын, жыршы болған. Орынбай ел ішінде Қарауыл Орынбай ақын деген атпен мәлім.
   Шығармаларында өз дәуіріндегі әлеуметтік мәселелерге үн қосып, болыс, аға сұлтан сайлауындағы әділетсіздікті әшкереледі. Жырларында билік басына қалталылардың келіп жатқанын ашық айтты. «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес», «Тұлпар бар ма тұяғы майырылмаған», «Өлген соң бай мен жарлы мал демейді» т.б. Сондай-ақ «Адамның жаратылуы туралы, «Қырық парыз», «Бұл дәурен тұрар ма екен сіздерге ұдай», «Жүз жұлдыз» атты толғаулары діни танымда жырланған. Орынбайдың «Жазы биге», «Шоң биге айтқаны», «Алсай Құрақбайға айтқаны» секілді арнаулары бар. Ол Ш. Уәлиханов өмірден қайтқанда көңіл айтып, өлең шығарған («Уа, Шыңғыс, Зейнеп ханым көтер басты»). Орынбай өз тұсында Жанақ, Балта, Шөже, Тоғжан, Серәліқожа, Арыстанбай, Шортанбай, Сақау, Қожабек, Кемпірбай, Тезекбай, Өтеулі, Дана, Байкөкше, Нұркей, т.б. ақындармен айтысқан. Поляк саяхатшысы А. Янушкевич Орынбайдың Жанақ ақынмен Аягөзде өткен айтысын таңданыспен суреттесе (1846), тегеурінді дарын иесі Шал ақын ақындардың төресі атаған. Орынбай ақынның Ерден батырды мақтаған сөзі Ыбырай Алтынсарин құрастырған «Киргизская хрестоматия» (1879) оқулығында жарияланды.Шоқан Уәлиханов «Қазақ халықтық поэзиясының түрлері жөнінде» деген зерттеуінде ақын өлендерінің құрылымын, жүйесін талдады.
Библиография:


Жинақтардағы басылымдары:
Орынбай Бертағыұлы. Өлеңдер // Бес ғасыр жырлайды:Т. 2.- Алматы, 1984.- 57-63 бет.
Орынбай Бертағыұлы. Ерденге; Орынбай ақынның маймаққа айтқаны// XIX ғасыр әдебиеті: Алтынші кітап.- А.: Ана тілі, 1992.- 69-72 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер:


Ахатұлы Н. Орынбай ақынның әдеби мұрасы.- Алматы, 2007.- 70-75 бет.
Валиханов Ч. Собрание сочинений: т. 1.- Алматы, 1961.- 76 бет.
Қазақстан: Ұлттық энциклопедия: Т. 7.- Алматы, 2005.- 202-203 бет.
Орынбай Бертағыұлы: [Крат. биогр. справка]// Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия.- А.: "Арыс", 2006.- 470 бет.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері.- Алматы, 1967.- 246-250 бет.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы, 2006.- 513-517 бет.
Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті.- А: Ана тілі, 1992.- 92-98 бет.

Орынбай Байкожаулы: [Крат. биогр. справка]// Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- А.: "Аруна", "Қазығұрт", 2010.- С. 386.
Орынбай Бертагыулы: [Крат. биогр. справка]// Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.- А.: "Арыс", 2006.- с. 430.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий